Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілермен есеп айырысу аудиті және аудит бағдарламасы





Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ТМҚ жеткізіп берушілер және әр түрлі қызмет көрсететін кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындармен көбінесе банк арқылы төлем жүргізіледі, төлем келісім түрде анықталады. Есептесудің бірнеше формалары бар: акцепті, аккредитивті, чек арқылы, тапсырылған төлем ретінде, весель т.с.с.

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесуі туралы мәліметтің көрсетілуі 3310 «Мердігерлер мен жеткізуші алдындағы қысқа мерзімді қарыз» шоты арналған, сол шоттың кредиті бойынша сатып алынған ТМҚ, сыртқы айналымды активтері: 1310, 1330, 1350, 2410, 2730. Корреспенденцияланған шоттармен байланысты.

Жабдықтаушыдан ТМҚ жеткізуші келісімсіз келуі мумкін, фактуроланбаған жеткізілім деп атайды. Құндылығы «Материал алу туралы акт» бойынша кіріске енгізіледі. Жабдықтаушы құжаттарының түсуі кезінде шоттың есебі әдеттегі жазумен өткізіледі, ал ертерек болған жазуды бухгалтерлік анықтаманың мақсаты ретінде масақтайды.

Тауарды шикізаттарымен материалдарды сатып алу, электроэнергияны, жылуды алу, жабдықтаудан жүмыс және қызмет келісім-шарттар, заказдар, заявкалар негізінде жүзеге асырылады ТМҚ- ды кірістеу кезінде жабдықтаушы қүжатында қорлардың саны жөне сапасы бойынша айырмашылықтар табылуы мүмкін. Ондай жағдайда табылган жетіспеушілік тур акт құрылады.

Жетіспеген ТМҚ сомасына кәсіпорын жабдықтаушығы арыз береді оған мыналар тіркелуі керек:

- жабдықтаушының қүжатында көрсетілген мәліметтермен ТМҚ-ң жолдама қүжаттары және салыстыру ведомосінің көшірмесі:

- жүк салмағын тексеру тур бағытты станцияның түбір тегі;

- табылған ТМҚ-ң жетіспеушілігі тур акт;

- жетіспеушілікті түғызған себептерді растайтын басқа да қүжаттар; Қанағаттанбаған арызға жабдықтаушыдан немесе пароход шаруашылығынан талап ету керек.

Аудитор мерзімінен өткен арызды көресту жағдайлары жоқ па соны анықтау керек.

Талапты анықтамаға тіркелген қүжаттар көшірмесінің негізінде, аудмтор жабдықтаушыға көрсетілген арыздарды дәлелді ма, соны анықтайды.Жабдықтаушы және мердігелермен есептесу қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылады. Есеп нысаны анықталады.

Ақшасыз есептесудің негізгі формалары: акцепті; аккредитивті; төлем-талап бойынша, чектермен; жоспарлы төлем тәртіпте төлем-талаптарымен; сонымен қатар вексельдермен.

Жабдықтаушы және мердігелермен есептесуді тексере отырып аудитор жүргізілген операциялардың қүжатты негізділігін анықтау керек және олардың толтыру дүрыстығын, барлық ақтайтын қүжаттардың бар болуына көңір аудару керек, ал жеке жағдайда - үйымда қарама қарсы тексеріс жүргізу керек, керек жағдайда бенктерден қүжаттардың көшірмесін сүрау.

Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру аудит процедурасының маңыздылығының бірі болып табылады.

Жабдықтаушы және мердігерлермен есептесу бойынша операцияларды тексере отырып аудитор бухгалтерлік проводкалардың дүрыс қүрылуын тексеру қажет. Өндірістік көсіпорыннан басқа көптеген үйымдар коммерциялық қызметпен де айналысады.

Аудитор жабдықтаушы және рердігермен есептесуді тексеріп, оларға тиісті қорытынды жасау керек. Ол негізделген және мынадай қүжаттармен дәлелденуі керек; шот-фактуралар, накладнойлар, чектер, төлеу қүжаттары, инветаризациялық басылымдар, ведомостар, сличительные (салыстырмалы) қорытындысында аудитор корреспонденттік шотының дүрыс қүрылуын текесеру керек.

Жабдықтаушылармен есеп айырысуларды тексерудің басты міндеттері мыналар:

- төлем тәртібін сақтауды тексеру;

- есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру;

- кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру;

- есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу жағдайьн бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына, тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру, сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы

 

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1. Тауарлық-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік кұжаттар мен т.с.с.
2. Тауарлық-материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніңдегі тілек-талаптарды рәсімдеудін дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі және т.б.) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
3. Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген кызмет есебінін толықтығы мен уакытылығын тексеру Қабылдау актілері, жүқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, койма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б.
4. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру Шарттар (сатып алу, бірлсскен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалык құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, толем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б.
5. Векселдерді пайдалынып, жабдықтаушылармен ККС алып тастап, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5, 6 журнал-ордерлер, салыктық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітіп және т.б.
6. Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, ана-литикалық есеп мәлімет-терінің сннтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі Шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар

 

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бағдарламасын жасағанда, ішкі бакылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін айқындауы тиіс.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды төлеуді тексеру көптеген ерекшеліктерге ие, ол төлеу формасына, келісімнің шарттарына, жабдықтаушыларға байланысты тәуелді болады. «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты тексеріледі. Тексеруден №6 журнал-ордеро, шот-фактуралар, келісім-шарттар, төлем талап-тапсырмалары, келіп түскен жүктерді есепке алу журналы, кіріс құжаттары - наклоднойлар, кіріс ордерлері, материалдарды, тауарларды қабылдау актілері өтеді. Кіріс құжаттардың тексерілуі жабдықтаушылардың шоттарын нақты қабылдау және төлеудің дұрыстылығын орнату үшін, нақты төлем талаптары, шот-фактуралар бойынша және олардың №6 журнал-ордерде белгілері тексеріледі. Төленбеген тауарлардың қалдықтарын келесі есепті кезеңге дұрыс ауыстыруды тексеру керек.

Тексеру барысында келесі жағдайларға көңіл бөлуі қажет;

-өнімдерді (қызыметтерді, жұмыстарды) жабдықтау бойынша келісім-шарттар бар болуына және олардың рәсімдеу дұрыстығына;

-кредиторлық және дебиторлық қарыздардың бар болу жағдайында олардың туындау себебін және мерзімін анықтау; -талап ету мерзімін өтіп кеткен қарыздардың бар болуы,және оларды қайтару бойынша шаралардың қолданылуына. Соның ішінде, тауарларды жабдықтау (жұмысты орындау және қызметті көрсету) келісім-шарттарын жүзеге асыру барысында тәртіптің маңызды негіздеріне келісім-шарттың формасын орындау, келісім-шарттың мерзімінен тыс сәйкес келісім-шарттардың тараптарына өз міндеттерін толық және уақытылы орындауы жатады. Тауарларды жабдықтауды (жұмысты орындау және қызметті көрсету) қарастыратын келісім-шарттардың міндетті шарты болып келісім-шарт бойынша жабдық-талған тауарлар (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар) үшін есептесу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін анықтау табылады.

Аталған келісім-шарттарынан туындаған міндеттемелер бойынша кредиторлармен талап етілмеген қарыздар сомасы қарыз алушы кәсіпорын тауарларды нақты қабылдау күнінен бастап төрт ай өткеннен кейін кредитор-кәсіпорынның шығынына күмәнді дебиторлық қарыз ретінде есептен шығарылады.

Жабдықтаушылар алдындағы борыштар есебін жүргізетін шоттарда бухгалтерлік есеп регистрлерінде жабдықтаушылардың құжаттарын тіркеу кезінде жіберілген қателер нәтижесінде туындаған шынайы емес міндеттемелердің болуы мүмкін. Оны аудитор бірнеше шоттарды жинап, олардың 6 журнал-ордер, машинограммалармен салыстыру арқылы анықтай алады.

Date: 2016-01-20; view: 1807; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию