Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорындарда салықтық тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері мен бағыттары





Кезеңдер Салықтық талдаудың негізгі бағыттары мен олардың мазмұны
    Абсолюттік салықтық нүктемені талдау     Салыстырмалы салықтық жүктемені талдау.     Салықтар бойынша кәсіпорын борыштарын талдау 1.1 Зерттеліп отырған кезеңдегі кәсіпорынның төлеген салықтарын талдау 1.2 Салықтық төлемдердің динамикасымен құрылымын факторлық талдау. 2.1 Жалпы салықтық жүктеменің құрылымын талдау 2.2 Салықтық жүктеменің жалпы коэффициенттерін, талдау. 2.3 Экономиканың жекелеген салаларының ерекшеліктеріне байланысты коэффициенттерді талдау. 3.1 Салықтар бойынша кәсіпорын қарыздарының құрылымын талдау. 3.2 Салықтар бойынша кәсіпорын қарыздарының динамикасын талдау. 3.3 Төленетін салық сомасы мен салық бойынша қарыздардың ара қатынасын талдау.  

Төлеу циклында баптардың бірі «Жеке тұлғалардың табыс салығы» болып табылады. Аударылуға тиісті соммасы «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шотының кредиті «Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шотының дебетімен корреспонденцияда тексеріледі. Бұл жерде көңілді жеке тұлғаның жылдық жиынтық табысын дұрыс есептеудің дұрыстылығына көңіл бөлу керек, ол еңбек ақы түріндегі табыс ретінде, кәсіпкерлік қызметтен табыс, мүліктік табыс ретінде қалыптасады, сонымен қатар егер салық соммасы артық ұсталынса, оның дұрыс қайтарылуына көңіл бөлу керек. Табыс салығын бірқалыпты ұстау үшін коэффициенттерді дұрыс есептеуді тексеру қажет.

Бюджетке аударылуы тиісті қосылған құн салығының аударымдарының дұрыстығын тексеру кезінде өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін есептелген ҚҚС соммасының және сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленуге тиісті ҚҚС соммасының арасындағы айырмашылықты дұрыс есептелуін тексеру керек.

Акциздік (жанама) салықтар, олардың ерекше табыстылық статусына байланысты ерекше тексеруді талап етеді. Олар тізімі өкілетті органдармен бекітіледі. Оларға арақ-шарап өнімдері, темекі бұйымдары, бірінші қажеттілік заттары болып табылмайтын өнімдері жатады. Акциздердің ставкалары ҚР Министірлер кабинетімен бекітіледі. Практикада өнімнің шығарылуының барлық партиясы көрсетіле есептік құжаттар бермейді, осы салықтың түрінен бас тарту үшін акциздік белгілер заңсыз жолмен алынады, сәйкесінше аудитор бұндай жағдайларға жол бермеу керек. Тексеруден «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шоты «Акциздік салық» субшоты өтеді.

ҚР-да салықтың түрлері жеткілікті көп, олардың әр қайсысы өзінің есепке алу және ұсталу тәртібіне байланысты тексерудің әр түрлі ерекшеліктеріне ие. Оларға: құнды қағаздармен операциялардың салықтары, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары және төлемдері, жоғары пайданың салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарының салығы, табыс салығы, және де бюджеттен тыс төлемдердің аудиті жатады.

Салықтық төлемдемдерді есептеу мен төлеу кезінде нормативтік салықтық актілердің және оларға енгізілетін өзгертулердің өте үлкен көлеміне, бухгалтерлік персоналдың біліктілігінің төмендігіне, сату бойынша операциялардың дер кезінде және толық көрсетілмеуіне, салықтар сомасын есептеу кезінде жіберілген арифметикалық қателерге тағы басқа себептерге байланысты ауытқулар кездеседі.

Салықтық төлемдерді есептеу дұрыстығын тексеру үшін аудитор ең алдымен оларға байланысты терминдерді анық білуі қажет. «Бухгалтерлік табыс» - табыстан ұсталатын салалықты шегергенге дейінгі заңды тұлғаның қарапайым қызметі мен төтенше жағдайлардан алған табысы және зияны. «Салық салынатын табыс» - салық заңдылығына сәйкес анықталатын есепті кезеңдегі табыс немесе зиян сомасы.

Бұларды дұрыс анықтай білу үшін аудитор ең алдымен кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын зерттейді, яғни табысты анықтау әдісін (кассалық және есептеу), амортизацияланатын мүліктің салықтық есебіне, тмқ бағалау әдістеріне, амортизация есептеу әдісіне көңіл бөледі.

Тексеру кезінде қайта есептеу, қарама-қарсы тексеру, операциялардың заңдылығы тұрғысынан тексеру әдістері қолданылады.

Аудиторлық тексерудің жалпы бағдарламасын келесі схемадан көруге болады. Осы схемаға сәйкес тексеру барысында келесі жағдайлар бақылауға алынады:

-салық декларацияларындағы көрсеткіштердің бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігін тексеру;

- Талдамалық және топтамалық шоттар бойынша салық салу базасы анықталады

- салық салу базасының қалыптасуына әсер ететін қаржылық шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс және толық көрсетілуі.

- тауар алмастыру операциялары бойынша тауар бағаларының дұрыс қолданылуы

- заң талаптарымен қарастырылған салық ставкаларының жеңілдіктердің дұрыс қолданылуын тексеру

 

Date: 2016-01-20; view: 899; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию