Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып: Құрылыстағы бухгалтерлік есеп





Дәріс сұрақтары:

  1. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
  2. Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы.
  3. Өнім ақауының есебі.

4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу.

5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері.

 

1. Құрылыс өндірісі технолоиясының даму кезеңіндегі шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін тәуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс - монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүрізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрыыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім – шартқа отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым – қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.


Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады. Күрделі құрылыс материалдық өндірістік спецификалық сферасы ретінде жаңа (өндірістік) негізгі қорлар құрумен, реконструкциялау, модернизациялаумен және әрекет ететін объектілерді күрделі жөндеумен айналысады.

Кәсіпорындар құрылыс-монтаж жұмыстарын өздерінің күшімен (шаруашылық әдіспен) немесе келісім шарт негізінде осы мақсатқа мамандандырылған құрылыс ұйымдарын тарту (мердігерлік әдіспен) арқылы жүзеге асыра алады. Соңғы жағдайда күрделі салулар жүзеге асырған кәсіпорын тапсырысшы ролінде, ал құрылыс ұйымы – мердігер ролінде қатысыды.

Тапсырысшымен өзара қатынас сипатынан және орындалатын міндеттемелер шеңберінен тәуелді құрылыс ұйымдарын генмердігерлік және субмердігерлік деп бөледі.

Генмердігерлік ұйымдар тапсырысшы алдында құрылыстың барлық жүргізілуіне, яғни объектінің эксплуатацияға берілуіне дейін жауап береді.

Тапсырысшы және генмердігерлік құрылыс ұйымы арасындағы өзара арақатынас мердігер келісімімен реттеледі.

Келісім шартта көрсетілген жағдайлардан (ұйымдардың) өндірістік процесті ұйымдастыру және орындалған құрылыс жұмыстарына есептік жазбаларды бейнелеу тәуелді болады. Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу схемасының құрылыс ұйымдарында өзіндік ерекшеліктері бар.

Тапсырысшы мен мердігер арасында келісімшарт жағдайлары бойынша әртүрлі өзара қатынас пен жауапкершілік схемалары (тағайындалған) белгілеруі мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, тапсырысшы мен мердігер арасындағы қатынастың 3 схемасы кеңінен таралған:


№1 – схема

Тапсырысшы мен мердігер арасындағы.

 

тапсырысшы

мердігер →

 

Келісім бойынша мердігер барлық қаралған жұмыстарды өзі орындауға міндетке алады, ол жұмыстың сапалы орындалуына және уақытында аяқталуында жауапты. Қабылданған міндеттемелердің орындалуына тапсырысшы және мердігерлік ұйымдар өзара материалдық жауапкершілік алады.

№2 схема

Тапсырысшы мен мердігер арасындағы

Тапсырысшы

↓↑

Бас мердігер (ген)

 

↑↓ ↓↑ ↑↓

Субмердігер№1 субмердігер№2 субмердігер№3

 

Басмердігер жұмыстардың нақты түрлерін орындауға субмердігерлік ұйымдарды (қосады) тартады, олардың әрқайсысымен жеке келісім жасайды. Тапсырысшы алдында жұмыстардың сапасы мен субмер орындалуына (мерзіміне) басты мердігер жауапты.

Барлық субмердігерлік ұйымдар генмердігерлік қатынасы бойынша және бір-біріне қатынасы бойынша жеке заңды тұлға б/т, сонымен қоса олардың арасындағы өзара арақатынас жалпы белгіленген тәртіпте құрылады: субмердігерге қызмет көрсету сәйкес табыс және шығындардың шамасын мойындаумен қызметтерді сату ретінде бейнеленеді, генмердігерде субмердігермен көрсетілген қызмет негізгі өндірістік шығындары құрамында бейнеленеді. Шаруашылық субъектінің қалауы бойынша есеп саясатында 8100 шотқа субмердігерлермен көрсетілген қызметтер құнын жалпылау үшін субшоттар ашу қарастырылуы мүмкін.

Тапсырысшы кәсіпорында шоттар корреспонденциясының схемасы 1-варианттағыдай, ал генмердігерде өзгешеліктер бар:

Басмердігер кәсіпорында

1. Тапсырысшы тапсырмасы бойынша өз күнімен орындалған жұмыстарға ағымдағы кезеңде іс жүзіндегі шығындар жиналды:

- шығындардың жалпы құнына:

Дт 8100 Кт 8110-8410

 

№3схема

 

Тапсырысшы Бас мердігер

 

Субмердігер 1 Субмердігер 2 Субмердігер 3

 

Басмердігер келісім бойынша өзі орындамай міндеттемеслерді орындауға басқа тұлғаларды (субмердігерлерді) қосуы мүмкін. Бұл сызба бойынша мердігер бас мердігер болатын және тапсырушы алдында орындамауына немесе субмердігерлермен міндеттемелердің орындалуына жауапты, ал субмердігер алдында тапсырысымен міндеттемелердің орындалуына жауапты болады.


Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін шотты субмердігер тікелей тапсырысшыға жібереді. Бас мердігер тапсырысшыға немесе субмердігерге шотты тек өзінің сомасына жібереді.

Құрылыс ұйымдары барлық салалар сияқты әртүрлі көмекші өндірістері болады, оларда әртүрлі өнімдер шығарады, сонымен бірге негізгі өндіріс қызметінің нәтижесі құрылыс жұмыстары б/т. Көмекші өндірістегі шығындар есебі және олардың өңімдер, жұмыстары немесе қызметтерінің өзіндік құнын калькуляциялауды экономиканың басқа салаларындағыдай жүзеге асырылады, ал негізгі өндіріс есебін сметалық құжаттарда бейнеленген көрсеткіштерден және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырады.

Ережеге сәйкес, сметалық есептерді құруда шығындардың келесідей баптарына (бөледі) ажыратады: «Материалдар», «Негізгі еңбек ақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерінің эксплуатациясы бойынша шығындар», «Басқа шығындар», «Үстеме шығындар». Сонымен алғашқы 4 бап құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыруда тура шығындар болып саналады.

 

2. Құрылыста, экономиканың басқа да салалары сияқты құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіру шығындарының есебі және олардың өз. құнын калькуляциялау шоттардың Бас жоспарының 8 бөлімі шоттарындағы бухгалтерлік есеп стандарттары талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

Материалдық шығындар.

Мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарының қорының бар болының синтетикалық есебін келесідей активті, негізгі, инвентарлық «Материалдар» бөлімінің шоттарында жүргізіледі.1310 «Шикізат пен материалдар».

Тапсырушы материалдардың түсуінде тапсырысшы мен мердігер арасында жабдықтау келісімін жасамайды, барлық өзара арақатынас әр жақтың міндеттерін нақтылайтын мердігер келісімінің негізінде құрылады. Онда материалдар түрлері, саны және құны, сонымен қатар олардың беру мерзімі көрсетіледі.

Берілетін құрылыс материалдардың есебін тапсырысшы аяқталмаған құрылыс шығындары ретінде бейнелу керек, ал мердігер тапсырысшыдан ал-н бағалықтарды баланстан тыс есепке алады.

Арнайы техникалық байқауға немесе лабораториялық зерттеуде қажетті материалдар, оллардың сапалық сипатын тексеру мақсатымен қоймашы немесе материалды-жауапты тұлға түсуінде санын арнайы «Қабылдауды күтетін материалдар» кітабына жазады. Оларды басқа материалдардан бөлек сақтайды және сапасын тексеру нәтижелері айқындалмағанша шығындамайды. Материалдарды тексеруге алғанда қабылдау актін жасайды, оны бухгалтерияға тапсырады және ол 002 «ТМҚ, жауапты сақтауға алынған» баланстан тыс шотының «қабылдауды күтетін материалдар» субшотындағы бағалықтарды бейнелеу үшін негіз болады.

Тексерудің нәтижелері анықталған соң сапасы техникалық талаптарға сәйкес келсе, кіріс ордерін толтырып қоймаға қабылдайды. Қабылданған материалдардың өзіндік құны на олардың тексеру немесе зерттеудің барлық шығындарын қосады.

Арнайы зертханаларда материалдарды сынау және зерттеу шығындарының есебі 8310 «Көмекші өндіріс» шотында, оның болмауында «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі. Құрылыс материалдарының орталық немесе объект ішідегі қоймаларға жеткізуде жетіспеушіліктер пайда болса, жалпы қабылданған тәртіпте олардың іс жүзінде өзіндік құнына қосылуы мүмкін. Материалдардың жетіспеушілігін «Материалдардың жоғалуы туралы актпен» құжаттайды.

ҚҰ-ң Орталықтандырылған қоймадағы материалдардың есебі материалдардың қоймалық есебі карточкасында әрбір номенклатуралық номері бойынша сандық өлшемде жүргізіледі. Жазбаларды жазуға материалдардың кіріс-шығыс құжаттары (кіріс ордер, материалдарды қабылдау туралы акт, тауарлы транспорттық накладной, комерциялық акт, ішкі орын ауыстыру накладнойы, лимитті заборлық карта, ауыстыруға акт-талап; т.б.) негіз болады.

Объект ішіндегі тікелей құрылыс алаңдарында орналасқан қоймаларда материалдарды осы алаңға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті ассортименті мен саны ғана сақталады. Мұнда карточка орнына ай сайын материалдардың түсуі, шығуы және қалдығы туралы материалдық есеп жасайды.

Есепті материалдық.-жауапты тұлға толтырады. Есепте қолданылган тізімі, өлшемі, бірлігі, есептік бағасы, ай басына қалдығы, материалдардың түсуі, шығындалуы көрсетіледі, осы жазбалардан кейін соңындағы қалдығы шығарылады. Ай соңында материалдық есеп басқа алғашқы құжаттармен бірге оны бекіту үшін бухгалтерияға өндірістік техникалық бөлімге жіберіледі. Бухгалтерияда барлық кіріс-шығыс құжаттары тексеріліп, есепке қосымшаларға сәйкес есептің қалған жолдары тлтырылады.

Қоймадан жабық сақтау материалдарын негізгі және көмекші өндірістерге босату лимитті-заборлы карталар, лимитті-нормативті карталар бойынша жұмыс өндірісі графигіне сәйкес жүзеге асырылады. Көптеген ұйымдар лимитті құжаттауды қолданбайды және өндіріске материалдарды босатуды шектемейді.

Ашық сақтаудағы материалдар (құм, гравий т.б.) қоймадан тыс ашық жерлерде сақталады, бірақ олар материалды жауапты тұлғаның жауапкершілігінде. Оларды босатуда көбіне олар өлшенбейді, әрбір айдың соңында пайдаланылмаған материалдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Түгендеу қорытындысын актпен рәсімдейді.

Шаруашылық қажеттіліктерге, сонымен қатар ішкі орын ауыстыруында материалдарды шығындау, басқа жақтарға босатуды материалдарды босатуға накладной-талаптармен, ал автокөлікпен тасымалдауда - тауарлы-транспортты накладноймен құжатталады.

Бас мердігерлер субмердігерге кейбір бағалық тарды оларды қайтаруға қолхат немесе оларды пайдалану туралы есеп көрсетуін сұрайды.

Басмердігерде бұл бағалықтарды субмердігерге берілген бағалықтар құрамында, сәйкес субберілген бағалықтар құрамында, сәйкес субшотта есепке алады, ал субмердігер алынған материалдардың баланстан тыс есебін жүргізеді. Оларды қайтарғаннан кейін мүмкін пайдалану бағасы бойынша генмердігердің тауарлық-материалдық қорларының құрамына кірістейді, ал субмердігерге берудегі құны мен қайтарудан кейінгі мүмммкін пайдалану бағасы арасындағы айырманы генмердігердің өндіріс шығындары құрамына жатқызады.

Өндірісте материалдарды пайдалану есебін олардың сақталуына жауапты тұлғалар, яғни прорабтар, құрылыс учаскелерінің басшылары, бригадирлер жүргізеді. Айдың аяғында олар материалдық есеппен бірге М-19 формасы бойынша нормалар бойынша анықталған шығындармен салыстырылып құрылыста негізгі материалдардың шығындары туралы есеп жасайды. Есепті жұмыс бірлігіне материалдар шығындарының өндірістік нормалары; «Орындалған жұмыс есебінің журналы» сандық көрсеткіштері және «Аяқталмаған өндірісті түгендеу акты»; материалдарды шығындау есебінің алғашқы құжатталуының мәліметтері негізінде жасалады.

Материалдардың іс жүз.өз.құнынан есепті бағалардың ауытқуын №10 «Ақшалай бейнедегі материалдар қозғалысы» ведомостының мәліметтері негізінде анықтайды. Сонымен, өндірісте шығындалған материалдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген орташа құн, ФИФО немесе арнайы сәйкестендіру әдістерінің бірімен анықтауға болады.

Бірнеше рет қолданылатын және өндірістік процесс аяғынан кейін қайтарылатын айналмалы материалдардың құны өндіріс шығындарына біртіндеп (частями) жатқызылады.

Өндіріске айналмалы материалдарды бірінші босатуда оларды прорабпен бекітеді, яғни ол олардың сақталуына және қайтарылуына жауапты. Сонымен, оның барлық құнын (алғашқы) болашақ кезең шығындарының құрамына жатқызу керек.

әрбір айналымда өндірістік шығындар құрамына жатқызылатын айналмалы материалдардың құнының бөлігін келесі формула негізінде есептейді:

Шығынның Материалдардың Материалдардың Айналымдар

нормативті = іс.жүз.өз.құны _ қайтару құны: саны

шамасы

Монтажды қажет ететін жабдықтар мердігер ұйымдармен сол жабдықтарға меншік құқығын берусіз береді.

Монтажды қажет ететін жабдықтар тапсырыс берушіде аяқталмаған өндіріс шығындары құрамында «орнатуға жабдықтар» сәйкес субшотында іс жүзіндегі өзіндік құнмен бейнеленеді.

Мердігерге жабдықты беру шамасы бойынша «мердігерді орнатуға жабдықтар» субшотында бейнелейді, ал оны монтаждауды бастағаннан кейін 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотына тікелей қажетсіздендіреді.

Құрылыс ұйымымен жабдықтарды беру жабдықтарды қабылдау актімен бейнелецйді, сонымен мердігер оның монтаждауға дейінгі сақталуына жауапты. Құрылыс ұйымдарында түскен жабдықтарды 005 «Монтаждау үшін қабылдаған жабдықтар» баланстан тыс субшотында есепке алады.

Монтажды қажет етпейтін жабдықтар (тапсырысшымен алынған) түсу шамасына қарай іс жүзіндегі өзіндік құнымен 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетеді (субшот «негізгі құралдарға алу»). Оның эксплуатацияға берілуін негізгі құралдар құрамына жабдықтарды қажетсіздендіру үшін негіз болатын негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актімен құжаттайды.

Құрылыс ұйымдарында негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы ережеге сәйкес еңбекақының кесімді және аккордты формаларын қолданумен есептеледі, сонымен бірге үлкен емес шаруашылық субъектілер де төлемнің мерзімді формасы да қолданылады. Әртүрлі формаларда есептеу өндіру есебі және жұмыс уақытының есебі бойынша түрлі алғашқы құжаттарда жүргізіледі: нарядтар, аккордты нарядтар, өндіру ведомостары, смена рапорттары, жол қағаздары, үстемеге қағаздар, жұмыс уақытының табельдері және т.б. Бұл құжаттарда құрылыс өндірісінде қолданылатын уақыт және өндіру нормалары бейнеленеді.

Еңбекақы шығындары есебін ұйымдастырудың (негізгі құрылыс жұмысшыларының) негізгі ерекшеліктері еңбекақыға тура шығындарының құрамына тек жұмысшы –құрылысшылардың негізгі еңбекақысы кіреді, ал құрылысшылардың қосымша еңбекақысы үстеме шығындардың құрамына жатады.

Құрылыста жұмысшылардың негізгі еңбекақысына құрылыс, монтаж және басқа да мердігерлік жұмыстар орындайтын жұмысшылардың еңбекақы сомасы жатады, сонымен қатар қолмен атқарылатын жұмыстарды істейтін қосалқы жұмысшылар аңысы да кіреді. Осы бап құрамына машинисттер еңбекақында жатқызады.

Еңбекақы шығындарының құрамына сондай-ақ қалыпты жағдайлардың өзгеруі үшін және мерзімнен тыс уақытқа төленетін үстемелер де жатады. Үстемелер үстеме қағаздары негізінде есептеледі.

Еңбекақының жеке кесімді формасында жұмысшылардың негізгі еңбекақысын анықтау және орындалған жұмыс көлемі есебі үшін негізгі құжат кесімді жұмысқа наряд болып табылады. Оны құрылыс жетекшісі істелген жұмыс көлеміне жазып, ағымда айда негізгі жұмыс басталғанға бірнеше күндер қалғанда толтыру үшін бригадирге береді. Қосымша жұмыстарға нарядтар жеке жасалады. Нарядта жұмыс сипаты, мерзімі, орындау шарттары, жұмыстың жалпы көлемі, өндіру нормалары, жауапты тұлғалардың қолы, адам – күндер саны, еңбекақы ставкалары көрсетіледі. Жеке кесімді жұмысшыларға еңбекақыны әрекет ететін расценкаларды (тариф) нарядта көрсетілетін құрылыс-монтаж жұмыстарының іс жүзіндегі орындалған бірлік санына көбейту арқылы анықтайды.

Жұмысшылар кінәсінан болған тоқтап қалулар тоқтап қалулар бетімен рәсімделеді. Оған жұмыс жүргізушілер, бригадир немесе шеберлер қол қояды және тоқтап қалулардың себептері, кінәлілері, ұзақтығы, аты-жөндері, оның разряды, төлем проценті, сол уақытқа еңбекақысының жалпы сомасы көрсетіледі.

Ұжымдық кесімді формада өндіру есебі де нарядтарды қолданумен жүргізіледі. Оның мәліметтері бойынша бригада бойынша толықтай еңбекақы сомасы есептеледі де оны бригада мүшелері арасында олардың мамандылығы есебімен істелген уақытқа пропорционалды түрде бөлінеді. Мұнда келесідей әдістер қолданылуы мүмкін.

1. Көрсетілген адам-күндер бойынша;

2. Коэфициенті бойынша;

3. Еңбекке қатысу коэфициенті бойынша;

Бригадаға еңбекақының аккордты жүйесінде есепті ай ағымында орындалатын немесе тапсырыс орындау кезеңі ағымында орындауға тиісті аяқталған жұмыс кешеніне аккордты нарядтар береді.

Мерзімді жұмысшылардың еңбекақысын іс жүзінде істелген уақытқа тарифтік ставкалар немесе оклад бойынша табельге сәйкес есептейді.

Құрылыс ұйымдарында құрылыс техникасын пайдаланудың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын пайдаланады.

Құрылыс техникасын эксплуатациясы бойынша шығындар есебі үшін шоттардың Бас жоспарында жеке синтетикалық шот қарастырылмаған. Бұл шоттар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес үстеме құрамына кіреді.

Үстеме шығындар жалпы құрылыс қызметімен байланысты шығындар б/т және құрылыс мердігерінің келісімі бойынша таратылуы мүмкін. Бухгалтерлік есепте оларды тікелей 8410 «Үстеме шығындар» шотында бейнелейді.

Бірнеше келісімдер немесе барлық негізгі өндіріс бойынша жалпы құрылыс қызметімен байланысты үстеме шығындарды 8410 «Үстеме шығындары» шоттарында жалпы қабылданған схема бойынша көрсету керек. Үстеме шығындардың аналитикалық есебі үшін шығындардың жеке ірі кешеңді баптары бойынша ресурстардың шығыны бөлшектенетін әртүрлі ведомостарда жүргізіледі. Ведомость мәліметтері, сонымен қатар ірі және бір элементті баптар бойынша шығындарды жалпылама (№ 10 ж/о) өндірістік бөлімшелердің шығындар есебі бойынша №10 ж/о-ге сәйкес ведомостарда бейнелейді.

Жалпықұрылыстық үстеме шығындар есептің келесідей объектілері бойынша таратылуы мүмкін:

- тура шығындарға пропорционалды түрінде;

- орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың келісім (сметалық) құнына пропорционалды түрде;

- негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына шығындарға пропорционалды түрде;

- орындалған машина-сменалық санына пропорционалды түрде;

- басқа да әдістермен.

 

3. Негізгі құрылыс өндірісінде ақау 2-ге жіктеледі: а) құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың ақауы; б) құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісі процесінде жіберілген ақау.

Табылған дефектілерінің сипаты бойынша ақау түзетуге келетін және түзетуге келмейтін болып бөлінеді.

Біреудің кінәсынан болған ақауды 2-ге ажыратады: материалдар мен жабдықтаушылар кінәсынан болған және құрылыс ұйымдарының жеке жұмысшылар немесе қызметі кінәсынан жіберілген ақаулар.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақауын айқындаған жағдайда ақау туралы акт жасайды және сапасыз орындалған жұмысты қайта жөндеуге және түзетуге жұмыстарды жүргізу үшін ресурстардың қажеттілігін есептейді.

Шығындар есебі және ақаудан жоғалтуларды анықтау үшін «өндірістегі ақау» бөлімшесінің шоттары қолданылады. Ақауды түзету шығындарының құрамы ақау категорияларынан және оны қалыптасуына кінәлілерден және оны түзетуде жұмысты кім жүзеге асыратынан тәуелді.

 

4. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебін ішкі салынатын тізімге және жеке жоба мен сметасы бар әрбір құрылыс объекті бойынша жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемінің оперативті есебінің регистрі табиғи және құндық бейнеде объектіде учаске жетекшісі жүргізетін орындалған жұмыс есебінің журналы болып табылады.

Журналды құрылыс учаскесі басшысына жұмыс басталғанға дейін береді. Онда орындауға тиісті жұмыс көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар журналда көрсетілген жұмысқа құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құның құрайтын үстеме шығындар мен жинақтардың сомасына тура шығындардың шамасы туралы мәліметтер келтіріледі.

Журналдың мәліметтері құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарын орындау туралы есеп берушілігін құру үшін құрылыс процесінде қолданылатыны, сондай-ақ негізгі құрылыс процесінде қолданылады, сондай-ақ негізгі құрылыс материалдарын пайдалану туралы есептің мәліметтерін толтыру үшін құрылыс машиналарымен және автокөлікпен, сонымен қатар жұмысшыларға есептелген еңбекақы бойынша құжаттарда бейнеленген жұмыс көлемін бақылау үшін пайдаланылады.

Аяқталмаған құрылыс өндірісінің көлемін анықтау үшін құрылыс ұйымдарымен орындалған және тапсырысшыға беруге жатпайтын барлық жұмыстардың қалдықтарына ай сайын түгендеу өткізеді. Түгендеу мәліметтерін ІКС-7ф. актісінде көрсетеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемінің оперативтік есебінің мәліметтері негізінде және аяқталмаған құрылыс түгендеуінің акті бойынша орындалған жұмыстың сметалық құны туралы анықтама жасалады. Осындай анықтаманы орындалған жұмыстар бойынша генмердігерге субмердігерлік ұйымдар көрсетуі керек.

Құрылыс ұйымдары тапсырыс көрсетілген салық сомасын шегеру құрылысты шаруашылық әдіспен жүргізуде тауарларды босату шамасы бойынша жүргізіледі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын басқа шаруашылық операциялармен өзара байланыста шаруашылық тәсілмен жүргізуге шығындардың қалыптасуы.

Аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау орындалған жұмыстың қабылдау актімен, ал (объекті) тұрғын үй азаматтық белгілеу объектілері бойынша эксплуатацияға оларды қабылдау актімен бейнелейді.

Құрылыс ұйымдары осындай құжаттардың негізінде мердігер келісім шарты бойынша табыстар және шығындарды мойындаудың соңғы операцияларын бейнлейді; ал тапсырысшы қабылданған объектілердің келісім құнын негізгі құралдарды пайдалану бойынша күрделі салулардың құрамында 1340 «Аяқталмаған өндіріс» отының сәйкес субшоттарында көрсетеді.

 

5. Құрылыс жұмыстарын шаруашылық тәсілмен жүргізгеннен кейін құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге кеткен барлық шығындарды құрушы 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотының әрбір объектісіне ашылатын сәкес шоттарда көрсетеді. Шығындар есебі мердігерлер пайдаланатын шығындар баптарының бір бөлігінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын жүргізудегі шаруашылық субъектілерінің шығындары ҚҚС салынбайды. Мұнымен, объект құрылысында қолданылған материалдар және қызметтер бойынша ҚҚС-ң (сомасы) алдында есепке алынған сомасы шегерімді және құрылыс құнының жоғарлауына жатқызады. Жұмыс түрлері жеке кезеңдерін орындау шамасы бойынша төлеу жағдайында клісім шарт жасайды. Осындай жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстарының бір түрі немесе кезеңі аяқталған соң №КС-2-а немесе №КС2-б формалары бойынша орындалған жұмыстардың қабылдаудың аралық акті тапсырушының қатысуымен жасалады.

Сонымен қатар бірге, тапсырысшы барлық дайындық және ашу құрылыс жұмысшыларын аяқталуына қарай жеке қабылдайды, оның нәтижелерін №КС-4 және №КС-5 типтік формалары актінде көрсетеді.

Осы актілер негізінде есепті кезеңге орындалған және қабылданған жұмыстар бойынша құрылыс ұйымдарының табыс сомасын анықтайды және тапсырыс берушіге шот көрсетіледі.

Жұмыстардың қабылданған көлемінің өндірісіне іс жүзіндегі шығындар біруақытылы құрылыс өнімдерін сату бойынша шығындарға қажетсіздендіріледі.

Сонымен, құрылыс ұйымдарының аяқталмаған өндіріс құрамында тек әлі аяқталмаған және тапсырысшыға берілмеген құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері бойынша шығындар тіркеледі.

Өткізілген жұмыстардың өзіндік құнын және аяқталмаған өндіріс қалдықтарының шамасын, сонымен қатар табыс сомасын анықтау Бухгалтерлік есептің №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісімдер» стандартында көрсетілген әдісті қолдану жолымен немесе шаруашылық субъекті есеп саясатында және келісім шартта көрсетілген басқа да принциптерге сәйкес анықталуы мүмкін. Қабылданған жұмыстардың іс жүз.шамасын және аяқт. өндірістің қалдық шамасын келесідей анықтауға болады.

- жұмыстың аяқталған циклін орындауға кеткен іс жүз. шығындар негізінде, мұнда орындалған жұмыстың келісім құны мердігердің келісімін жасауда жоспарланған құрылыс өндірісінің рентабельділігі деңгейі есебімен анықталуы мүмкін;

- іс жүз. кеткен шығындардың ай аяғысындағыдан аяқт. өндіріс құрамында қалатын жұмыстың сметалық немесе жоспарлық өзіндік құнын анықтау алдыңғы жағдайдағыдай;

- орындалған және қабылданған жұмыстың сметалық өз.құны негізінде, тапсырыстың келісім құны барлық шамасымен және орындалған жұмыстың сметалық құнымен барлық тапсырыстың сметалық құнына қатынасы бойынша анықтайды.

Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін және объекті эксплуатацияға қабылданғаннан кейін іске асырылатын есеп бойынша объектілер тапсырысшымен қабылданғанға дейін мердігерлік құрылыс ұйымдарының аяқталмаған өндіріс құрамында тіркеледі.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері қандай?

2.Құрылыстағы өндірістік шығындар қалай жіктеледі?

3.Құрылыстағы ақаудың түрлері қандай?

4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу қалай іске асады?

5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері қандай?

 

 







Date: 2015-12-12; view: 3914; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.045 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию