Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүкті әйелдің көктамырынан RW және ЖИТС қан алу





Мақсаты- RW және ЖИТС зерттеу үшін көктамырдан қанды қалай алу керектігін студентке үйрету.

Көрсетулері –жүкті әйелді әйелдер консультациясында тексеру.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары – бір реттік шприц, стерилді науа, стерилді шариктер, стерилді пинцет, резеңке бұрау, сүрткі немесе орамал (бұраудың астына), 70 % этил спирті, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, ауыз-мұрын жапқыш, штатив, контейнер немесе бикс, сабын.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның қажеттілігін, мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелді үстел қасына отырғызыңыз, оның білегін үстел үстіне қойыңыз («жатқызуға» да болады).

3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды және ауыз-мұрын жапқышты киіңіз.

5. Бір реттік шприцті ашыңыз, оны жинаңыз, ауасын шығарыңыз.

6. Науаға қақпақшасымен салыңыз.

7. Әйелдің иығына резеңке бұрауды салыңыз, олардың ортасына сүрткіні

немесе орамалды қойыңыз.

8. Көктамырды табыңыз.

9. Тесетін жерді спиртпен әртүрлі шариктермен екі рет тазалаңыз, оларды дезерітіндіге тастаңыз.

10. Сол қолдың үлкен саусағымен болжамалы тесетін жерден төмен көктамырды бекітіңіз.

11. Теріні тесіп көктамырға еніңіз.

12. Мікбасты (поршенді) жай өзіңе тарта отырып, 5-7 мл қан алыңыз.

13. Бұрауды шешіңіз.

14. Көктамырдан инені тартып алыңыз.

15. Тесілген жерге спиртпен мақта тығынды салыңыз, әйелден, оны сәл 3-5 минутқа (қан ісіктің алдын алу) қысып ұстауын сұраңыз.

16. Инені шығарыңыз, оны науаға дезинфекция үшін тастаңыз.

17. Шприцтегі қанды пробирканың қабырғасына қарай жайлап жіберіңіз.

18. Пробирканы тағанға орналастырыңыз, оны нөмірлеңіз.

19. Шприцті дезинфекциялаңыз.

20. Көз жеткізіңіз, егерде тесілген жерден қан шықпаса, онда әйелге білегін жайуға ұлықсат етіңіз.

21. Биохимиялық зертханаға тасымалдау үшін тағанды контейнерге немесе бикске орнатыңыз.

22. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

23. Қолдарыңызды жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

24. Зерттеуге жолдама жазыңыз.

 

Date: 2016-06-09; view: 906; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию