Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балаларда сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету





Санап үйрену -бір заттардың жалпы санын анықтай білу деген сөз. Санаудың негізгі элементтері мыналар: 1.Сан есімдерді ретімен атау; 2. Әрбір сан есімді жиынның тек бір ғана затына сәйкестеу; 3.Қорытынды санның мәнін ұғып алу, яғни санағанда соңғы аталған және соңғы объектіге қатысты аталған сан, сондай ақ, саналған жиынға да қатысты болатынын және жиын элементтерінің жалпы санының көрсеткіші болып табылатынын түсіну. Санау іс әрекетінің мақсаты - қорытынды санды табу, ал ол мақсатқа жету жолы сан есімдерді ретімен атау және оларды жиынның әрбір элементіне сәйкестеу болып табылады. Олай болса, балаларды санау нәтижесін санап шығу процесінен ажырата білуге үйретуді әрі қарай жалғыстыру керек.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден - затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Билет

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру; 2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру; 3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру; 4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,ойыншықтарды,түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану; 5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Балаға алдына қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беру. Ұзақ мерзімге жоспар жасап беру (тұқым себу, оны өсіру, өсіп-өнуін бақылау).

Балаға бір күннен артық уақытқа жауапкершілік жүктеу (жануарларды қоректендіру).

Баланы себебі мен нәтижесі көрінетін іс-әрекетпен айналыстыру (тұқым сеуіп, өсіп-өнуін бақылау).

Балаға себеп-салдар байланысты көрсету, түсіндіру және анықтау мүмкіндігін жасау (гүлді өсіру үшін нені білу керек).

Баланың күш-жігерін жергілікті жердегі проблемаларға аударуға мүмкіндік беру (ластау, қоқысты шашып тастау).

Балаға серуенде айналаны бақылау нәтижесін көрсете білуге көмектесу (суреттер, заттар), өз бақылауларын суретке түсіруін мадақтау.

Қоршаған ортаны оқып-үйренуде барлық сезім мүшелерінің көмегіне сүйену мүмкіндігін жасау (табиғаттағы дыбыстарды тыңдау, жәндіктерді бақылау және т.б.).

Тірі табиғат объектілерінің өсуі және олардағы өзгерістер жайлы әңгімелер оқып беру.

Балаға жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты түстерінің өзгеруі туралы әңгімелеп, суретін көрсету.


Тұқым сеуіп, балалармен бірге болып жатқан өзгерістерді бақылау.

Балаларға топырақты бақылауға мүмкіндік беріңіздер.

Балалармен бірге қоршаған ортаны зерттеңіздер.

Балаға гербарий құрастыруға көмектесу (жапырақтар, бақалшақтар).

Мүмкіндігінше мұражайға, не болмаса табиғатпен байланысты орынға (планетарий, т.б.) бару.

Табиғаттағы өзгерістерді анықтау, зерттеу және суреттей білуге көмектесу.

Баламен бірге топырақтың қасиеттерін тексеру.

Балаға белсенді түрде тексеріп көру мен рефлексия арқылы «неге?» деген сұраққа жауап табуға көмектесу.

Күнделікті өмірде болжауды қолдана отыра, баланы көрсету, түсіндіру және әрекет жасауға қатыстыру (тұқымның өніп шығуы).

Затты сипаттай отыра, жанды, не жансыз екенін анықтауға көмектесу.

Өсімдіктерді, жануарларды немесе адамдарды сипаттауға мүмкіндік туғызу (Мына ағаш қандай биік болып өсіп кеткен).







Date: 2016-05-14; view: 3922; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию