Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту әдістері
Оқыту процесінің мазмұндық компоненті – білім беру мазмұны. И. Я. Оқытудың мұндай түрінде барынша сенімдік қарым-қатынас іске асады; баланың жеке ерекшеліктерін ары қарай зерттеу мүмкіндігі мен оны есепке алуға қол жеткізіледі; оқытудың мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, қарқыны дараланады. Оқыту әдістері – педагог пен балалардың өзара байланысты іс әрекет тәсілдері, оның барысында бала қажетті әлеуметтік тәжірибе мазмұнын меңгереді. Әдістердің өзіндік түрі мен нұсқалылығы әдістің элементі ретінде оны жүзеге асыруға жеке қадам жасауды қамтамасыз етеді. Г. М. Коджаспирова және А. Ю. Коджаспиров оқыту әдістерін педагог пен балалардың бірізді, өзара байланысты, білім мазмұнын меңгеруді, ақыл-ой мен қабілетті дамытуды, өздігінен оқу және білім алуды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі деп қарастырады. Оқыту әдістері оқытудың мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын белгілейді. Оқыту әдістері іс-әрекет құрылымына қарай жіктеледі, олар: - балалардың оқу-таным іс-әрекетін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері (сөздік, көрнекі, практикалық, индуктивтік және дедуктивтік, репродуктивтік, продуктивтік және проблемалық-ізденіс, балалардың өздігінен жұмыс істеу әдістері); - балалардың оқу-таным іс-әрекетін мотивациялау және ынталылық тудыру әдістері (танымдық ойындар, ойын жаттығулары, өмірде кездескен жағдайларды талдау, баланың тәжірибесіне сүйену, жетістікке жету жағдайын жасау, педагогикалық талап, мадақтау, ұялту, бетіне басу); - балалардың оқу-таным іс-әрекетінің нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері (заттармен жұмыс істеу, сөз сөйлеу тапсырмалары, диагностикалық тестілер, балалардың жұмыс өнімдерін талдау, байқау). Л. С. Выготский лингвистикалық (ауызша және жазбаша сөз сөйлеу), семиотикалық (таңбалар, символдар, шартты белгілер, кестелер, схемалар), паралингвистикалық (дене қимылы, бет әлпет қимылы) құралдар деп бөледі. Date: 2016-05-14; view: 2443; Нарушение авторских прав |