Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғаларға талаптар





 

135. Дезқұралдарды өндіру жеке тұрған ғимаратта жүзеге асырылуға тиіс. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау препараттары ндіру әртүрлі үй-жайларда бөлек жүзеге асырылады.

136. Өндіріс және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартылатын әрі залалсыздандырылатын тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталуға тиіс.

137. Өндірістік үй-жайларда химиялық заттардың ықпал етуіне төзімді жабындылар қарастырылуға тиіс. Құрылыстың қабырғалары, төбелері мен беттері ылғалды тазалауға мүмкін болатын материалдардан жасалуға тиіс.

138. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары:

1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етуге;

2) өндірістік бақылауды соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды өткізу арқылы жүзеге асыруға;

3) халыққа, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуге тиіс.

139. Дезинфекция, дезинсекция мен дератизация құралдарын мен препараттарын өндіру, көтерме сату немесе оларды пайдаланумен байланысты қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғалар үй-жайлардың көлемін осы қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қарастыруға тиіс.

140. Қызметкерлерге арналған үй-жай себезгімен және санитарлық тораппен, арнайы және өз киімдерін бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталуға, алғашқы медициналық жәрдем қобдишасымен және жеке қорғаныш әрі жеке бас гигиенасы құралдарымен жарақталуға тиіс.

141. Дезқұралдардың жұмыс істеуге арналған ерітінділерін дайындау, уланған қармақтарды әр жерге қою, дайындау жөніндегі жұмыс міндетті түрде арнайы киімді (бұдан әрі - арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (костюмдерді, қолғаптарды, бас киімді, противогазды немесе респираторларды) пайдалана отырып жүргізілуге тиіс. Ең бірінші қолғапты жуып шешу керек, содан соң басқа қорғаныш құралдары шешіледі. Үй-жайларды өңдеу кезінде оператор әрбір 40 минут сайын 10-15 минутқа таза ауаға немесе өңделіп жатқан аймақтан тыс шығуға тиіс.

142. Жұмыс істеуге арналған ерітінділерді, эмульсияларды, қармақжемдерді өлшеп салу, дайындау, кейіннен кептіре отырып, киім-кешектерді инсектицидтермен, репелленттермен импрегнациялау жылжымалы желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізілуге тиіс. Осы үй-жайларға бөтен адамдар кіруге, өз киімдерін, тамақ өнімдерін сақтауға, тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.

143. Дезқұралдарды сақтауға және беруге арналған зертхана мен үй-жайлар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен қамтамасыз етілуі қажет.

144. Арнайы киімді жуу, залалсыздандыру арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, үйде және жұмыс орындарында жууға болмайды.

145. Объектілерде дезинфекциялық іс-шаралар объектінің (тапсырысшының) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдар дезинфекциялық іс-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шаралары туралы алдын ала хабардар болуға тиісті. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейді.


«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Date: 2015-12-13; view: 1122; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию