Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экстремальды температураның өсімдіктерге әсері





Экстремальды жоғары температура өсімдік өмірі үшін көптеген қауіптілік туғызады: сусызданады, кебеді, күйеді, хлорофилл бүлінеді, қайтымсыз тыныс алудың бүлінуі жылулық денатурациясы, цитоплазманың коагуляциясы және өлу. Топырақтың қызуы жер бетінде орналасқан тамырдың жарақаттануы және өлуіне, тамыр аймағының күйуіне әкеліп соғады. Тірі көк-жасыл балдырлар ең жоғарғы температура - 850С, ал бактериялар -880С табылған. Жоғары сатыдағы өсімдіктер термальды суларда болмайды, тек рясканың 1 түрі ғана 32-35 0С тіршілік етеді.Жоғары температураға қорғаныс ретінде өсімдіктерде әртүрлі бейімделушіліктің (адаптациялық) жолы қолданылады. Жер бетіндегі бөлімінің ұлпаларына радиацияның келуінің азаюына байланысты: қалың түптену, жапырақтарға ашық түс беру және олардың шағылысуын күшейту, бетінің жылтырауық болуы, жапырақ аумағының кішіреюі - вертикаль, меридиан жағдайларындағы жапырақтың радиацияны сіңіруінің азаюына, астық тұқымдастарда жапырағының бүктелуі т.б. осындай құрылысындағы ерекшеліктер судың булануының азаюына көмектеседі. Сонымен экологиялық фактордың кешенді әсеріне өсімдіктер де кешенді адаптациялық бейімделумен сипатталады. Жоғары температураға физиологиялық бейімдеушілік – анабиоз жағдайына өту болып табылады, ол төменгі сатыдағы өсімдіктерде жиі кездеседі. Тағы бір адаптациялық бейімдеушілік жолы – олардың уақытша экологиялық (ниш, микрониш) топқа өтуі. Мысалы, бірқатар өсімдіктердің вегетациялық кезеңі жылу жағдайларының қолайлы кезеңіне маусымда ауысады. Құрғақ және дала өсімдік жамылғысындағы өсімдік топтары, ерте көктемгі вегетациясынан бастап, жазғы ыстық пен құрғақшылыққа дейін аяқталады. Әртүрлі жылу жағдайларында өсу орнына байланысты өсімдіктерде жалпы жылуға төзімділік көрінеді. Ол мына заңдылықта көрінеді: түрдің өсу ортасының температуралық жағдайының сәйкестігімен және оның жоғары температураға төзімділігімен анықталады. Табиғи жағдайлардағы өсімдіктердің жер шарындағы төменгі температураға төзімдігі - 900С, Антарктидадағы «Восток» станциясында өсімдіктер жоқ, өсімдік өсетін ең төменгі температура - 680С, Якутиядағы Оймякон облысындағы орманда самырсын өседі. Суыққа төзімсіз өсімдіктер – судың қату температурасынан төменгі жағдайда тез өліп қалады немесе бұзылады. Бұларға көбінесе жаңбырлы тропика ормандарында және жылы теңіздерде өсетін өсімдіктер.Аязға төзімді өсімдіктер – төменгі температураға төзімді болғанымен, ұлпаларында мұз пайда болса, өліп қалады. Бұларға көбінесе мәңгі жасыл субтропикалық өсімдіктер түрлері жатады. Мұзға және аязға төзімді өсімдіктер – бұлар көбінесе ауа-райы құбылмалы, қысы суық жерлерде өседі, өте қатты аяздарда өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қатса да, өзінің тіршілік қабілетін сақтайды. Аязды көтеру үшін аздап дайындала бастайды.

 

Date: 2016-01-20; view: 1602; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию