Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикалық өсім мәселелеріне қатысты концептуалды тәсілдемелер
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады. Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді. Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет. Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей он негізгі қағидаларын сақтау керек: 1. Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып,нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақ та, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами қоймағандықтанмемлекеттің экономикаға араласуының рөлі қажетті деңгейде болған жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатынастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресуде сенімді шаралар жүргізуге, инфроқұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны тиімді саналады. 2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру. 3. Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер қатарына жатқызылады. 4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту. 5. Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен аяқталған болып есептеледі. Бірақ та, енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды және тиімді пайдалану қажет. 6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты міндеттерінің бірі болып табылады. 7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты — экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу. 8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет. Шетел инвестициялары негізінен табиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса өз кезегінде экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуды, және Қазақстанның халықаралық қоғамдарға интеграциялануын қамтамасыз етеді. 9. 9. Дүниежүзілік тәжірбиеден туындап отырған Қазақстан үшін технологиялық стратегияны қалыптастыру. Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді. Date: 2016-01-20; view: 670; Нарушение авторских прав |