Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дене шынықтыру сабақтарында балаларды ұйымдастыру тәсілдері





Балабақшадабалаларды шынықтырудың әдістемесі 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Мақсаты: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.

3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері - балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен жүру және т.б.

Негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен — алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады.

Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар орындалады.

Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-6 минөт, негізгі бөлім — 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2—3 минөт. Әрбір бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.

Тәңертеңгілік гимнастика - балабақшада күнделікті өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.Гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:

а) бұлшық ет топтарынг жан-жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты белсенді қызмет атқаруын;

ә) дұрыс тұлға қалыптсістыруын;

б) жаттығулар құрылысы балаларға таныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;

в) көңіл - күйлерін көтеретін;

г) өткізетін орынға сәйкес болуын ескеру қажет.

Қозғалмалы ойындар. Әр түрлі қозғалыс мазмұнындағы қозғалмалы ойындар күнделікті балалар серуенге, таза ауата шыққан кезде орындалады. Ол ойындар балалардың қозғалыс белсенділіктерін арттырады, көңіл күйлерін жақсартады. Қозғалмалы ойындардың мазмұнына жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, еңбектеу және басқа қозғалыс әрекеттері кірсді

Билет







Date: 2016-05-14; view: 2396; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию