Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыптық жоспар. Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»





М.ғ.д, профессор Төлебаев Қ.А.

______________________

Ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Пән «Нефрология» блогы, «Балалар нефрологиясында

визуальды диагностикалау әдісі»

Интернатура бағыты бойынша «Балалар аурулары»

Оқу сағаттарының көлемі: 45 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 15 сағат

ОИӨЖ: 15 сағат

СӨЖ 15 сағат

Курс: VII

Семестр 13-14

Бақылау түрі: Емтихан

 

Алматы, 2015

 

Жұмыс бағдарламасы №10 нұсқау хатқа сәйкес 2006 ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Балалар аурулары» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрылған.

 

Жұмыс бағдарламасы нефрология модулінің жиылысында талқыланды,

«__» __________ 2013 ж., №_____хаттамасы

 

Модуль жетекшісі, м.ғ.д., профессор

Кабулбаев К.А

 

___________________________

 

 

Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ балалар аурулар білім беру бағдарламалары Комитетінің отырысында талқыланды, «__» __________ 2015 ж., №_____хаттамасы

 

Төрайымы
м.ғ.д., доцент Божбанбаева Н.С.

________________________

 

 

Жұмыс бағдарламасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесінде талқыланды

 

«_____» ____________2015ж., №____хаттамасы

 

Әдістемелік Кеңестің төрағасы

м.ғ.д., профессор Төлебаев К.А

 

___________________________

 

 

Жалпы мәліметтер

1.1 ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина

Университеті

1.2 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина», Педиатрия

1.3 Кафедра: Нефрология модулі

1.4 Дисциплина: Нефрология. Балалар нефрологиясында визуалды

диагностикалау әдісі

1.5 Оқу сағатының көлемі (кредит): 45 сағат (соның ішінде аудиторлық – 15 сағат, ОИӨЖ –

15 сағат, ИӨЖ – 15 сағат)

1. 6. Курс және семестрVII курс, XIII-XIV семестр

 

Бағдарлама

Кіріспе

Бүйрек ауруларын заманауй диагностикалау: алынған нәтижелерді дұрыс талдай білу, ажырату диагностикасына түзетулер еңгізу, патология нәтижесін тиімді емдеуге көмектеседі. Дәрігерлік көмек амбулаторлы-емханалық деңгейінде науқасты аурухананың мамандандырылған бөлімшесіне жатқызуда алғаш рет диагностикалау, бүйрек патологиясының созылмалы және қолайсыз болжамының алдын алуда ең басты орын алады.

Тәжірибелік дәрігерлер жұмысының принціпі, көрсеткіштер мен зерттеуден алынған қарапайым нәтижелерді оқуға дағдылану, хаттамаға енгізілген диагностика және жаңа инновациялық әдістерді білуді қажет етеді. Қазіргі уақытта медицина тәжірибесінде визуальды диагностикалау әдісі кең түрде қолдануда, оның ішінде сәулемен диагностикалау берік орын алған. Тәжірибелік дәрігерлерге көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлерін жүргізу техникасын білу сәулемен диагностикалаудың басқада түрлерімен ажыратуға мүмкіндік береді. Балалар нефрологиясы мамандығын дайындауда маңызды көрсеткіші сәулемен диагностикалау әдісін интеріндерді үйретуге негізделген.

2.2 Мақсаты: балалардабүйрек зақымдалуы кезіндегі, несеп жүйесі ағзаларының құрылымы мен қалыпты өлшемдерін, туа пайда болған ақаулар мен қабыну кезіндегі өзгерістердің сипатын анықтауда сәулемен диагностикалау әдістеріне сараланған тәсілдерге білім мен машықты қалыптастыру.

 

2.3 Оқытудың міндеттері:


1. Білім қалыптастыру:

- несеп жүйесі ағзаларының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, жасқа байланысты өлшемі мен орналасуын білу

- балалар нефрологиясында визуалды диагностикалау әдісін қолдана білу

-УДЗ аппаратымен жұмыс жүргізу қағидасы. Балаларда ультрадыбыс, датчикті қолдану әдісін ұғу.

-бүйрек паренхимасының қалыпты және патологиясын өлшемі мен құрылымын, орналасуын анықтау.

- УДЗ ақпаратты бағалауын сәулемен диагностикалаудың басқа әдісітерімен салыстыру

2. Машықтар дамыту:

- анамнез жинау және бүйрек аурулары бар балалард клиникалық тексеру бойынша

- клиникалық диагнозды негіздеу және зерттеу алгоритмін құрастыру.

- УДЗ несеп жүйесі ағзасы нәтижесін талдау және бағалау

3. Коммуникативті дағдыларға үйрету:

- баламен, оның ата-анасымен және туыстарымен максимальді сенімді қарым-қатынас орнатуды.

4. Науқасқа мына ақпараттарды берудің құқықтық дағдыларын қалыптастыру:

- ақысыз медициналық көмек алу, медициналық мекемені таңдау еркіндігі құқығын

- АМКҚҚ ақысыз медициналық көмек зерттеу оның ішінде визуалды әдісін алуға құқылы

- жоғары мамандандырылған ем және кеңес алу құқығы.

5. клиникалық конференцияларда, профессорлық шолулар мен клиникалық талдауларда баяндамалар жасау. у

Өзін-өзі жетілдіруге мотивацияны дамыту: өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасау, зерттеу жұмысы.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім қалыптастыру:

· Несеп жүйесі ағзасы ауруларының визуалды диагностикалау әдісі.

· Балаларда жасына байланысты қуықтың және қалыпты бүйрек өлшемдері, құрлымы және орналасуы.

· Түрлі патологиялық жағдайлар кезіндегі зерттеу нәтижелерінің ауытқуларының сипаты

· Рентген, ультрадыбыстық, радинуклиарлық зерттеу әдістерінің көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

Машық қалыптастыру:

· Науқастың анамнезін жинау, клиника-лабораторлық диагностикалау әдісінің нәтижесін бағалау

· Сәулемен диагностикалау әдісін қолдануда зерттеу жоспарын құру

· Визуалды зерттеу әдісін қолдану нәтижесінде бүйректің жағдайын бағалау

Коммуникативті дағдылар қалыптастыру:

· Командада жұмыс істеу

· Баламен, оның ата-анасымен, туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату.

Құқықтық дағдылар қалыптастыру:

· Бала мен оның ата-анасына ақпарат беру:


- зерттеу әдісінің негізгі қағидаларын түсіндіру

- ақысыз медициналық көмектің көлемі туралы

- жоғары мамандандырылған нефрологиялық көмек алудың жолдары туралы.

Өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру:

· өз бетінше баланы жүргізу, сырқатнаманы талдау, аурудың ағымының ерекшеліктерін анықтау

· өз бетінше әдебиетпен аналитикалық жұмыс

· шолулар мен конференцияларда науқастарды баяндау

· көрсетілімдер

· сұлба, алгоритмдер, кестелер құру.

 

2.4 Пререквизиттер: бакалавриаттағы нефрология, бала аурулар пропедевтикасы

 

2.5 Постреквизиттер: бала аурулары бойынша интернатураның 2-ші жылы.

 

 

Тақырыптық жоспар







Date: 2016-06-09; view: 526; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию