Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Здік сімдіктерінің септелу үлгісі





Септік өзім өзің өзіңіз өзі
АІ өзім өзімнің өзің өзің-нің өзіңіз өзіңіздің өзі өзі-нің
Б. Т. Ж. Ш. К. өзіме өзімд і өзім-де өзім-нен өзім-мен өзің-е өзің-ді өзің-де өзің-нен өзім-мен өзіңіз-ге өзіңіз-ді өзіңіз-де өзіңі-ден өзіңізбен өзі-не өзі-н өзі-нде өзі-нен өзі-мен

 

Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.

Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі.

Жақ өзім өзің өзіңіз өзі
І мен өзіммін өзіңмін өзіңізбін өзімін
Біз өзімізбіз өзіңбіз өзіңізбіз өзіміз
ІІ сен өзімсіқ өзіңсің өзіңізсің өзісің
сендер өзімсіңдер өзіңсіңдер өзіңізсіңдер өзісіңдер
Сіз өзімсіз өзіңсіз өзіңізсіз өзісіз
сіздер өзімсіздг.р өзіңсіздер өзіңізсіздер өзісіздер
ІІІ ол өзім өзің өзіңіз өзі
олар өзім өзің өзіңіз өзі

Кейде өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігі мен зат есіммен де тіркесіп қатар жұмсалады. Мысалы:

мен өзім айттым біз өзіміз айттық

сен өзің айттың сендер өздерің айттыңдар

сіз өзіңіз айттыңыз сіздер өздеріңіз айттыңыздар

ол (бала, Ахмет) өзі айтты олар (балалар) өздері айтты

Өз есімдігінен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзімен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис аркылы жазылады.

Жалпылау есімдігі. Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).

Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).

Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.

Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекеңдік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов). Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай болымсыздық есімдігі қандай (менмендік)? деген сұракқа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (каратпа)? деген сұракқа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты)? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А).

Белгісіздік есімдігі. Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көнілде алаң басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.

Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар. 1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. б.) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жок, бастай бер, Әлденеге бастайсыз (А). Әлдеқайдан гармон үні, ән сазы естіледі (Қ. Токаев). Әрқашан күн сөнбесін... Директор біреумен сөйлесудің алдында кезінен қөзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев). Кей құрбы бүгін тату, ертең бату (А).

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте.анықтауыш қызметтерін атқарады. Мысалы: Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлпріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған (Мүст). Біреудің кісі өлсе, қаралы ол... (А). Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап (А). Әсемпаз болма әрнеге (А). Берілген сөйлемдерде біреулер деген көптік және атау септік жалғауларында тұрып, кім (өлшеп, қазып үлгіріп)? деген сұракка жауап беріп, қайсыбіреулері деген көптік, тәуелдік және атау септік тұлғасында тұрып, кім (қалқитып та алған)? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр, біреудің белгісіздік есімдігі ілік септікте тұрып, кімнің (кісісі)? деген сұракка жауап беріп, анықтауыш болып тұр. Кейбіреуге, әрнеге дегендер барыс септікте тұрып, кімге (тиіп кетті)? неге (әсемпаз болма)? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше, біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп (А.) Иә, шынын айту керек, бір ерекшелігі мұндағы әрбір қызметкердің бір-бір көмекшісі бар екен (Қыдырбекұлы). Саяси сабақтан қолы бос кездерін пайдаланып, тағы да бірнеше модель жасады. (Шаймерденов). Мол күш тоғысқан майдан өмірінде өлім әр адамға әр түрлі жағдайда кездесіп жатады. (Қ. Токаев). Берілген сөйлемдерде белгісіздік
есімдіктері қай (жігіт?— кейбір), қай (қызметкердің?— әрбір), қанша (модель?— бірнеше), қай (адамға?— әр) деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш болып тұр.

Белгісіздік есімдігінің бұл түрі кейде тәуелденіп, септеліп келіп, заттанып, атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде толықтауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Кейбірі пірге қол берген, Іші — залым: сырты — абыз (А). Нариманның бұндай қылығының қайсыбірін айтып түгесейін (Аманшин). Берілген сөйлемдерде кейбірі Шм қол берген?) атау септікте бастауыш, қайсыбірін (нені айтып түгесейін?) — табыс септікте толықтауыш қызметін атқарып тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сейлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау оның маңындағы қалың орман әлдеқашан артта қалған. (С. С.). Жасы үлкен, денесі кең Сергей Петрович әрқашан осылай балаша қуанады, балаша ренжиді (Ғ.Мұст). Колхозға жете берістегі ылдидан зырғаған шана екпінінен гулей соққан жел ару сөзін қағып алып, әлдеқайда алып кетті (Саин).

Берілген сөйлемдерде әлдеқашан (қашан артта қалған?), әрқаіиан (қашан қуанады, ренжиді?), әлдеқайда (қайда алып кетті?) деген белгісіздік есімдіктері пысықтауыш болып тұр.

Date: 2016-02-19; view: 875; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию