Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу





 

1. Үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарына қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:

 

NK

X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы

 

Х1 – ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);

Q – дезинфекция саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);

N – дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы (бір литрге бір шаршы метр);

K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);

S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);

S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар – үш шаршы метрге қабылданады);

S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).

2. Емшара бөлмесінде, таңып-байлау бөлмесінде, операциялық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы қолданылады:

NK

Х2 = 52 ---------- S4, мұндағы

Х2 – күрделі жинау жүргізу үшін ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі;

52 – күрделі жинау саны (аптасына бір рет есебімен);

N – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы;

K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы;

S4 – ауқымды жиналуға тиісті оралымды аудан.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарын дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін мынадай қажеттілік есебі қолданылады:

1) дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарына (автоклавтар, механикалық және ультрадыбысты жуғыштар, бикстер) қажеттіліктер стерильденуге тиісті жұмсақ материалдың (таңып байлау), хирургиялық киім-кешектің, жаялықтардың, медициналық құрал-саймандардың, тиісті стерильдеу режимі бар бұйымдардың көлеміне қарай айқындалады;

2) бикстер мен автоклавтар, стерилизаторлар көлемінің үштен екісіне толтырылуы тиіс. Бикстерге біркелкі материал салынады;

3) автоклавтарға материалдарды (бикстерді) салу жиілігі тәулігіне 5 (бестен) аспауы, құрғақ қыздыратын шкафтарда 8 (сегізден) аспауы тиіс;

4) қажетті жабдықтар саны ауысымына салу жиілігіне салу көлемін көбейтуге байланысты айқындалады;

5) стерильдеу қораптарының саны 1-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 20 бикстен артық емес, 2-типтегі стерилизаторлар үшін 5-8 бикске бір рет салған кезде ауысымына 40 бикстен артық емес, 3-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 25 бикс, 4-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 65 бикс болып айқындалады.

 


«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына
4-қосымша

Date: 2015-12-13; view: 789; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию