Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөз таптарының шығуы мен дамуы





Әрине, көрсетілген 10 сөз табының тілімізде, сөйлеу процесінде алатын орны, атқаратын қызметі біркелкі емес. Олардың әрқайсысының ұқсас топтардан айқындылығы, ажыратылу шегі, түрлену жүйесі, жетілу дәрежесі де бірдей емес. Жалпы тілдің өзі тарихи құбылыс болғандықтан, оның грамматикалық топтарының бірі сөз таптары да тарихи құбылыс, олардың қалыптасып, дамып отыру жүйесі бар.

Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады. (М.ГП) Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. Әрине, бұл процесте сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, орналасу тұрғысының да әсері бар. Өйткені сөздер, бір жағынан, сөйлемдегі орын тәртібі арқылы (бұл сөздердің белгілі тәртіппен орналасуының, қолданыла-қолданыла келіп тұрақталуы негізінде қалыптасады), екінші жағынан, белгілі сөздермен тұрақты синтаксистік қатынас жасап, грамматикалық сипаты айқындалу арқылы белгілі грамматикалық мағыналарға ие бола бастайды. Сол жалпы грамматикалық мағыналарының негізінде сөздер жеке-жеке грамматикалық топтарға яғни сөз таптарына жіктеле бастайды. Тілдің көне балаң шағында сөз таптары бүгінгідей бір-бірінен грамматикалық тұлғалары арқылы да, семантикалық сипаты арқылы да онша ажырап тұрмаған. Ол кезде грамматикалық тұлғалардың деривациялық қызметінің өзі дамымаған, тіпті грамматикалық тұлғалар қалыптаспай тұрғанда сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы таза аналитикалық жолмен ғана байланысқан. Жіктеу есімдіктерінің Орхон-Енисей жазбаларының тілінде баяндауыш қызметіндегі сөзбен қайталанып тіркесуі, бір жағынан, олардың әлі жіктік жалғауға толық айналып бітпегенін, екінші жағынан, белгі бір сөздің жалпы грамматикалық мағыналарын қалыптастыруда сөздердің қосымшасыз, орны арқылы белгілі қызметте қолданылғанын көрсетеді.

Сөз жоқ, алдымен саралана бастаған – есімдер тобы мен етістіктер. Бұл топтардың өзі сөйлеуде қызметтері, орын тәртібі арқылы ажырап отырған. Есімдер субъект (субстант), объект есебінде, сөйлемнің соңындағы сөздер предикат қызметінде жұмсалып, көпшілік жағдайда бір сөздің өзі әрі есім ұғымында, әрі қимылдық ұғымды орын тәртібіне қарай білдіріп жұмсала берген. Тілімізде қазір омоним деп танылып жүрген, түркі синкретизмі деп аталатын құбылыс яғни есім-етістік негізгі түбірлер осының айғағы болса керек: көш (керуен) - көш (бір жаққа көшу), той (думан, ас беру) - той (тойып тамақ ішу), тоң (қатқан жер, кесек) -тоң (қалтырау, тоңу), ық (жел тимейтін жақ) -ық (желдің ағымымен кету), ой (төмен, ойпаң жер) - ой (жерді қазу), жау (май, көздің жауын алды немесе жаубүйрек, жау жұмыр дегенде, көне түрі: йағ-май) -жақ (майлау, сөз соңындағы ғ дыбысы есім сөзде у дыбысына айналған, етістікте қатаң қ дыбысына ауысқан) сөз, (ақырын, жайлап: тез байығаннан сөз байыған қайырлы деген мәтелде) – сөз (тарту, ұзарту), түт (төбеге, бұрыштарға шаң-тозаңның жиналып қалуы) – түт (майдалау, жүн түту) т.б.

Демек, сөйлемдегі қызметі мен орын тәртібінің тұрақталуы арқасында ең алдымен есім (негізінен зат есім) және етістік сөз топтары қалыптаса бастаған. Сөйлемнің бірінші позициясындағы сөздер зат атауы мен оның алуан түрлі сипаттарын белгілейтін жалпы грамматикалық мағыналарға ие болып, сөйлемнің соңындағы сөздер сол есім сөздердің әр түрлі қимыл, іс-әрекеттерін білдіретін жалпы грамматикалық мағыналарға ие бола бастаған. Көне жазбалардағы сөйлемдердің қазіргі тілмен әсіресе жазба тілмен салыстырғанда өте қарапайым, құрылысы жағынан көбіне жалаң, жай болып келетіні осымен байланысты болса керек.

Есімдер тобы мен етістіктердің сыртқы түр-тұлғасы ерекшелене бастайды да, түркі синкретизмі құбылысына алып келеді. Кейін келе грамматикалық түр-тұлғалар (олар көбіне көмекші сөздердің негізгі сөздер шылауында тұрақты қолданылу непзінде қосымшаларға айнала бастайды) есімдерге де, етістіктерге де жалғана бастайды: кейбір жағдайда есімге де, етістікке де ортақ жалғанса (жоғарыда айтылған қосымша, омоним қосымшалар талдауын қараңыз), енді біразы заттық ұғымға, зат атауының алуан түрлі қасиеттерін білдіретін ұғым атауларына бір түрлі қимылды білдіретін сөздерге басқа түрлі болып жалғанып қалыптасады. Тіл дамуының келесі бір сатысында есімдердің өздері өз ішінде саралана бастайды: зат атауын білдіретін сөздер бір грамматикалық топ болып қалыптасып, өзіндік түрлену жүйесі, парадигмалық сипаты қалыптаса бастайды, сонымен бірге заттың әр түрлі белгісін сындық қасиетін білдіретін сөздер (сын есім) бір бөлек, сандық белгісін білдіретін сөздер (сан есім) бір бөлек, қимылдың әр түрлі белгісін (амалын, сынын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін т.б.) білдіретін сөздер (үстеу) бір бөлек, негізгі сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер (есімдік) бір бөлек қалыптасады.

Сондай-ақ жеке сөздердің әрі сын есім (жаңа үй), әрі үстеу (жаңа келді) болуын немесе әрі зат есім (фильмнің соңы), әрі үстеу (соң келді) және оның септеулікке, одан қосымшаға айнала бастау процесін көруге болады: барғаннан соң - барған соң -барғасын т.б. Сонымен бірге сын есім мен сан есімнің прономилданып, есімдікке, адвербилданып үстеуге айналуы (бір, біреу, бірге: бір адам, бірге-бірді қос т.б. және бір қара көрінді, біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, бірге жүреді), етістіктің, бір жағынан, сын есімге (құттықтау сөз, жа-нар май, сүзеген сиыр, қабаған ит т.б.), екінші жағынан, үстеуге (айнал-а, лық-а, әдей-і, жорт-а, өт-е, ас-а т.б.) айналып отырғанын көреміз және бұл процестің тіл дамуының барысында әрдайым болып отыратынын да байқаймыз.

Сөйтіп, сөз таптарының туып, қалыптасып, дамуын схемалық түрде былай көрсетуге болар еді:

Есім сөз   Қимылды білдіретін сөз
зат есім   етістік

 

сын есім сан есім   етістіктің ерекше тұлғалары

 

есімдік   үстеу

шылау

 

Қазіргі тілімізде синкретті бір буынды түбірлердің орын алып отыруы көне тілдік құбылыстың көрсеткіштері мен қалдықтары болса, белгілі бір топ қосымшалардың әрі есім түбірге, әрі етістік түбірге бірдей жалғанып, омоформалық қатар құрауы да көне тілдік құбылыстың көрінісі. Бұның өзі, бір жағынан, қазақ тілі грамматикалық құрылысының даму процесін, тенденциясын көрсетсе, екінші жағынан, қазақ тілін көне түркі тілімен жақындастыра, жалғастыра түседі.

Date: 2016-02-19; view: 3124; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию