Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Дәріс сұрақтары:
1.Мал шаруашылығының ерекшелігі әртүрлі өнімдердің үлкен санын береді, сондықтан мал шарушылығы өнімдерінің калькуляциясы ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлерінің арасындағы ең күрделісі болып табылады. Ауылшарушылық кәсіпорындарында малдар еңбек құралдары және еңбек заттары рөлінде қатысады. Еңбек құралдары, яғни олардың өмірінен өнім алынатын малдар жатады: сиырлардың сүтті табыны жұмыс аттары, түйелері, қойлары және т.б. Еңбек заттарына олардың сойғаннан кейін алынатын өнім малдары, сонымен қатар негізгі отарға ауыстырғанға дейінгі жас малдар жатқызылады. Өсірудегі және бордақылаудағы малдар мағынасы бойынша мал шаруашылығының аяқталмаған өндірісін көрсетеді және олардың есебі үшін 1340 "Аяқталмаған өндіріс" шотынан "Өсірудегі және бордақылаудағы жас малдар" субшотын ашуды ұсынады. Бордақылаудағы малдар және жас малдар қозғалысы мамандандырылған құжаттар көмегімен жүргізіледі. Алғашқы құжаттар формалары шаруашылық субъектімен жеке жасалуы мүмкін, бірақ ол үкілетті органдар бекіткен талаптарды сақтау негізінде жасалуы керек. Алғашқы құжаттың негізгісі көптеген малдардың төлдерін кірістерін болып табылады. Ол екі данада зоотехник және малдәрігерлерінің қатысуымен толтырылады. Аң мен үй қоянын әрбір түрінің өсімі аң өсіретін шаруашылықтарда қолданылатын аң өсімін кіріске алу жөніндегі жинақтау актісінің негізінде есепке алынады. Актіге өсімнің алдына қарай жазба жүргізіліп, ол күшектеу біткеннен кейін аяқталады, бірақ ол есеп беріліп отырған айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуі тиіс. Малды бір топтан екінші топқа немесе негізгі табынға көшіру малды топтан көшіруге арналған актімен рәсімделеді. Кешендегі шошқалар мен жемнің есебі түлік өзгерісімен жем шөп шығынын парағында жүргізіледі. Малдардың тірілей салмағының өсімі малды өлшеу Ведомосында анықталады, ол мезгіл-мезгіл немесе іріктеп өлшеу кезінде, сондай-ақ мал келіп түскен және жетілген реттерде толтырылады. Ведомосты малдың есеп топтары бойынша жасайды; оның деректері өсімді анықтау есебінде жазылады. Ол түлікте және есеп өндіріс топтары, сондай-ақ мал бекітіліп, бекітілген материалдық жауапты адамдар бойынша жүргізіледі. Арам өлген, амалсыздан сойылған малды, мал мен құстың шығыны Актісімен рәсімдейді. Сойылғанда алынған өнімнің кіріске алуына накладной жазылады, оның екі данасы Актіге қосып тіркеледі. Малды кейіннен өткізуі бордақылау немесе шаруашылықта сою үшін негізгі табынан ақауға шығару, яғни негізгі тобындағы малды айналым құралдарына есептелетін ересек мал құрамына жатқызуы малды негізгі тобынан шығару Актісімен рәсімделеді. Малдағы өзгеріс жөніндегі құжаттарыдың бәрі бөлім меңгерушісінің немесе бригадирдің, мал дәрігерінің, зоотехниктің және материалды жауапты адамның қатысуымен жасалады. Оларда малға сипаттама беріледі, кәсіпорынның, алушының шифрлары келтіріледі, құжаттың рет саны, күні, малдың саны, салмағы, құны және басқалар көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін олардың деркетері мал мен құс өндірісінің Есеп кітабына және бөлімдегі мал мен құстың өзгерісі қорытынды есепке жазылады. Өсірісген балапандарды қабылдау жөніндегі операцияны есептеу үшін тәуліктік құс балапандарының шығуы мен сортталуына арналған Акт жасалады. Онда шығу %-і, шыққан балапандардың саны мен сапасы анықталады. Балапандарды екінші және үшінші есеп топтары мен мекиендар тобына ауыстыру,малдытоптан топқа көшіругеарналған Актімен рәсімделеді. Бұл үшін белгілі бір топтағы мал мен құстың есеп беріліп отырған кезеңнің аяғына қарай белгіленген тірілей салмағына белгілі бір жас тобынан есеп беріліп отырған кезең ішінде түскен мал мен құстың тірілей салмағы жән есеп беріліп отырған кезеңнің басында есепте болған мал мен құстың тірілей салмағы шегіріліп тасталады. Қой, ешкі, құс және үй қояндары бойынша тірілей салмақтың өсімі есептеу жолымен анықталады. Бұл үшін әрбір жас тобы бойынша белгілі бір топқа тән малдың кемінде 5%-ін іріктеп алып, өлшейді де, әр малдың орташа салмағын шығарады. Малдың орташа салмағын сал топтағы мал санына көбейтіп, топ бойынша айдың аяғындағы жалпы салмақ шығарылады, содан соң тірілей салмақтың өсімі анықталады. Құлын, бота, есектің күресі және аңның күшігі бойынша тірілей салмақтың өсімі есептелмейді. Малдың бұл түрлері бойынша өсім нақты азықтандырылған күн сайын және азықтандырылған 1 күнге шаққандағы өсірудің жоспарлы құны негізге алына отырып есептеліп шығарылады. Марқайту мен бордақылау процесінің өнімі тірілей салмағының өсімі болып, оның құны малдың тиістітүліктері мен топтарын күтіп-бағу жөніндегі шығындарға тең болады және олардың бастапқы салмағы мен құнына қосылады. Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша екі әдіспен: өлшеу жолымен және есептеу жолымен. 1 әдіс бойынша – тірілей салмағы өсімін малдың екі өлшенуі аралығындағы салмағын салыстыра отырып,; екінші әдіс бойынша сол мал түліктерініңжас топтарына қарай іріктеп алып анықталатын тірідей салмағын негізге ала отырып табады. Тірілей салмағының өсімі есепке алынбайтын мал бойынша өсімқұны нақты азықтандырылатын күн саны мен азықтандырылатын 1 күн ішінде өсірудің есепті құны бойынша есептеледі. Алынған өнім мынадай тәртіппен: сауын малындағы бұзаулар -- әрбір төлдің есепті құны бойынша торайлар – туған кезіндегі тірілей салмағы және 1 ц тірілей салмағының есепті құны бойынша; қозылар – енесінен айырғанға қарай әрбір бір қозының есепті құнының 50%-іне тең есепті бағамен, боталар мен құлындар – ірі жылқыны баққанда азықтандырылатын 60 күннің құнына теңестірілетін 1 құлынның есепті құны бойынша, тауықтың, үйректің, қаздың балапандары инкубация өнімінің өз құнын есептеуге сәйкес әрбіреуінің есепті құны бойынша бағаланады. Шаруашылық субъектінің есепті саясаты мен есепті құны ретінде қандай көрсеткіштің қатысатынын анықтап алуы керек. Алдыңғы кварталға орта іс жүзінде өзіндік құн; есепті кезең ағымында өзгеріссіз қолданылатын шартты тұрақты көрсеткіш және т.б. Есепті кезең соңында есепті құн іс жүзіндегі құнына ауытқулар сомасы және % есептеу жолымен жеткізілуі керек. Ауытқу сомалары және процентін бастапқы қалдық және ай ішінде түскендері негізінде есептейді. Ауытқулар проценті келесі формула бойынша есептеледі.
Ауытқулар проценті= ауытқулар сомасы Қалдық+Есепті құн бойынша түскен * 100
Шот 1340 "Аяқталмаған өндіріс" өсірудегі және бордақылаудағы жас малдар есебі бойынша шоттың белгіленуіне апарады, оның құрамында жас малдар көрсетіледі. Шот 1350 "Басқа негізгі құралдар" бұл шотта жеке субшоттарда негізгі табын есептелуі керек. 8 бөлім "Өндірістік есеп шоттары". 8110 шот "Негізгі өндіріс" – малдар түрлері бойынша шығындарды субшоттарды құру схемасы бейнелейді. 8310 шот "Көмекші өндіріс" – субшоттарды ұйымдастыру өндіріс түрлері бойынша жүзеге асырылу керек. 8410 шот "Үстеме шығындар" – есеп саясатында мал түрлері бойынша үстеме шығындарды тарату үшін негізі болып табылатындар қарастырылуы керек (тура шығындардың жалпы шамасы, жұмысшылардың еңбекақысы). 1320 шот "Дайын өнім" – субшоттар мал шаруашылығы өнімінің осы немесе басқа түрлеріне сәйкес келуі керек және өнімдердің жеке түрлеріне бөлек есеп жүргізу ұсынылады. Шаруашылық субектінің қалауы бойынша есеп саясатында малдардың өлімін қажетсіздендірудің бір варианты таңдалуы керек. -өнімнің 1 бірлігі құнының шамасы есебінсіз сандық бейнеде өнімнің жалпы құнын азайтады, яғни өнімнің шығарылымының бірлігі құны автоматты түрде өседі. -Жалпы тағайындалған (белгіленген) тәртіпте өнім бірлігінің құнын есептейді және 7210 "Әкімшілік шығындар" шотына жатқызады. Егер өнім жауапты тұлғалардың кінәсі бойынша жүргізілсе, онда жетпеушілікті олардың қаржысы есебінен толтырады. өндірістік процестік циклділігі есепті кезең ағымында шығарылады. Іс жүзінде құны бойынша есептеуге мүмкіндік бермейді. Есепті кезең ағымында барлық қозғалыс есепті құны бойынша жүзеге асырылады, жыл соңында корректировка жасалады.
2. Мал шаруашылығы өнімдерінің шығыны мен шығарылғанның есебі. Аналитикалық есепті мал шаруашылығы шығындары малдардың түрлері бойынша есептеледі(алынған өнім түрлері емес). Малдың бір тобынан екі немесе одан да көп негізгі өнім алынатын жағдайда, оның өз құны тағайындалған коэффициенттермен және есептеу әдістерінің көмегімен анықталады. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығарылуының аналитикалық талдау есебі малдың келесідей түліктері мен топтары бойынша жүргізіледі. Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: сауын малының негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған мал. Етті ірі қара: етті малдың негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған 8 айдан асқан малдар. Шошқа шаруашылығы: шошқалардың негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған шошқалар. Қой шаруашылығы: жүнді және етті қой шаруашылығы; каракүлге арналған қой шаруашылығы. Құс шаруашылығы: ересек үйір; өсірілуге қойылған балапандар; инкубация – жұмыртқаны инкубациялау. Жылқы шаруашылығы негізгі үйір; өсіруге қалдырылған жас жылқы. Омарта шаруашылығы: өсіру, бал алу, тозаңдатып бал алу. Балық шаруашылығы: шығындар есебі сала бойынша жүргізіледі. Мал шаруашылығының ерекшеліктеріне қарамай мал шаруашылығы өнімдері негізгі түрлерінің өзіндік құнын анықтаудың жалпы схемасын құруға болады. Малдардың берілген топтарына жататын шығырдың жалпы сомасына болашақ жылға ауысатын тығырды шегереді және қосалқы өнімдер құнын алып тастап қалған соманы өнімнің жалпы шығарылымына бөледі. Бухгалтерлік есеп шоттарында мал шаруашылығының негізгі түрлерінің шығындарының және калькуляциялаудың бейнелеудің (схема) қысқартылған жалпы сызбасын құруға болады. Алдымен шаруашылық субъектінің есеп саясаты мен шоттардың жүйесі өңделуі керек. Мал шаруашылығында алынған өнімдердің өз құнын есептеуден (басқа) қатар малдың әрбір есепті тобы бойынша азық күн өзіндік құны және малдың бір басын ұстау анықталады. Азық-күннің өзіндік құны малдың осы есепті тобы бойынша шығарылады. Оларды ұстаудың азық-күні санына бөлу арқылы анықталады, ол малдар және құстардың қозғалысы есебі кітабының мәліметтері бойынша тағайындалады, кітапта әрбір есепті топ бойынша күнделікті барлық өзгерісті және қалдықты анықтап жазып отырады. Кітап бойынша күнделікті қалдық сомасы күндердің жалпы санынан құрайды. Малдардың бір басын ұстаудың өз құнын есепті топ бойынша шығарады. Азық-күндердің есепті санын кезеңдегі ұстаудың календарлық күндері санына бөлу жолымен тағайындайтын осы кезеңдегі қыстаудың малдың орта санына бөлумен анықтайды. Аяқталған өндірістегі қалдықтарды шегеріп тастағандағы бағып күту жөніндегі шығындар, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрайды; (оны түліктер мен топтар бойынша есептеп шығару). Мал өсіру өнмінің өзіндік құнын анықтағанда жыл аяғында қалдырылған малдың тірілей салмағына жыл ішінде шығып қалған малдың тірілей салмағын қосады, жыл басындағы қойылған малдың және жыл ішінде өсіру мен бордақылауға түскен төлдер мен малдың тірілей салмағы шегеріп тасталады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1.Мал шаруашылығында бухгалтерлік есеп ұйымдастырылуы қандай ретте жүргізіледі? 2. Мал шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай? 3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік құжаттар қалай жүргізіледі? Date: 2015-12-12; view: 2576; Нарушение авторских прав |