Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кімет-бизнес» арақатынастарының теориялық аспектілері
Тәуелсіздік алғаннан кейін республика экономикасын қайта құру қазіргі таңда айтарлықтай нәтиже көрсете білді: ашық экономика негізін қалыптастыру, қазіргі таңға дейін мемлекеттік меншікті жекешелендіру аяқталды. Орталықсыздандырылған экономикалық билік жүзеге асырылды, экономиканы қайта құру процесі төмен нүктеден жоғарылай бастады, тұрғындардың экономикалық белсенділігі өсті,қатысты әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз етілді т.б. Дегенмен, сонымен қатар республикада жүргізілген экономикалық реформалардың жеткен нәтижелері жартылай бөлімді және аяқталмаған күйде мінезделуде. Қайта құру процесі жеткілікті интенсивті түрде жүзеге асырылды және көпшілік өтпелі кезеңнің небары қиын этапы артта қалды есептейді. 1998жылы экономиканы реттеу нәтижелері 1996-1997 жылдар аралығында орын алған позитивті жылжудың тұрақсыздығын көрсетті. Құлдырауға әлемдік қаржылық дағдарыс болуы белгілі деңгейде әсер етті. Сонымен қоса ішкі факторлардың, микродеңгейдің сәйкессіздігі де үлкен деңгейде әсер етті. Мұнымен қатар институционалды реформалар макроэкономикалық тұрақтылық процесінен қалып кетті. Жалпы тұрақты даму қарқынын қамтамасыз ету бойынша нақты саясаттың құрылмауы жинақтау мен инвестициялауды ынталандыру іс-әрекеті толық емес өлшемде құрылды. Макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламалары қысқа мерзімді өндіріс көлемінің өсуіне де әсер ете алды. Келесі өсу инвестиция көлемін өсуі және өндірістің тиімділігін көтеру үшін алғышарт құруды қамтамасыз ету арқылы болатын еді. Сонымен қатар 1998 жылға дейін қалыптасқан жағдайға байланысты республика кәсіп орындарында деген инвестициялық белсенділіктің белгілі деңгейде құлдырағандығын көрсетті. Дегенмен бұл көрсеткіш 1997 жылы 11,6% болса, 1998 жылы 41,9%-ға жетті, яғни 1998 жылдың аяғынан бастап экономика қайта дами бастады. Инвестиция саласының мұндай көп реттік төмендеуі жалпы өндірістің құлдырауында көрініс тапты. Осы кезде экономиканың көптеген саласында рентабельділіктің төмендеуі көрініс берді. Тіптен қалыпты қаржылық жағдай рентабельдік деңгейінің орташасы сала бойынша 10 – 11% көтерілмеген қызмет түріндеде оны байқауға болатын. Осыған байланысты 1999-2000 жылдары Қазақстаның экономикасының кейбір тұрақтандырғыштары белгілі деңгейде шикізат тауарлары экспортына жоғар бағаны қалыптастырды. 1999 жылы әлемдік баға, мұнайда алдынғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе, газға 5,9%, мыс 19,7%, цинк 5% өсті. Осылайша 1999-2000 жылдары экономиканы тұрақты өсімі үшін алғышарттар қалыптасты. Сондай – ақ осыған байланысты негізгі капиталға инвестицияның өсімі арта бастады. Сонымен қатар мемлекеттік инвестиция бағдарламасын ары қарай өңдеуге және жаңа өндірістік күштерді құру, өндіру салаларын дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны өңдеу мақсатында инвестицияларды белгілі деңгейде өсіру үшін түрлі жолдарды іздестіруді қажетсінді. Құрылған ҚР-ның Ұлттық Қоры, преоритетерді анықтай отырып, өндіріс дамуының небәрі перспективті жобасын қаржыландыруы тиіс. Қазақстандағы 1991-2000 жылдардағы экономикалық секторында трансформация процесі бір өлшемде болмады, яғни барлық өндіріс саласы бірдей тиісті деңгейге көтеріле алмады. Өндірістің қайта өңдеуші және жетілдіруші секторларында қарама – қарсы нәтижеге ие болды. Шекараның ашылуымен, 1992 жылдың басында бағаны ырықтандыруға байланысты, олардың тауарларына деген сұраныстың жағымсыз өзгеруіне байланысты бұл секторларда түрлі себеп салдар байқалды. Сонымен нарықтық типтегі экономиканы қалыптастыруды Республикада қол жеткізген экономикалық тұрақтылық негізінде келешек даму үшін алғышарттар құрылды. Нормативтік құқықтық база құрылды және ол әрі қарай дамытылуда. 1996-1997 жылдары Қазақстанда нарықтық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге, сондай – ақ маңызды әлеуметік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік бағдарламаға бағыталған 200 жуық заңнамалық және нормативтік актілердің жобасын өңдеді. Олардың ішінде: табиғи монополия қызметі туралы, банкроттық туралы заңға өзгерістер енгізілді, сондай – ақ үкіметтің бірқатар маңызды бағдарламалары бар. Үкімет реформаларының орта мерізімді бағдарламаларын тереңдету жағдайына байланысты өндіріс сферасында саланы құрылымдық қайта құрумен және кәсіпорын реформаға байланысты небары радикалды шешімдер қабылданды. 1995-1996 жылдары Республика үкіметі базалық өндіріс саласының 50 шақты ірі кәсіпорынды сыртқы басқаруға берді. Қазақстаның даму институты еліміз егемендік алғанан бері оның салаларының орналасуы мен даму бағыттын зерттеп келеді. Ол үкімет бағдарламасын алдағы анықталған периодын көріп білуге және оны түрлі этапта реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Date: 2016-01-20; view: 812; Нарушение авторских прав |