Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ортаның өзгергіштігі. Қоршаған ортаның организмдерге әсер ету жолдары мен тәсілдері





Экология тірі жүйелердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым екені белгілі. Аутэкология (грекше autos-өзі) қоршаған ортада ағзалардың тіршілік шегін анықтайды. Әрбір ағзаның қоршаған орта жағдайына байланысты бейімделушілігін, орта факторларының әсеріне ағзаның жауап беру реакциясын зерттейді. Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы швейцар ботанигі К.Шретер енгізген. Аутэкология тірі жүйе ретінде бөлек, дара ағзаларды, ал орта деп – барлық оны қоршайтындарды қарастырады. Әрбір жеке ағзаның ортасы атқарылатын қызметтердің нәтижесінде түзілген көптеген органикалық және бейорганикалық элементтерден тұрады. Кейбір элементтер ағзаға қажетті болып табылады, кейбіреулерінің қажеттілігі жоқ, ал үшінші біреулері зиянды әсерін тигізеді.Қоршаған ортаға барлық табиғи және техногенді орталар жатады. Табиғи орта – жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта. Техногенді орта – адамның көмегімен түзілген орта.«Қоршаған орта» түсінігін экологияға биолог Я.Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол, тірі ағза мен олардың тіршілік ортасы, субъект және объект (кім, нені, кімді, зерттейді), бір-бірімен өзара байланысты және олардың барлығы бір жүйені – қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға ағза бейімделу үрдісінде онымен байланысып және одан әртүрлі заттар, энергия, ақпараттар қабылдайды және береді.«Қоршаған орта», «тіршілік ортасы», «өмір сүру ортасы», «тіршілік орыны» мағыналары жағынан өте ұқсас болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта – ағзаларды қоршайтын және олардың құрылысымен қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндер. Жердегі ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін әртүрлі орталар бар. Біздің планетамызда негізгі төрт тіршілік ортасы: су, жер, ауа, топырақ және тірі ағза денесі болып бөлінеді.Көптеген ағзалар өздерінің тіршіліктерін тек бір тіршілік ортасында өткізеді. Мысалы: адамдар, құстар, сүтқоректілер, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер жер, ауа ортасында, кейбір бунақденелілер (маса, инелік) мен қосмекенділер дамуының бір кезеңін суда, келесі кезеңін – жер-ауа ортасында өткізеді. Тіршілік ортасының өзі алуан түрлі болады. Мысалы, тіршілік ортасы – судың өзінің өмір сүру ортасы туралы айтатын болсақ, оның өзі тұщы немесе теңіз суы, ағынды немесе тоған суы болуы мүмкін. Өз кезегінде мекен ету ортасы тіршілік орнына бөлінеді. Сонымен, су – тіршілік ортасы, өзен - өмір сүру ортасы, ал су түбі, су беті және су ортасы – тіршілік орны болады.

 

 

14. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Организмдердің тіршілік формалары Өсімдік немесе жануардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты бейімделген сыртқы келбеті түрдің тіршілік формасы болып табылады. Бір-бірімен туыс емес организмдер бірдей жағдайда тіршілік етуте бейімділе отырып ұқсас белгілерге де ие болады (морфологиялық бейімделу). Организмнің тіршілік ету ортасының экологиялық жағдайларына бейімделуін ағзалардың тіршілік формалары (экобиоморфа) деп атайды. Бір тіршілік формаларына жататын азғалар әртүрлі экологиялық топтарға жатуы мүмкін. Мысалы, Asarum europaeum және Alchemilla vulgaris өсімдіктері тіршілік формалары бойынша қысқа тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Егер оларды экологиялық классификация тұрғысынан қарастырсақ, мысалы жарыққа байланысты, онда Asarum - көлеңке сүйгіш, Alchemilla - жарық сүйгіш өсімдік. Ал ылғалдылыққа байланысты екі өсімдік те мезофиттерге жатады. Тіршілік формалары деп шығу тегі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда тіршілік ететін, экологияльщ-морфологиялык бейімделушіліктері ұқсас ағза (өсімдіктер немесе жануарлар топтарын атайды.Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары әртүрлі, сәйкесінше олардың классификациялары да әртүрлі. Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы ұғымды алғаш рет 1806 жылы неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды.Серебряковтың классификациясы,Бұталар,Бұташықтар,Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар,Поликарпты шөптесін өсімдіктер,Монокарпты шөптесін өсімдіктер.Ол тіршілік формасы деп, онтогенез (аналық жүмыртқаның үрықтанганынан бастап, тіршілігінің соңына дейінгі особьтың жеке дамуы) кезінде ортаның белгілі бір жагдайларында өсіп-дамыған белгілі бір топтардағы өсімдіктердің қабысуын (ағзаның сыртқы көрінісін) атайды И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:1 бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағапггар, бұталар, бұташықтар);2 бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейш кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараган өсімдіктер бар. Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальгалық климатта) өседі: ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. құрғақ, орманды далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады. Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағында, таудың субальпі белдеуінде) өседі.Бұталар.Бұталар тіршілік формаларының түрлері өте көп. Бұл өсімдіктер ұзындықтары шамалас көптеген діңгекті болып келеді. Негізгі діңгек көп өмір сүрмейді немесе уақыт өте келе басқа діңгектерден айырмашылығы болмай қалады. Барлық діңгектер (негізгі және жанама) 2-3 жылдан 20-30 жылға дейін өмір сүре береді. Әдетте бұталардың биіктігі 0,5-0,8 метрден 5-6 метрге дейін жетеді. бұталар барлық жерде дерлік кездесе бергенімен, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай-жыл және тропиканың шөлейтті жерлерінде өсімдіктер қауымдастығының негізін құрайды (итмүрын, бөріқарақат, аюбадам және т.б.).Бұташықтар.Бұташықтар - ағашты өсімдіктер тіршілік формаларының бір типі. Сабақтарының биіктігі 5-7 см-ден 50-60 см-ге дейін жетеді. Негізгі өркен қысқа уақыт қана тіршілік етеді (3-7 жыл). Оның орнын сүректенген жанама жер асты өркендері басады. Жаңадан өсіп келе жатқан түп алғашында жер астында столон сияқты топырақ бетімен паралель өсіп (плагиотропты), сосын тік жоғары, яғни ортотропты өсе бастайды. Бүл формалар негізінен қоңыржай салқын, салқын және биік таулы жерлерде өседі (итбүлдірген, қарамық, қазанақ, көкжидек).Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар.Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар тіршілік формаларының бір түрі. Бұларға жусанның көптеген түрлері, теріскен және т.б. өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктердің тіршілік ылғалы аз, шөлейтті жерлермен тығыз байланысты. Ерекшеліктері - жер үсті өркендерінің жоғары жағы үнемі қурап, қабағынын төменгі жағы сүректеніп, осындай қалыпта бірнеше жыл өмір сүреді. Осы сүректенген жер үсті өркендеріндегі жанару бүршіктерінен келесі жылы көптеген жаңа өркендер д а м и д ы. Жер беті шөптесін өсімдіктерінің ішінде көптеген тіршілік формалары кездеседі. Олар поликарпты иіөптесін (яғни, өмірінде көп рет жеміс береді) және монокарпты иіөптесін (бір-ақ рет жесеміс береді) өсімдіктер болып бөлінеді. Поликарпты шөптесінөсімдіктерПоликарпты шөптесінөсімдіктер экватордан субарктикалық, арктикалық белдеулерге дейін кездесе береді. Бұларға көптеген жерлерде өсе беретін сыртқы түрі, экологиясы, биологиясы әртүрлі өсімдіктер жатады. Бәріне ортақ ерекшеліктері - жер үсті ортотропты өркендері жыл сайын вегетациялық кезеңнің соңында өледі. Бірнеше жыл бойы қыста жер бетінде тек плагиотропты өркендері ғана қалады. Жер асты өркендері жаңару мүшелерінің немесе қорлық заттар ролін атқарады (қызғалдақ, картоп және т.б.). Ал кейбір түрлерде жер асты өркендері өміршеңдігін көп жылдар бойы сақтайды (меруертгүл, құртқашаш). Монокарпты шөптесін өсімдіктер. Монокарпты шөптесін өсімдіктер әдетте климаты құрғақ және жасанды өсімдіктер қауымдастығында немесе егістіктегі мәдени дақылдардың сыңары ретінде кездеседі. Көпжылдық (және екі жылдық) монокарптердің тамыр жүйесі көбіне қорлық заттар жиналған етжеңді болып келеді (тмин). Бір жылдық монокарпты шөптесін өсімдіктердің ішінде вегетациялық мерзімі ұзақ өсімдіктер (гүлкекіре), эфемерлер, жартылай паразитті және паразитті түрлер кездеседі. Өсімдіктер тіршілік формаларының басқа да классификацияларьі бар. В.Р.Вильямс астық тұқымдастардың түптенуі бойынша классификация жасады. Ал Г.Н.Высоцкий мен А.И.Казакевич классификация негізіне өсімдіктердің жер асты мүшелерінің және вегетативті көбею ерекшеліктерін алды. Тіршілік формалары ұғымы кейін зоологияда да қолданыла бастады. Өсімдіктер сияқты жануарлардың тіршілік формалары туралы классификациялар да алуан түрлі. Олардың негізінде: Қозғалу ерекшелігі, қорегін табуы, белсенділігі, жеке даму стадияларының ерекшеліктері және т.б. жатыр. Әр түрлі тіршілік орталарында қозғалу ерекшелігіне байланысты.

.

Date: 2016-01-20; view: 1955; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию