Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып: Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп
Дәріс сұрақтары: 1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері. 2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу. 3.Тауарларды бағалау. 4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.Сауда сферасында тауар айырбасы, тауарларды сату-сатып алу, осы процестер негізінде сатып алушыларға қызметтер көрсету, сонымен қатар тауарларды жеткізу, сақтау және оларды сатуға дайындау жүзеге асырылады. Тауарларды сатумен үш сауда зонасы айналысады: көтерме, бөлшек және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары. Барлық сауда кәсіпорындарында есептің басты объекті тауар болып табылады. Тауарлардың қозғалысы бойынша операциялар есебі үшін шоттардың Бас жоспарының 1330 «Тауарлар» шоты қарастырылған. Бұл шоттың дебеті бойынша алынған тауарлардың құны, ал кредиті бойынша тиелген немесе жөнелтілген тауарлар құны көрсетіледі. Тауарлардың синтетикалық есебі, кәсіпорындар қалауы бойынша әр түрлі бағдарламалық өнімдердің электронды кестелерінде, немесе бухгалтерлік есептің регистрлерінде жүзеге асырылады. Тауар қозғалысы бойынша операцияларды жалпылау үшін №6 журнал -ордер, №7 журнал –ордер,. №9 журнал-ордер, №11 журнал-ордер қолданылады. Сату процесінде келесідей түсініктер қолданылады: түсім (пайда), сауда үстемесі, тауар айналымы, сатып алу бағасы, лицензия, сату бойынша шығындар. Сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тауарлық операциялар есебінің жалпы және спецификалық принциптерін таратуға бағытталуы керек, ол келесідей позицияларды қосады: 1. Әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша есепті ұйымдастыру (бригада) 2. Әрбір нақты ұйым жұмысының ең біртұтас жағдайында тауарлар есебінің сызбасын таңдау (жеке, табиғи-құндық, құндық). 3. Тауарларды кірістеуде және шығаруда бағалаудың бірлігі. 4. Тауарлар бары және қозғалысы туралы есепті ұсыну мерзімі және кезеңділігі. 5. Тауарлардың іс жүзіндегі қалдығына түгендеу жүргізу жолымен кезеңдік тексеру және бағалықтардың сақтығын қажет етуі тексеру үшін бухгалтерлік есеп мәліметтері мен оларды салыстыру.
2. Сауда кәсіпорындары тауарларды әртүрлі жағдайларда алады: Жабдықтаушы қоймаларында, темір жол бекетінен, аэропорттан немесе материалды-жауапты тұлға қабылдайтын өзінің сауда үйінде. Жабдықтаушы қоймасынан тауарларды қабылдауды материалды-жауапты тқлға жүзеге асырады. Жабдықтаушы қоймасынан тауар алғанда материалды-жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Материалды-жауапты тұлға сенімхатты келесі күні бухгалтеряға тапсырады. Жабдықтаушымен тауарларды бөлшектеп босатуда әрбір босатуға накладной 3 данада номері мен беру күнін көрсете отырып толтырады. 1-данасын тауар алушыға, 2-сі жөнелтушіде қалып, 3-бухгалтерияға жіберіледі. Жабдықтаушы автокөлігімен сатып алушы қоймасына тауарды жеткізуде сатып алушы материалды-жауапты тұлға жабдықтаушы экспедиторынан тауарды орын саны және брутто салмағы бойынша қабылдайжы және тауарлы транс.накл мәліметтерімен слыстырады. Салыстыруда ауытқулар айқындалса акт жасалады. Актте айқындалған ауытқулары бар тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі. Темір жол транспортымен тауарларды жеткізуде тауарларды қабылдау вагондарды түсіру орнында немесе темір жол қоймаларында жүргізіледі. Тауарлар ере жүретін құжаттарға сәйкес қабылданады. Алдымен вагонның тұтастығы, бүтіндігі, пломбанаң барлығы, вагонды пломбалаған ұйым мөрінің нақтылығы қаралады. Бар тауар және есепті құны көрсетіледі. Сонымен қатар сауда кәсіпорындары тауарларды тұрғындардан да сатып ала алады. Мұндай жағдайда кәсіпорын сатып алушының материалды жауапты тұлғасы сатып алу актін жасайды, онда аты-жөні, РНН, тауар аты және жалпы сома көрсетіледі. Кәсіпорын балансына тауарларды кірістеу ережеге сәйкес жабдықтаушы құжаттары негізінде жүзеге асырылады: - шот-фактура, - тауарлы көліктік накладнойлар, - накладной және т.б.
3. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады. 1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді. 2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты. 3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. 4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады. 5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды. Баға – ол айырбас барысында белгілі тауарға ие болу мақсатында тұтынушы қиюға дайын ақшаның саны, немесе игіліктердің, құндылықтардың қосындысы. Фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде өз тауарларының құндылығын сезінуден бастағанды дұрыс деп санауда. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып алушылардың ұғымында тауардың құндылығын құрастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек.
4. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады. Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды. Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады: 1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру; 2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу; 3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру; 5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды. Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша – мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру ыңғайына байланысты болады. Бөлшек дүкендер типтері 1. Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді. ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар(14;36); 1. Супермаркеттер – үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер. Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде азық-түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін. 2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың шаршы метрге дейін жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге қарағанда 2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен, көптеген қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың асортиментінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар. 3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейін шаршы етірге жетеді. Супермаркеттің көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме сауданың негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін, азық-түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім және тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы «Wal-Mart» Алматыдағы «Рамстор – Бутя» дүкендер жүйесі. 4. Cash&Carry дүкендері. Ауданы – 400 шаршы м. жоғары. Жұмыс күшін үнемдеу арқылы тауарларын ұсынады. 5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан түрлі ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.). 6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады. 7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині. 8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы жоғары болады. ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады. 1. Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады. 2. Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады. 3. Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны. ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар: 1. Пошта арқылы сату («Директ-мейл»); 2. Автоматтар; 3. Тапсырыстар қызметі; 4. Шығарып сату саудасы.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Тауарлар есебінің негізгі қағидалары қандай? 2.Саудада баға қалай қалыптасады? 3.Бөлшек саудада тауарлық операциялар қалай рәсімделеді? 4.Көтерме сауданың негізгі қағидалары қандай
Date: 2015-12-12; view: 3771; Нарушение авторских прав |