Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адсорбция - газ және сұйык күйдегі заттардың барлык. массасы бойынша баска затка сорылуы





Адаптация- бейімделу, үйрену, дағдылану. Организмнің сырткы, не ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуі

Аддисон ауруы- бүйрек безінің кыртыс кабатынан шығатын гормондардың жетіспеуінен пайда болатын ауру. Оны 1885 ж Аддисон ашкан

Аденозинтрифосфатаза - бүлшыкет белогы, миоэиннің ферменті, ол аденозинүшфосфорлы /АТФ/ кышкылын ыдыратады

Адреналин - бүйрек безінен шыгатын гормон

Адренокортико-тропты гормон - гипофиздің алдыңғы бөлімінен шыгады

Акклиматизация -жерсіндіру, адам, жануар және өсімдік-терді жаңа коныска ортага үйрету

Актин- протофибриллдің /бүлшыкет күрамына жататын белокты /жіп тәрізді/ зат. Миофибриллдің жиырылып, босауына катынасады

Аллергия -организмнің белгілі бір әсерге /тітіркендіргішке/ көтеріңкі жауап білдіруі, мүнда организмнің сезгірлігі калыпты жагдайдан өзгеше болып аскынып кетеді

Альбинизм - көз алмасының, кабыгының, терінің, шаштың, жалпы дененің және баска- бөліктердің іштен туа біткен пигментсіздігі

Альдестерон -бүйрек беэінің кыртыс кабатынан шыатын гормон. Бүйректегі натрий және хлордың реабсорбциясын баскару аркылы организмдегі түз алмасуын реттеп отырады

Анабиоз- сырткы ортаның /ауа райы т.б./ колайсыздығы туганда организмнің тіршілік касиеттерін /белгілерін/ уакытша токтатуы А. өлі мен тірінің аралык кезеңін білдіреді

Анаболизм -организмдегі зат алмасудың арта түсуі.А-ге барлык ассимиляция,/ферменттік синтездер/ және тагамды сіңіру жатады

Анаболиялык нервтер- зат алмасуды /ассимляция кұбылысын күшейтетін нервтер

Анаэробиоз -организмнің ауасыз, оттегінсіз тіршілік етуі

Анаэробты гликолиз - көмірсудың оттегі жок ортада өтетін, көмір кышкыл газы /СО2/ және су/Н2О/, ға дейін ыдырауы

Ангиостомиялык әдіс- А.ә. аркылы кан тамырына түтік енгізіп,оны теріге косып тігіп, канның күрамын ұзак уакыт зерттейді

Андрогендер- еркектің жыныс гормоны

Андростерон- еркектің жыныс гормоны

Антагонизм карама-карсылык

Анурия -несептің жоктыгы, бүйрек ауруы

Аппетит тәбет, организмнің тағамга зауқының артуы

Аралык алмасу - жасуша ішіндегі алмасу. Жасушадағы тағам заттарының өзгеру күбылысы организмнің тағамды сіңіруі. А., зат -

алмасу нәтижесінде организм шығарған заттардың орнын толтырады

Ассимиляция- Ацетилхолин жүректің кезеген нервін тітіркендірсе,

нервтің үшынан ацетилхолин заты бөлініп шығады. А. жүректің кызметін тежейді, баяулатады,

Ацидоз канның тұракты сілтісінің өзгеруін /төмендеуін/ білдіретін үғым және оны несептен кышкыл немесе сілтілерді бакылау аркылы аныктауға болады

Анаэрэбты кұбылыс- оттекті ортада болады. Мысалы, сілті, сүт қышқылдары оттегімен тотыгып, сол заттардан ажырайды

 

2. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Дәріс № 1,2 Кіріспе.Организмдердің химиялық құрамы.

Мақсаты: Биохимия пәні, міндеті, салалары ағзаның элементтік химиялық құрамы Тірі материя құрамына енетін негізгі химиялық қосылыстар класына сипаттама түсініктерін беру

Негізгі сұрақтары:

1. Биохимия пәні, міндеті, салалары

2. Ағзаның элементтік химиялық құрамы

3. Тірі материя құрамына енетін негізгі химиялық қосылыстар класына сипаттама

Адам ағзасы - бір-бірімен тығыз байланысқан тұтас жүйе, оған эртүрлі деңгейдегі жүйелер, мүшелер, ұлпалар, жасушалар, жасушааралық қүрылымдар жэне молекулалар тән.

Ағзаның молекулалық деңгейі әртүрлі жасушалар мен ұлпаларға ғана тэн көптеген химиялық қосылыстардан түрады. Бұл қосылыстардың химиялық қүрамы мен қасиеттері эртүрлі және бүтін ағзаның тіршілігін камтамасыз ететін белгілі бір биологиялық қызмет атқарады. Тек тірі ағза молекулалары өзіне үқсас үрпақ қалдыруға, қуаттың бір түрін екінші, үшінші т.б. түрлеріне ауыстыруға, қозғалуға жэне тағы да басқа ағзаның тіршілігіне қажетті қызмет атқаруға бейім.


Қазіргі кезде биология ғылымдарының ішінде жедел дамып келе жатқан саланың бірі - биологиялық химия. Биохимия өзінің атына сәйкес (bios -тіршілік) тірі ағзалардың химиялык қүрамын, қасиетін және тіршілік әрекеті барысында ағзадағы жүйелерде, үлпаларда, жасушаларда болатын химиялық езгерістерді, кұбылыстарды зерттейтін ғылым.

Тірі ағза жасушаларында барлық биохимиялык күбылыстар физикалык жэне химиялық заңдылықтарға сәйкес жүреді. Соидықтан да биохимия физикалық жэне химиялык заңдылықтарға сүйене отырып, тірі ағза жасушасының сапалық өзгерістерін, күрылысымен, сыртқы ортамен байланысын, яғни зат жэне қуат алмасу ерекшелігін зерттейді. Сонымен қатар биохимия тірі ағзадағы химиялық қүбылыстарды басқару, меңгеру жолдарын табуға көмектеседі.

Биохимия бірнеше бөлімнен түрады:

Статикалык биохимия тірі ағзанын күрамына кіретін химиялық заттардын қүрылысын, қасиеттерін, атқаратын қызметін зерттейді.

Динамикалық биохимия тірі агзаның тіршілік эрекеті барысында оның қүрамындағы заттардың алмасуын, химиялық өзгеріске үшырауын зерттейді.

Функционалды биохимия тірі ағзадағы мүшелердің қызметін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістерді зерттейді.

Зерттеу әдістері. Биологиялық химияда қолданылатын зерттеу әдістерін шартты лабораториялық және жедел түріне бөлуге болады. Лабораториялық әдістер кептеген физикалық және химиялық зерттеулер мен өте күрделі аспаптар: электрофотоколориметр, спектрофотометр, флюориметр, спектрлі жэне газанализаторлар жэне лаборатория қажет. Негізгі лабораториялық әдістерге:

- әртүрлі тәсілдер арқылы қанның, несептің, сілекейдің, демалатын ауаның сандык жэне сапалық кұрамын зерттеу;

- электр тогының көмегімен химиялык заттарды ажырату тэсілі -

электрофорез;

- сорбенттердің көмегімен молекулалык салмағы жэне қозғалғыштығы

эртүрлі белоктарды белу - хромотография;

- рентген, спектрлік зерттеулер арқылы заттардың молекулярлық күрылыстарының өзгеруін анықтау;


- агзаға радиоизотоптар енгізіп зат алмасу ерекшелігін зерттеу -

ауторадиография;

- иммунологиялық әдістер арқылы дене кызметінен кажу, шаршау кезінде ағзада байқалатын өзгерістерді анықтау т.б.

Жедел әдістер күрделі аспаптарды қолданбай арнайы химиялық тестер арқылы қанның, несептің және тағы басқа биологиялык сұйықтықтардың биохимиялық ерекшелігін аныктайды.

1.2 Адам ағзасынмн химиялық құрамы

Тірі ағзаның химиялык құрамы аса бай жэне алуан түрлі. Адам ағзасында белгілі 110 химиялық элементтердің негізінен 24 кездеседі. Ағзада кездесетін химиялык элементтер концентрация мөлшеріне байланысты негізгі, макро-, микро-, ультрамикроэлементтер болып

бөлінеді (2-кесте):

1) негізгі элементтерге оттегі (65-70%), көміртегі (15-18%), сутегі (8-10%) және азот (2-3%) жатады, олар дене салмағының 98% кұрайды;

2) макроэлементтерге ағзадағы концентрация мөлшері дене салмағының ең аз дегенде 0,1% құрайтын элементтер жатады, олар: Са, Р, S, К, С1, Иа, Мg. Сонымен негізгі жэне макроэлементтер дене салмағының 99,9%-ын құрайды;

3) микроэлементтерге дене салмағының 0,001%-ын құрайтын элементтер жатады: Сu, Sі, Мп, Со, В, Мо т.б.;

4) ультрамикроэлементгерге дене салмағының 0,001%-нан аз химиялық элементтер жатады: Нg, Аg, Аu.

Адам ағзасының жасушалары мен жасушааралық құрылымдары органикалық және бейорганикалық заттардан кұралған. Дене салмағының 60% су, 18% белоктар, 15% майлар, 2-3% көмірсулар, 4% минералды тұздар және 1% басқа органикалық заттардан құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтар Химиялық элементтер Символы Дене салмагыныц % мөлшері
Негізгі элементтер Оттегі   65,0
Көміртегі С 18,5
Сутегі Н 9,5
Азот N 3,2
 
Макроэлементтер Кальций Са 1,5
Фосфор Р 1,0
Калий Қ 0,4
Күкірт S 0,3
Хлор С1 0,2
Натрий 0,2
Магний Mg 0,1
    Барлығы 99,9%
 
Микро жэне ультрамикро элементтер Бор B Барлыгы 0,1 %-дан аз
Фтор F
Кремний
Ваннадиіі V
Хром Сг
Марганен Мп
Темір Ғе
Кобальт Со
Мыс Сu
Цинк Zп
Селен
Молибден Мо
Иод I






Date: 2015-12-13; view: 1138; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.017 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию