Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жасуша денгейінде аминкышқылдарының ыдырауы және
мочевинаның түз ілуі Ағзадағы белок түзілуінен артылған аминқышқылдары әртүрлі ұлпалардын жасушаларында зат алмасуының соңғы өнімдеріне дейін ыдырап, бос қуат бөлініп шығады. Аминқышқылдарының ыдырауы әртүрлі реакциялар арқылы жүзеге асады: I. Аминқышқылдарынан амин тобының (NН2) бөлінуі (жаңқалану) реакциясы бірнеше түрде өтеді. а) егер де тотыксыздана амин тобы бөлінсе, аминқышқылынан май қышқьшдары түзіліп, соңгылары қарапайым және күрделі майлар түзуге, немесе β-тотығуға немесе кетоденелер кұруга жұмсалады, мысалы: HADH2 R –CH(NH2) -COOH —-—-► R-СН2-СООН+NНзТ Аминқышқьшы Май қышқыл 6) Егер аминқышқылдары тотыға жаңқаланса, одан кетоқышқылдар түзіледі: + НАД R –CH(NH2) –COOH —-—-► R –CH═(NH) -COOH + R –CО -СOOH аминқышқылдары -НАДН2 иминкышқылдары кетоқышқылы
в) аминқышқылдарының молекула аралық жаңқалануы арқасында аммнак бөлініп, канықпаған майлы қышқылдар пайда болады,
R –CH(NH2) –COOH—-—-►NH3+ R -С=СН-СООН Аминқышкылы қанықпаған майлы қышқыл II. Аминқышкылдарынан амин тобы (-NH2) кетоқышқылдарға тасыммалдануы арқылы жасушада ауыстыруға болатын аминқышқылдары пайда болады III. Аминқышқылдарынан ерекше топтардың, мысалы, амидтобының молекула аралық тасымалдануы арқылы жасушада ағзаға қажетті басқа да заттар түзіледі. Мысалы, аргинин, глицин және метиониннен бұлшық етте креатин түзіледі. Одан АУФ-ның катысуымен макроэргиялық косылыс -креатинфосфат пайда болады. Соңғысы бүлшық еттердің жиырылуына қажетті қуат көзінің бірі болып табылады. IV. Аминкышкылдарынан карбоксил тобының бөліну реакциялары аркылы ағзада биогенді аминдер (биологиялық белсенділігі жоғары) түзіледі. 3. Белок алмасуы кезінде аминкышқылдарының, аминдердің, пурин және пиримидин нуклеотидтерінің жаңқалану реакциясы арқьшы бос аммиак бөлініп шығады. Аммиак әсіресе бауырдың, бүйректің, ішектің, мидың ұлпаларында көп пайда болады. Осы аммиакты бейтараптандыруда бауырдың маңызы зор. Аммиакты бейтараптандырудың бірнеше жолы бнр 1) аммиак пурин және пиримидин негіздерін құруға жұмсалады; 2) аммиак қышқылдары бейтараптау арқылы аммоний түздарына айналып, бүйрек арқылы сыртка шығарылады; 3) аммиактың мочевинаға айналуы аммиакты бейтараптандырудың негізгі жолы (31-кесте). Ересек адам қанында қалыпты жағдайда 3,5-6,5 ммольл-1 (20-30 мг% пайыз) мочевина кездеседі. Тәуліктік-несеппен 20-35 г мочевина сыртқа шығарылады. Белок алмасуы кезіңде пайда болған акырғы өнімдер: NH3, несеп қышқылы, мочевина, креатинин, су бүйрек пен тері бездері арқылы, ал көмірқышқыл газы өкпе арқылы сыртқа шығады. 4. Аминқышкылдарынан белоктардың түзілуі өте күрделі қүбылыс, ол цитоплазма, рибосомалар, митохондриялар, ядролар сияқты жасушаның әртүрлі қүрылымдарында өтеді. Белоктардың түзілуіне алуан түрлі ферментгер мен әртүрлі нуклеин қышқылдары: ДНК, матрицалық РНК (м-РНК), рибосомалық (р-РНК) және тасымалдаушы (т-РНК) РНК қатысады. Белок түзілуі кезінде куат кезі ретінде АҮФ пайдаланылады (10-сурет). Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Белок алмасуының сатыларын сипаттаңыз. 2. Белоктардың ас қорыту процесінде қорытылу ерекшеліктері. 3. Аминкышқылдарының жинак коры дегеніміз не? 4. Аминкышқылдарының үлпада негізгі ыдырау реакциялары,олардың маңызы. 5. Адам ағзасында түзілетін аммиакты бейтараптандыру жолдары қандай? 6. Орнитин циклінде мочевина түзілуінің мәні неде? Әдебиеттер: 1. Сейтов З. Биологиялық химия. Алматы: Қайнар, 1992 2. А.Ж.Сейтембетова, С.С. Лиходий “Биологиялық химия”Алматы “Білім “ 1994 3. Қайырханов К.К. Жануарлар биохимиясы Алматы Ана тілі 1993
Дәріс №19,20 Көмірсулар және олардың алмасуы. Мақсаты: Негізгі сұрақтары: 1. Полисахаридтер мен олигосахаридтердің ыдырау жолдары 2. Моносахаридтер метаболизмі 3. Дикарбон-, трикарбон қышқыларының циклы. 4. Көмірсулар биосинтезі
1 Көмірсулардыц қорытылуы, сіңуі, глюкозаның жұмсалуы Тағаммен қабылданатын күрделі көмірсулардың кұрылысы ағзадағы көмірсулардан өзгеше. Сондықтан тамақпен енгізілген көмірсулар механикалық, химиялық түрде өнделеді. Мысалы, крахмалдың калай қорытылатынына токталайық (20-кесте). Қорытылу арқылы түзілген және тағаммен енгізілген моносахаридтердін сіңу жылдамдықтары әртүрлі. Мысалы, глюкозаның сіңіру жылдамдығы 100-ге тең болса, галактоза - 110, фруктоза - 43, манноза - 19, ксилоза - 15 т.б. Моносахаридтер сіңірілмес бұрын фосфорланады, ол үшін куат (АҮФ) жұмсалады. Моносахаридтер қанға негізінен глюкоза ретінде сіңеді. Қанға сіңірілген глюкоза кақпалық вена арқылы бауырға барады. Сіңірілген глюкозаның тағдыры қандай? 1) глюкозаның 2-5% пайызына дейін мөлшері бауырда гликогенге айналып қор ретінде жиналады (21-кесте); 2) 70-% пайыздай мелшері ағзаның әртүрлі мүшелерінін жасушаларында зат алмасуының соңғы өнімдеріне (С02, Н20) ыдырап, сол мүшелердің қызметіне қажет куат береді; 3) 22-25% пайыздай мөлшері аралық өнімдер арқылы майға айналып, ағзада қор ретінде жинақталады. Қалыпты жағдайда қандағы қант мелшері 3,33 ммоль л-ден 5,55 ммоль л-1 (немесе 80-120 мг % пайыз). Тамақ ішкеннен соң 2-2,5 сағаттан кейін, немесе эмоцияларға байланысты қандағы қант мөлшері күрт көтерілсе (120 мг % пайызға, не одан жоғары) гипергликемия деп аталады. Осы жағдайларда қалпына келтіруге, яғни қандағы глюкоза мөлшерін реттеуде орталық жүйке жүйесімен қатар бүйрек үсті безінен бөлінетін гормон адреналин мен ұйқы безінен бөлінетін инсулиннің маңызы зор. Сонымен қатар глюкоза мелшерін реттеуде, бүйрек сыртқа шығарушы мүше ретінде қатысады.
Date: 2015-12-13; view: 1667; Нарушение авторских прав |