Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырақ тұздылығының өсімдіктерге әсері





Біздің планетамыздың топырағының шамамен 25% тұздыланған болып келеді. Топырақ ерітіндісінде болатын тұздылықтың артықшылығы өсімдіктерге токсинді болады. Әсіресе тез ерігіш тұздар зиянды, олар цитоплазмаға оңайлықпен енеді: NaCl, MgCl, CaCl2; ақырын еритін тұздар: CaSO4, MgSO4, CaSO3 аз токсинді. Көптеген тәжірибелерде көрсетілгедей өсімдіктерге сульфаттарға қарағанда хлоридті тұздылық қатты әсер етеді. Сульфатты тұздылықтың аз токсинділігі, Cl¯ ионына қарағанда SO4¯ ионының аз көлемде болсын өсімдіктердің минералды дұрыс қоректенуіне қажет болып, артып кеткен кезде ғана зиянды болады. Тұздылықтың асқан концентрациясы осматикалық әрекет ретінде болып, өсімдіктердің қалыпты сумен қоректенуінің бұзылуына әкеліп, улануға әкелетін токсинді әсер етеді. Көбінесе, улану азот айналымының лезде бұзылуы нәтижесінде және ақуыз ыдырауынан түзілетіндердің жиналуынан пайда болады. Қатты тұздылық ақуыздың ыдырауын ақырындатып, өсу үрдісін басады. Топырақтың тұзды болуы топырақ микроағзаларының өлуіне (сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің тіршілігінде пайдалы топтарға) әсер етеді. Ыстық және құрғақ климатта жер асты сулары болатын жерлердің басым болуынан үлкен аймақтарда (дала және жартылай дала территориялары, шөл аймақтарда) тұздылану жиі кездеседі. Бұл жерлерде тұздылану басым болып жер асты суларының тұздары ғана емес сонымен қатар минрералды тұздар аз мөлшерде болатын атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Бұл жерлерде тұздалану суландырудың дұрыс жүргізілмегенінен де болады. Ылғалды климатта топырақ үнемі шайылатындықтан тұздар жиналмайды және олардың топырақ тұнбасындағы құрамы жүздік немесе мыңдық пайыз бөлігінен аспайды. Теңіз және жер асты суларының қатты тұздылығымен болатын үнемі ылғалдылық кездесетін топырақтан басқалары (ол Балтық, Белое Солтүстік теңізі) жағалаулары тағы бір тұздардың кездесуі – теңіз тұздарының желмен теңіз жағалауы жартастарында жиналуы (импульверизация), көпшілік жағдайда жағалау өсімдіктерінің орташа құрамы мен орналасуына әсер етеді. Әр түрлі типті тұзды топырақтың ішінен негізгісі - тұзды және сулы реттелуі бірдей емес болып келетін сор (солончак) және сортаңдар (солонцы). Сор – жоғары деңгейіне дейін тұзды сулармен үнемі және қатты ылғалданған топырақтар («сулы» солончактар, тұзды батпақ) мысалы, өзендердің ащы-тұзды айналысы. Жазда солончактар беті кеуіп, тұз қабыршығымен жамылады да топырақ ерітіндісінде концентрациясы бірнеше ондық пайызға жетеді. Натрий иондары ерітіндіде ғана кездесіп қоймай топырақтың сіңіру комплексінің коллоидтарын да қанықтырады. Сортаңдар - беті тұздаланбаған, беткі қабаты сілтілі, құрамсыз. Төменгі горизонттары Na¯ тығызданған және қаныққан, кепкен кезде жолақтар мен түзулерге таралған болады. Су ырғағы лезде өзгерулермен сипатталады (көктемде су өткізбеушілік әсерінен ылғалдылық беткейде тұрақтануы жиі байқалады, ал жазда- қатты құрғақшылық). Топырақ түрлерінің аралық қатарында солончакты, солонецты топырақ. Жиі олар арасында кішірек жерлерде, солончакты-солонецты комлексін құрайды (Каспий маңы, Қазақстан т.б.). Тұзды топырақтарда жоғары тұздылыққа бейімделген өсімдіктер тіршілік етеді – галофиттер. Олар спецификалық түрлермен ерекшеленеді. Осылайша толық галофитті тұқымдастар кездеседі (алаботалылар, свинчактылар, иттабандылар, жыңғылдылар). Галофиттер флорасы аридті зоналарда әртүрлі және бай болады. Галофиттерден басқа тұзды емес жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер – гликофит деп аталады. Морфофизиологиялық ерекшеліктеріне және тұздылануға адаптациясына байланысты бірнеше галофит топтарын бөлуге болады. (Генгель П.А.) 1) Эугалофиттер (солянки). Бұл басым көпшілігі солончак пен тұздалған комплексті сор жерлерде өсетіндер. Мысалы: Европалық бұзаубас, бүршікті сарсазан, Salsola, Petrosimonia, Suaeda, Obione туыс түрлері т.б. Осы өсімдіктердің сырт пішіндері сәйкес келеді. Кейбіреулерінде суккулент ерекшеліктері байқалады: жапырақтар редукциясы, ассимиляциялық ұлпа болатын - 2 қабатты бағаналы (полисадты) паренхима, ортасында шырынды ылғалды сақтайтын ұлпамен толтырыла орналасқан мүшелі етжемді сабақтары. Басқаларында (obione, suacta) жапырақтары әдетте пластикалық, бірақ «голоморфты» пішінді құрылым: қатты тығызданған және суккулентті жапырақты пластинка салыстырмалы үлкен жасушалы болады. Топырақ тұздылығында осы белгілердің байланысы, өткен ғасырда да хлорлы тұздар мен күкірт қышқыл ерітінділердегі анатомды-морфологиялық тездете өзгерістерінің тәжірибелерінде көрсетілген әлде де кейінгі жұмыстарда (мәдени өсімдіктерге де) көрсетілгендей тұздардың артықтығынан жапырақ пластинкасының жуандауы устицалар көбеюінен: жапырақ суккуленттене бастап, ал жапырақ пластинкасының көлемі кішірейеді. Бұндай жағдайлар тұздыланудың әр түрінде байқалады.Цитоплазманың тұздылыққа жоғары тұрақтылығына байланысты эугалофиттер тұздардың көп мөлшерде сіңіріп және жинауға қабілетті (күлінің массасының 45-50%). Қазіргі көзқарастар бойынша тұздар тек цитоплазмада ғана емес, тұздар жиналатын орын ретінде алынатын жасушарардың «инертті» құрамында жиналады. Топырақ қаншалықты тұзды болса, тұз жинаушы өсімдіктер соғұрлым құрамында тұз көп болады. Өсімдік бойындағы иондар құрамы әдетте топырақ құрамындағы тұзға сәйкес, бірақ таңдамалы түрде жинаудың белгілері - дәнді дақылдар мен қияқөлеңдер натрийдан гөрі калийді көп жинақтайды, алаботалылар – NaCl, органикалық анион (бастысы оксолат) крестгүлділер – Na мен SO4. Бұзаубас өсімдігі ұлпаларда тіпті жапырақта тұз мөлшері аз болса да, тұзды көп мөлшерде жинақтайды. Жалпылама өсіп шығуда кейбір галофиттер – тұз жинаушылар бұрын сода мен поташ алуда қоры ретінде табылған. (Бұл олардың латынша аталуына әсер етті: salsola kali, s.soda. kalidium туысы). Орта Азияда сексеуіл түбінде қабыршықты цементтелген тұздарының түзілуі жақсы мәлім. Ал Австриялық жартылай далаларында atriplex туыс түрлері топырақты тұзды қылады. Галофиттер өсінділері астында топырақтың сілтіленуі жүреді. Криногалофиттер (тұз шығарушылар). Бұл өсімдіктер тұзда ерітінді ретінде арнайы жапырақтарындағы бездері арқылы артық тұзды сыртқа шығаруға қабілетті. Бұларға жыңғылдылар, иттабандылар, кермектердің көпшілігі жатады. (ботаниктер жақсы біледі, кеппе шөп (гербарий) жинауда жыңғылды тұзды жамылғысы бар болғандықтан қағазда сорғалаушы жапырағын кептіру қиынға түседі). Тұздың құрғақ ұнтағы жел көмегімен жапырақтан ұшып кетеді, жерге түседі немесе жауын арқылы шайылады. Жапырақ құрылысына қарай көптеген криногалофиттер мезофиттерге жақын келеді. Гликогалофиттер бұған ксерофильді өсімдіктер жатады (мысалы, дала мен жартылай далада тіршілік ететін көпшілігі ермендер). Гликогалофиттер тұқым жүйесі тұздарды өткізбейді. Сондықтан қатты тұзды топырақта өсетін өсімдіктер ұлпаларында тұз жиналмайды. Бұл «тамыр кедергісі (барьері)» жұмысы белгісіз. Бір авторлар тамыр жасушаларының қабырғаларының жуандауына мән береді, басқалары – зиянды тұздың тоқталуын қамтамассыз ететін биохимиялық үрдістер, үшіншілері - өсімдіктердің су режимі аз кезде тіршілік ету және «бласты» иондарды аз сіңіру қабілеттілігіне ие болады. Терең тамыр жүйесі арқасында тұздалудан қашатын өсімдіктер топтарын еске салуға болады. Бірақ олар қатты тұздалған жерде тіршілік етеді, олардың сору тамырлары терең аз тұздалған деңгейде орналасады. Мысалы: тростник, Сырдарья қойнауларында өсетін тростниктің химиялық сараптамасы тұздалуды әртүрлі дәрежелі және құрамды болуы жер асты мүшелері мен тамырларының құрамының біртектілігін көрсетеді. Сол кезде осы жерде өсетін біржылдық сораң (солянка) онша терең емес тамырымен жоғары деңгейдегі тұздалған ерекшелігіне байланысты. Қамысқа ұқсас сібір кендірі т.б. түрлер. Бұларды кейде псевдогалофиттер деп те атайды. Галофиттерде зиянды тұздарды «зиянсыздандыру» және басты айналымнан шығару биохимиялық ерекшеліктері болады. Бұл цитоплазма және органикалық қышқылдар ақуызымен иондарды таңдаулы байланысы және де қорғаныш функциясын атқаратын заттардың (кейбір көміртегі, аминоқышқылдар, пигменттер т.б.) жиналуы қамтамассыз етіледі. Көптеген галофиттерде тұздар үшін цитоплазма өткізгіштігі төмен, ол көбінесе гидрофильді тұзды аз сіңіріп, су мөлшерін аз жұмсауға әкелетін коллоидты –байланысқан суы көп болады. Галофиттің жасуша шырынындағы тұз концентрациясы жоғары осматикалық қысымға шамамен 5000 кПа және одан да көпке шарттайды (ал басқа өсімдіктерде жоғары осматикалық қысымы –ксерофиттер- ол қант көмегімен өтеді). Осматикалық қысымның жоғарылауы концентрлі топырақ ерітіндісінен тамырлардың суды сіңіруіне мүмкіндік береді. Көптеген галофиттерге топырақта тұздардың концентрациясының жоғарылығы – қажетті әрі жағымды фактор болып табылады. Солерос және теңіз жолжелкені өсімдіктерімен әртүрлі топырақ ерітінділерінде жүргізген тәжірибелер олардың өсуіне тұздардың 2-3% концентрациясы қолайлы, ал осы өсімдіктерді тұрақты суға өсіргенде солуы байқалған. Осындай жағымды «тұзды әсер» сарсазан, алабота өсімдіктерінде байқалған. Ол ересек өсімдіктерде де өсіп келе жатқан тұқымдарда да байқалады. Тәжірибе жүзінде көрсетілгендей галофиттердің әртүрлі физиологиясына тұздылықтың аз мөлшерінің жағымды әсер етуі (әсіресе галофиттермен салыстырғанда байқалады). Мысалы, галофиттерді натрий хлор қосылған қоректік ортада өсіргенде, тұздың айналымына жауап беретін ферменттер белсенділігі 12 г/л қатарлы концентрацияда болса да жоғары болып қала береді (ал гликофиттерде 3 г/л болғанда ақ түседі). Топырақтың қорында келесі өзгерістер болады: галофиттерде белгілі фосфорды сіңіру рН 8-9 болғанда максимальді және Na иондарымен реттеледі, ал гликофиттерде бұл үрдіс үшін рН 5-6 болғанда оптимальді, Na болса оған кері әсерін тигізеді. Тұздылыққа галофиттердің тұрақтылығы келесі көріністе болады: жапырақшаларымен тұзды ерітіндіге малынған жапырақтарында дұрыс фотосинтез сақталады, ал сол кездерде гликофиттер жапырақтарында фотосинтез бәсеңдеуі, хлорофильдің бұзылуы «тұзды күйінді» (жапырақ тақтасының бөліктерінің өлімі) байқалады. Бірақта тұзға төзімді галофиттерде тұздылыққа төзімділігінің шегі бар: тұздылық лезде артқан кезде олар зардап шегеді. Бұл солерос пен басқада тұздылығы жоғары топырақта өсетін тұзды солянкаларда жақсы көрінеді.

 

 

 

Date: 2016-01-20; view: 2519; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию