Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сан есімнің түрлері





Сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалдық, бөлшектік түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалса да, түрлену жүйесі емес, мағыналық топтары болып саналады.

1 .Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2.Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе – ншы, -нші, дауыссызға бітсе – ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-нша, жүз отыз бес-інші, т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі.

1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -ішні, -ншы,-нші жұрнағының орнына дефис қойылады. Мысалы: Ол 6-қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т.б.

2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. Мысалы: ҮІ класс оқушылары жиналыста отыр. Біз ІҮ үйде тұрамыз.

3.Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті деген есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы –ы,-і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу – екеу, алты-ау – алтау, жеті-еу – жетеу.

Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да, заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.

4.Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтаға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады.

1) есептік сандарға – лаған, -леген,-даған, -деген, -таған,-теген, -лап, -леп, -дап, -деп, -дай, -дей, -тай, -те й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған, мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай, т.б.

2)есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т.б.

3) есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген.

4)Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңға тарта, отызға жақын, т.б.

5.Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдері дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден, т.б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден) қосарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) қолданылады.

6.Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан еісмдер жай бөлшек және ондық бөшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік санның бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10), т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек, т.б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2,3), бес бүтін төрт жүздік (5,04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т.б.

Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды. Сөйлемдегі қызметі жағынан сан есімдер сын есімдерге ұқсас болып келеді.

1.Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ ( жұмбақ)

2.Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А.). Біз екеу едік.(Б.М.)

3.Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төтеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал).

4.Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.). Біз екі-екіден бөліндік.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал).

6.Сан есім зат есіммен я қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш түрлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды.

Date: 2016-02-19; view: 3593; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию