Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет Экономикалық өсімнің негізгі сипаттамалары: мақсаттары, типтері





10. Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.
Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою;
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
- жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

 

72, Салаларды қолдайтын үкімет пен бизнестің арасындағы қатынас.
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.

Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.


Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.[1][2]

Үкімет түрлері [өңдеу]

Демократиялық емес жүйе: Кейбір елдерде бір партияның болуына ғана рұқсат етіледі де, қалған партияларға тыйым салынады. Сайлау өтетін кездерде жеке дара партия өз кандидаттарын ұсынады да, сайлаушыларға осы таңдауды мақұлдауға ғана қалады. Бұл бірпартиялық басқару жүйесіндегі мемлекет немесе дмократиялық емес жүйе деп аталады. Мысалы: Куба Республикасы демократиялық емес жүйені қолдайды. Монархия: Көптеген елдерде, мәселен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінде мемлекеттің басшысы болып табылатын король немесе королева болады, бірақ олар елді басқармайды. Бизнес (ағылш. busіnessкәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі;жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.[1][2].

Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық,рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерініңсұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстансалық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады,


 


73 Экономиканың мемлекеттік секторы және оның тиімділігі.

Экономика Секторы – экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Э. с. экон. жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша – мемл. муниципалдық, жекеше Э. с.; өндірістің көлемі бойынша – ірі (корпоративтік), орта және шағын Э. с.; инвестиц. қызметтің бағытталуы бойынша – нақты, қаржылық Э. с.; салалар бойынша – өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемл. Э. с. – жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемл. меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемл. біртұтас кәсіпорындарға, мемл. мекемелерге бекітіліп берілген мемл. мүлік, елдің мемл. қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерц. ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемл. Э. с-ның дамуын мемл. кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды. Бейкорпоративтік Э. с. – бейкорпоративтік (яғни акцион. қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы – жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда (“меншік нысаны” өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Э. с. – жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Э. с-дың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік Э. с-нда ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді.


Мәдениеттендіру тарихында мемлекет экономиканың ажырағысыз бөлшегі болып қарастырылды. Қазіргі заманғы экономистер нарық экономикасында мемлекеттің рөліне беретін орны Адам Смиттің концепциясына сай келеді. Адам Смит концепциясында мемлекет меншік құқықтарына, ұлттық егемендіктің тұтастығына, заңдылығына, құқықтық тәртіпке және ұлттық валютаның тұрақтылығына кепілдік және қорғау керек.
Нарықтың дұрыс қызмет етуіне меншік құқықтар жүйесі, заң институттары, барлығын "азаматтық қоғам" деп аталатын шешім қабылдайтын саяси механизмдер түріндегі адекваттық институционалды базаны құруды қажет ететіндігін экономикалық өсу тәжірибесі көрнекі көрсетті. Нарықтар осы құқықтарды беруді қамтамасыз ететін меншік құқықтарды нақты анықтайтын және заңдар мен құқықтар жүйесін барын ұсынады. Келісім шарт құқығы нарықтық келісімдер барысындағы өндірістік ресурстарды және игіліктерді орналастыруды іске асыратын ортасын құрайды. Көп уақыт бойы экономикадағы мемлекеттің рөлі осымен шектелді.
Мемлекеттік меншік кез келген мемлекет экономикасын реттейтін басты құралы және ажырағысыз бөлігі болып табылады. Қандай да болмасын жеке құрылымның қолынан іс келмейтін бірнеше қызметті мемлекеттік меншік қамтамысыз етеді.
Жеке сектормен салыстырғанда мемлекеттік сектордың мақсаты – конституциондық қызметтердің іске асыруын қамтамасыз ету және өмірдегі басты қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қазіргі уақытта мемлекеттік сектордың керектігі туралы сұрақ тұрған жоқ - әрине керек.
Экономикалық саясат пен жалпы мемлекеттің саясатын ел экономикасындағы мемлекеттік сектордың бөлігі, оның қызмет етуінің сипаты анықтайды.
Мемлекеттік меншікті тиімді басқаруы мемлекеттің барлық әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жетуіне әкеле алады.
Мемлекеттік меншік нарық экономика жағдайында экономиканың тиімді және ойдағыдай қызмет етуіне объективті қажетті жалпықайтаөндіріс сипаттағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық қызметтерді орындайды:
- дәстүрлі жеке капитал үшін қызығушылықты көрсетпейді, бірақ олардың дамуы қайтаөндірістің жалпы шарттарды анықтайтын, пайдалылықты аз әкелетін салалардың қызмет етуін қамтамасыз ету;
- ескі салаларды сауықтыру (қара металлургия, кеме құрылысы және т.с.с.). Мемлекет мамандандыру және өндіріс кооперация базасында олардың дамуын қамтамасыз етеді, ал жеке жағдайларда оларды субсидияландырады;
- экономиканың өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өмірге қажетті экономикалық салаларына көмек көрсету, осының негізінде әлемдік шаруашылықта елдің беделі мен ұстанымдарды нығайту (мұнай өндіру, авиағарыштық, атомдық);
- өндірістік кәсіпорындарды салу және жұмыс орындарын құру, бар әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарды анықтау үшін кадрлардың қайта дайындауды өткізу арқылы аймақтық саясатты жүргізу;
- экономикалық қатынаста зиян келтіру мүмкін өндірістік салаларына ысырапсыз және экологиялық таза технологияларды енгізу базасы арқылы қоршаған ортаны қорғау, әсіресе энергетикаға, өндіруші өнеркәсіпке;
- жалпы капиталдың қайтаөндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік меншік материалды шарттарды жасайды. Ол жалпыхалықтық мәнге ие экономиканың орталары мен салалары, инфрақұрылымның өндірістік басты құрылымдары мемлекетке жататындықтан мүмкін болады. Солай: Японияда, Канадада және Францияда энергетика; Францияда, Италияда, Швецияда, Испанияда және Австрияда теміржол мекемелері; Францияда және Испанияда авиамекемелері; АҚШта және Японияда пошталық байланыс мемлекеттік меншікке түгелімен жатады. Басты-басты табиғи ресурстарға, интеллектуалды және тарихи-мәдени құндылықтарға мемлекет жиі мүлік иесі болады. Ол жоғарғы технологияларды дамытуды және енгізуді, іргелі ғылымды қаржыландырады. Мемлекетке мағлуматты өнімнің айтарлықтай бөлігі және т.с.с. жатады.
-мемлекетке ел ішінде және шетелде басқа меншік иелерімен экономикалық құқық қатынастарда дербес элемент болуға рұқсат етеді, халықаралық және ішкі келісімдер мен бітімдердің көбісінің, халықаралық аманат құқықтың кепілі болады.
- мемлекеттік меншік жоғары деңгейдегі қоғамдастыруы бар және жеке капиталдың (космостық өнеркәсіп, қазіргі информациялық байланыс, экономикалық қауіпсіздік және т.с.с.) күшіне келмейтін капитал салымдарын қажет ететін экономиканың капиталсыйымды салалардың, өндірістің және орталардың қызмет етуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік меншік әлеуметтік ортаның қызмет етуін және қоғамдық игіліктерді өндіруді қамтамасыз етеді;
- елдің жалпыхалықтық және жалпымемлекеттік мүдделерін қорғауға бейімделген мемлекеттің дербес экономикалық саясатын жетілдіруді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
- дағдарыс соққыларын қақтығыстырып, салық салуды төмендету және мемлекеттің қаржылық қорларын пайдалану, тауарды сатып алуға басып кіру, жоғарғы технологияларды меңгеруді жылдамдатуға көмектесу, банкротқа ұшыраған кәсіпорындарды ұлтшылдықтандыру және т.с.с. арқылы дағдарыстан шығуды тездету үшін қаржыларды мобилизацияландырады.
- Әлемдік тарих көрсеткендей мемлекеттік сектор кез келген қоғамдық және саяси құрылымда елдің қайнар экономикалық тірегі болады және мемлекеттік басқарудың негізгі саланы құрайды.
Қандай да болмасын көлемде мемлекеттік сектор әр елдің экономикасына қажет, сондықтан да Европаның көп елдерінде, Азияның Оңтүстік-Шығысында, дамыған елдерде мемлекеттік меншікке айрықша рөл бөлінеді. Қазіргі уақытта Европалық қауымдастықта мемлекеттік шаруашылық объектілерде 8 млн. астам адам жұмыс істеп жатыр – барлық жалдамалы жұмысшылардың 11% құрайды.
Мемлекеттік сектордың айтарлықтай бөлігі – көбінесе рентабельді емес инфрақұрылымның объектілері. Басқа бөлігі –инвестицияны көп қажет ететін, ал капиталдың айналымы баяу, шикізат және энергетика салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік кәсіпорындардың рентабельділігі жекемен салыстырғанда төмен болады. Мемлекеттік сектордың бір бөлігі – жеке-мемлекеттік компаниялардың акциялар пакеті.
Мемлекеттік меншіктің мөлшері, ұлттық экономикадағы бөлігі тек жаңа құрылыс нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сектордың рентабельді, жаңартылған объектілерді жеке капиталға сату немесе жекешелендіру салдарында.
№268-XII 1994 ж. 27 желтоқсаннан ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес:
1. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналды меншік түрінде болады.
2. Республикалық меншік заңды актілеріне сәйкес мелекеттік республикалық заңды тұлғалардың артынан бекітілген республикалық қазына мүлігінен тұрады.
Қазіргі нарық шаруашылығы мемлекеттің меншігінде бір қатар институттарынан ажыратыла алмайды, бірақ ең жіңішке және де өмірге қажетті макроэкономикалық реттеу болып табылады.
Экономистер екі қарама-қарсы көзқарасты ұстанады. Біреулері, макроэкономикалық саясат – экономикаға игілік, осыдан шығады, ал екіншілері, онда бюрократтар мақсаттарының салдарын көреді. Екі ұстаным да мемлекет рөлінің өсуінің керектігін және объективті шарттастығын мойындайды. Нарық экономикада, бірақ та осы процесстің бастауларын түрліше көреді.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, өзін-өзі реттейтін нарық ең оптималды экономикалық нәтижелерге әкелмеуі де мүмкін. Оның себебі координацияның «сәтсіздігі» - нарықтың тиімді жұмысына болысатын шешімдерді қабылдауға бәсеке жиі кедергі жасайды.Осы ереженің көрінісіне алғашқылардың бірі Кейнс назар аударды:үй шаруашылықтарының жинақтар туралы шешімдері және инвестиция туралы фирмалардың шешімдері арасындағы сәйкессіздік.
Кейнс экномиканың потенциалды деңгейінен әлдеқайда төмен деңгейде қызмет еткенде, кейбір шарттарда нарықтың тепе-теңсіздік жағдайынан шыға алмайтынын көрсетті.
Кейнс бойынша, мәселе қаржы нарығын үйлестіретін механизмнің дұрыс жұмыс істемеуінде. Оның шешімі толығымен қаржылық нарық деңгейінде жатады, яғни макроэкономикалық болады. Кейнс ақшаның қоғамдық институт екеніне назар аударды, оның дұрыс қызмет етуіне мемлекет жауапкершілікті.
Кейнс ақша айналымының, баға деңгейінің, валюталық курстың және процент мөлшерінің тұрақтандыруына бағытталған мемлекеттің ақша-несие саясаты дамыған нарық шаруашылығының қажетті элементті болғаның көрсетті. Орталық банк таза есеп айыратын орталықтан және алтын қордан ұлттың экономикалық ортаны және оның ақшаларын қалыптастыратын қажетті институтка айналды. Кейнс Орталық банкті ұзақ экономикалық депрессияның жаман шеңберінен шығудын негізгі құралы деп қарастырды. Одан да ақша-несие саясатының қарапайым шаралары іскер белсенділіктің кенет түсулерді болдырмауы мүмкін. Орталық банктердің істерін халықаралық координациялауында сауда соғыстарының тәртіпсіздіктен, валюталық дағдарыстардан және халықаралық есеп-айыру жүйесінің қирауынан шығу жолдары көрінді.
Макроэкономикалық климатты жасауда мемлекет рөлінің толғануы тек ақша айналымы мен несие салаларына өз әсерін тигізіп ғана қоймады. Кейнсианстардың жұмыстарында ағымды экономикалық және саяси конъюнктурасына селқос сезінетін, шаруашылық өмірдің аз мәнді көрінісінен мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыз жиынтық сұраныс пен экономикалық циклге әсер ететін қуатты құрал ретінде көрсетілді. Бюджеттік-салық шараларының нәтижесі сәйкес ақша-несие саясатымен қиюласқанда қат-қабат арта береді. Бюджеттік және ақша тұтқалары экономиканың айналымын толығымен жоймаса да, «ұлы» дағдарыстар мен күйзелістерді болдырмауға үміттенуге рұқсат береді.
Ойланылған ақша-несие және бюджеттік шараларды қиюластыруында тұратын, соғыстан кейінгі макроэкономикалық саясатты іске асыру практикасы кейнсиандық әдістердің тиімділігін аса көрнекі көрсетті.
Нарық механизмнің жұмысына мемлекеттің араласу масштабына басындағы сергектігі келе келе экономикалық белсенділіктің ағымды ауытқуларды тегістеу мақсатында макроэкономикалық процесстерді реттеу үшін мемлекеттік шығындарды пайдалану ұмтылуына ауысты. Ал оның тұрақтандыру әсерінің маңыздылығы біліну үшін, ұлттық табыста оның үлесі тез үлғайды. Экономиканың өсу қарқынына, жұмыссыздық деңгейіне, процент мөлшерінің көлеміне үкімет жауапкершілігін алды. Осы бағыттың жақтаушылары белсенді макроэкономикалық саясаттың жетістігін, дамыған елдерде экономикалық айналымның ауытқу амплитудасы әлдеқайда төмендеді және соңғы 50 соғыстан кейінгі жылда Ұлы дағдарыс төндірген жоқ, осыдан көріп тұр.
Экономикалық ауытқуларды жеңілдету үшін экономистер 60 жылдары өз күмәндерін айтты, бірақ осы макроэкономикалық саясат нұсқауының 80-90 жылдары болған сыны осындай өткір болған емес. Мемлекет араласуының ұлғаюы өзіндік мақсатпен төрешілдіктің өктемдік жүргізу процессі сияқты, экономикалық дамуының мүддесімен сертті емес процессі сияқты сыншыларға болып көрінді. Белсенді мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың қарсыластары көптеген дамыған мемлекеттерде экономиканың реттеуі, мемлекет араласу саланың ұлғаюі көбінесе мемлекеттің банкротқа ұшыраумен және әлеуметтік кризиспен аяқталады, толық күйреуге ұшырайды.
Мемлекеттік төрешілдік өсу беталысына ие, жиі өз талпыныстарын экономикалық механизмнің кемел еместігімен негізделеді, ол жеке экономикалық белсенділіктің ығыстыруына, көлеңкелі саланың пайда болуына, коррупцияның өсуіне әкеледі. Осы көзқараста мемлекеттік сектор неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы.
Жаңа консервативтік парадигма макроэкономикалық саясаттың және оның ақша-несие және бюджеттік-салықтық аспаптығын керектігін мойындайды. Оның мақсаты өзгерді: егер кейнсианстар экономикаға әсерін одан әрі өсіргісі келсе және экономиканың ағымды ауытқуларына жауап ретінде максималды жеделдікке шақырды, консерваторлар ең басына экономикалық саясаттың алдын-ала болжамдығын, оның ауытқымаушылығын қойды. Олардың ойынша, макродеңгейде нарықтық шаруашылықты реттетін экономикалық объектілердің мемлекеттік қызметке максималды бейімделуді қамтамасыз етті, макроортаның жоспарлау процессін жеңілдетті және тұрақты параметрлерін құрды. Олар кейін экономиканың миллион субъектілерінің шаруашылық жоспарда бекітіледі.
Макроэкономикалық саясатқа сыншыл әдістемесі мемлекеттің микроэкономикалық процесстерге қатынасуды кеміту әрекеттерімен қоса жүреді.
Кәсіпорындардың жекешелендіруі белсенді жүргізіле басталды, көптеген салалардың реттелуі; әлемдік нарықта ерікті сауда үшін кедергілер едәуір елеулі төмендетілді. Осының барлығы экономикадағы мемлекеттің рөлін қайта ойландырды, мемлекет басқаруының тиімділігіне және өндіріске және көптеген тауарлар мен қызметтердің іске асыруына мемлекеттің араласуына басқаша қаратқызды. Бірақ мемлекеттің ынталандыруына сыншылдың өсуіне қарамастан, бір де бір дамыған ел макроэкономикалық реттеудің аспапшылығынан безген жоқ.
80-жылдары мемлекеттік сектордың өсуі ақырындатылды, бірақ мемлекеттің экономикалық әл-қуатының өсу процессі тоқтатылған жоқ (Қосымша Д).
Мемлекеттің экономикаға араласуының барлық түрлері біртұтас жүйені құрайды.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әр моделі экономикалық саясаттың шарттарының жиынының түрінде және осы шарттарды дамытатын және іске асыратын сай мемлекеттік институттар түрінде іске асады және элементтердің нақты тіркесімді көрсетеді. Экономикалық саясаттың әртүрлі бағыттар арасында керекті кезде координация жүргізілу қажет. Экономикалық саясаттың әртүрлі шарттарының өзара ықпалының жеткіліксіз есебі нақты шарттардың тиімділігіне елеулі шек қоюы мүмкін: мысалы, мемлекеттік боджеттің дефицитін қысқарту шаралары инфляцияның қандай да болмасын қысқартылуына әкелмейді, егер онымен қатар ақша массасына бақылау және банк жүйесінің қатал несие саясаты жүргізілмесе. Жоспарлы және нарықты экономикадағы мемлекеттік сектордың модельдерінің елеулі айырмашылықтары бар. Егер нарықты экономикада мемлекеттік сектордың барлық элементтері бірдей маңызды болса, онда жоспарлы экономикада экономикадағы мемлекеттің жетекші рөлі ең алдымен барлық өндірістік потенциалдың негізгі бөлігінің мемлекеттік кәсіпорындарда жинақталу жолымен іске асады. Ал өндірістің өзі саяси мақсаттарға қызмет етеді. Субъектілердің мінезқұлығын реттеудің саяси механизмдері өзімен шаруашылық ынталандыруды ауыстырады. Шаруашылық байланыстың барлық түрлері өте реттелген болғаны
на таңғалмау керек. Осылайша экономиканы саясаттандыру, қажетті шаруашылық шешімдерді қабылдағанда саяси моитвацияның бар болуы мемлекеттік сектордың «әлеуметтік моделін» сипаттайды.
Мемлекеттік сектордың орны мен рөлі бойынша нарықты экономика жоспарлы экономикадан ерекшелінеді. Экономикаға мемлекеттің араласуының әртүлі институттар мен шарттар жүйелері бар. Оларды модельдер деп атайды. Осы модельдер экономикаға мемлекеттің араласуының әртүрлі түрлерінің салыстырмалы рөлімен және аумақтарымен ерекшелінеді. Модельдің таңдалуы факторлардың күрделі өріміне байланысты. Ал кейде сыртқы жағдайларға байланысты болады. Бір модельдің тұрғысында саясаттың бағыты аустырылуы, басымдылықтар ауысуы сияқты өзгерістер болуы мумкін – осының бәрі олардың иілгіштігін және өмір сүру қабілеттігін анықтайды. Бірақ институттар жүйесі және оның жалпы стратегиялық мақсаттары салыстырмалы тұрақты қалады.

 







Date: 2016-01-20; view: 902; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию