Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Йымның қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің аудиті





Қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі қысқа мерзімді банк несиелері бір жылға дейінгі мерзімге беріледі. Яғни, есепті жылдың соңына дейін берілетін несиелер жатады, мәселен артылып жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін, ол нақты құжат айналым уақытына тең болғандықтан, 30 күннен аспауға тиісті. Шаруашылықтың қысқа мерзімге банктен несие алуға ғана емес, сондай-ақ банктен тыс мекемелерден осындай мерзімге займдар алуына да құқық берілген.

Қысқа мерзімді несиелерді, займдарды (қарыздарды) алуға және оларды сөндіруге байланысты есеп айырысу- несиелеу операциялары, ұзақ мерзімді несиелерді (займдарды) алу және оларды сөндіру операциялары сияқты шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің типтік жоспарының 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімшесінің 3010 "Қысқа мерзімді банк несиелері", 3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" және 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" шоттарында тиісті аралық шоттар ашу арқылы жүргізіледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым - қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым - қарызға алынған соманы көрсетеді.

Қысқа мерзімді несиелердің, займдардың аналитикалық есебі несиелердің, займдардың түрлері оларды берген банктер, мекемелер және басқа да несие берушілермен жүргізіледі.

Банктің сенімді клиенттерге олардың шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығынан жоғары сомаға қысқа мерзімді несие түрі - овердрафт және мерзімінде өтелмеген банк несиелері жеке көрсетеді.

3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар" шотының аналитикалық есебі займ берушілер және займды сөндіру мерзімі бойынша жүргізіледі.

Қысқа мерзімді зайымдар көбінесе вексельдер түрінде коммерциялық несие және серіктестіктерге берешек қарыз міндеттеме сипатында болады.

Алынған қысқа мерзімді несиелердің, займдардың ұйымның есепті кезеңге жасаған балансында дұрыс көрсетілгендігіне аудит жүргізгенде, аудитор алдымен мынадай мәселелерді анықтап алуға тиісті:

- несие қандай мақсатқа жұмсалған және бұл мақсаттардың несие алу шартының талаптарына сәйкестігін;

- несиені қамтамасыз етуге немесе кепілдік құрамына енген ұйымның активтерін;

- несиенің толық және дер кезінде сөндірілгендігін (банк көшірмесі бойынша);

- жасалған шартқа сәйкес несиеге қойылған пайыздардың дұрыс төленгендігін;

- несие қойылған пайыздың өнімінің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына дұрыс ендірілу ережелерінің сақталғандығын;

- басқа мекемелерден, ұйымдардан алынған займның заңдылығын және негізділігін, олардың уақытылы толық және дер кезінде сөндірілгендігін;

- 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" аралық шот бөлімшесінің шоттары бойынша журнал-ордер № 4 және бухгалтерлік баланстағы жазулармен синтетикалық және аналитикалық есептегі жазуларына сәйкес дұрыс жүргізілгендігін.

Бухгалтерлік баланстың 3000 "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер" бөлімінде 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі" бабы келтірілген. Осы бап бойынша тексеру жүргізген кезде аудитордан ұзақ мерзімді несиелердің аналитикалық есеп бойынша, займдардың сөндірілу мерзімін және негізділігін анықтауды талап етеді.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің алынуы мен қайтарлуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» шоттарында жүргізіледі. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады. Олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субъект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар: 1040, 1050, 1070, ал кредиттелетін шоттар: 3010 – 3020. Несиенің қайтарылуы жағдайнда аталған 3010 – 3020 шоттар дебеттеліп, 1040, 1050, 1070 шоттары кредиттелінеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебі міндеттемелерді берген банктердің түрлері бойынша және кредиторлар бойынша жүргізіледі. Аудиторға мыналарды тексеру керек:

- Міндеттеме үшін төленген пайыздардың дұрстығын және олардың кезеңдік шығндарға дұрыс апарылғандығын;

- 3010-3020 шоттар бойынша №4 журнал ордер, баланстағы синтетикалық және аналитикалық шоттардың дұрыстығын,

- 3020 шотының аналитикалық есебінің мәліметтерін тексеру;

- Шығарылған облигацияларды қайтару және үйлестіріп тарату, вексельдердің төленуі және берілуі, қызметкерлер үшін алынған міндеттемелерді және т.б.байланысты операцияялар 3050 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» шотымен тексеріледі.

Жүргізілген тексеруддің нәтижесі кәсіпорында қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебінің жүргізілмейтінін немесе нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға банкілік немесе банк мекемелерінен тыс міндеттемелер бойынша пайыздарының есептелуінің дұрыстығын дер кезінде әрқашан да тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып, содан кейін банк банк міндеттемелері бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығын және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек.

Date: 2016-01-20; view: 1355; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию