Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билет Қазақстандағы парламентаризм





Қазақстандық парламентаризм 1995 жылғы Конституция мемлекеттік басқару жүйесі, меншік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне қатысты міндеттерді жаңаша тұрғыда шешті. Жоғары өкілді орган — екі палаталы Парламенттің құрылуына құқықтық негіз жасады. 1993 жылғы Конституцияда келісім және саяси тұрактылық, халықтын игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру түсіндірмелері енгізілмей қалған болатын. Елбасының кадағалауымен бұл түсініктер 1995 жылы қабылданған Конституцияға енгізілді. Конституцияға «Парламент» ұғымы заң шығарушы органды жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында екі палаталы Парламент енгізілді. Парламенттің жоғары палатасы төменгі палатаның «бұқара халық талаптарына аса көңіл бөлуін қадағалау» мақсатында құрылды. Жалпы, Сенат республика басшысы мен төменгі палата Мәжіліс арасындағы жалғастырушы құрылым міндетін аткарады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенат өкілеттілігі — 6 жыл, Мәжіліс өкілеттілігі — 5 жыл. Осы уақыттан бастап кәсіби парламент қалыптаса бастады. Сенатқа әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасынан екі өкілден сайланады. Сенатқа 7 депутатты қоғамның ұлттық-мәдени және басқа мүдделерін ескере отырып Президент өзі тағайындайтын болды. Мәжіліс — 77 депутаттан тұрды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы — Марат Оспанов. Президенттік баскарудың жаңа жүйесі аткарушы биліктің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін арттырды. 1995 жылғы Конституцияга сәйкес Прсзидент мемлекет басшысы және жоғарғы қызмет тұлғасы болып табылды. Бірак атқарушы билік оған тікелей басшылық ете алмайды. Яғни, Президенттің Үкіметтен арақашықтығы байқалды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституция мен «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарынын мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес заң шығарушы орган мен онын мүшелерінің мәртебесі айқындалды. Қос палаталы Парламент Жоғарғы Кеңестер сияқты жылына 2—3 рет өткізілетін сессияларға жиналып отыратын өкілді орган емес, сессиялары жылда қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталып, келер жылғы маусымның соңғы жұмыс күні біткенше тұрақты қызмет ететін, еліміздегі заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органға айналды. 1995 жылы сайланған Парламент — 500-ге жуық заң қабылдады. Конституциямыздың 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке берілді. Парламент заң шығару қызметімен қатар, осы зандардың орындалуын бақылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 53-бабына сәйкес парламент Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттің орындалуы туралы есебін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттінің орындалуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі — Парламенттің үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының қабылдануымен сайлау жүйесінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның Сайлау туралы заңнамасының негізін 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (консти-туциялық заң күші бар) Президент Жарлығы құрайды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірінші шақырылымдағы Парламент Сенатына сайлау —1995 жылы 5 желтоқсанда өтті. 1995 жылғы Парламент сайлауы науқанының ерекшелігі саяси бірлестіктердің өзара бірігуі болды. Сенатқа — 40 депутат, 19 облыстан және Астанадан 2 адамнан сайланды. 7 депутатты Қазақстан Республикасы Президенті тағайындады. Сенат төрағалығына — Өмірбек Байгелді сайланды. Қос палаталы Парламенттің 1996 жылғы 30 қаңтарда өткен бірінші мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: «...біз Қазақстанның шынайы, өркениетті парламентаризмінің мөлдір баста-уында тұрмыз» деп атап көрсетті. Елімізде кәсіби парламент қалыптаса бастады. Парламентаризм дамуында парламенттің заң шығарушы қыз-метпен кәсіби айналысу, депутаттық қызметтің кәсібиленуі, бір палаталы құрылымнан екі палаталы құрылымға өтуі бағыттары қалыптасты. Қазақстан тарихында Парламент ең алғаш рет 1996 жылдың қаңта-рынан бастап тұрақты негізде заң шығару функциясын атқаруға кірісті. Конституцияның 3-бабының 4-тармағында «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады», — деп көрсетті.

 

 

Экономикалық нарықтың өзгертілген түрлерін жасауға бағытталған саяси императивтер (5-9 императивтер). 5. НАҚТЫ СЕКТОР ИМПЕРАТИВІ

Қаржылық және нақты секторлардың арасында шекара бар. Қаржылық нарық әлемдік экономиканың күшті ерекшелігіне айналуы және ол теория жүзінде болса да, нақты проблеманың шешімін бере алмайды. Нақты императив секторының мақсаты - қауіп- қатерлерді анықтау.

6. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИМПЕРАТИВІ

Спекуляция - бұл бағалы қағаздар нарығындағы ойынның атауы. Спекуляцияның екі аспектісі бар, оларды өзіміздің мақсатымызға қолдануымыз керек. Біріншісі, қаржы құралы ретіндегі спекуляция; екіншісі- сауда қызметіндегі шарттарға спекуляция. Фьючерстер- бірінші спекуляцияға жақсы мысал бола алады. Спекуляцияның екінші аспектісі қаржы нарығы әлемінде қысқа мерзімді бағытта болады.

7. АДАМГЕРШІЛІК ИМПЕРАТИВІ

Жаңа әлемдік тәртіп туралы айқындылық,көтеріліп келе жатқан экономиканың интеграция толқыны.Әлемдік әділетілік, адамдардың жағдайы гуманизм императивіне жатады. Бұл императивтің маңызды нәтижесі үлкен кедейлік әкелетін қоршаған ортаны пайдалану арқылы өзін- өзі қамсыздандыратын елдерге әлеуметтік жауапкершілік тағайындау.

8. ЕКІ ЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ИМПЕРАТИВ

Жауапкершілік - бұл екі ұшы бар таяқ. Жеке мемлекеттерге, әсіресе дамушы мемлекеттерге саясаттың тұрақты шешімін қабылдау керек: біз екі жауапкершілікті императивті айтамыз. Көп мемлекеттер шетел саясаты экономикалық саясатын төмен болу керек деген тезистен айырылуды қажетсінеді.

9. АУЫР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ИМПЕРАТИВ

Әлемдік қарым-қатынаста саяси өзгерістер жайдан-жай бола бермейді. Глобальдық бақылауға арналған құрылымдық органдар әділеттілік пен теңсіздік арсындағы қайшылықтардан зардап шегеді. Әлеуметтік жауапкершілікті саяси және экономикалық жауапкершіліктерден бөлу туралы әлемдік қажеттілік туып тұр. Бұл дамыған елдердің азаматтарына басқа елдердің қиыншылықтарына назар аудартады.

 

 

64. Қазақстанда президенттік институттың даму кезеңдері.

Лемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мәселен, АҚШ, Франция елдері де өркениетті қоғамға сәйкес «Президенттік билік институтын» құрып, саяси модернизация жасаған.

Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстанға қатысты ауыспалы қоғамды басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл Қазақстандық қоғамды басқарудың қазіргі заманғы және демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі болды

Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі үш маңызды құрамдас бөліктен тұрады: біріншіден, президент мемлекеттік басшысы; екіншіден, президент Конституция кепілі бола отырып, мемлекеттік органдардың келісілген жұмысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; үшіншіден, президент өкіметтің атқарушы тармағында айқындаушы орын алады. Қазақстандағы президенттік институты қазақстандық халықтың мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Ең алдымен, ол елдегі партиялық жүйені дамытудың қуатты ынталандырушысы және бағдары ретінде әрекет етеді. Бұдан басқа ол қоғамдық сананың құндылықтық бағдарында маңызды бетбұрыс жасады, дәйекті реформалар бағытын кепілдендіре отырып, демократияландыру үдерістерінің қайтымсыз болуына сенім ұялатты.

Президенттік институт арқылы көптеген дамыған демократиялардың өзіне елеулі сын болған ұлысаралық қатынастар проблемасын шешуде де Қазақстан шынайы демкоратиялық тың шешімдер тапты. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мемлекеттің ұлт саясатын жоғары институционалдық деңгейге шығарды, көптеген ұлыстық проблемаларды әсіре саясаттандырмай-ақ тиімді шешуге мүмкіндік берді. Осы органды тікелей өзі басқара отырып, Президент Н.Назарбаев ұлтаралық келісім саясатының тиімділігіне өзі кепіл рөлін атқарды.

 

Date: 2016-01-20; view: 2176; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию