Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық симуляция сценарийі





Клиникалық жағдай: Грейвс ауруы (ЖУЖ), тиреотоксикоз орташа дәрежелі, декомпенсация сатысы. Эндокриндік офтальмопатия.

Ситуациалық жағдай: Сіз – эндокринолог дәрігерсіз. Эндокринолог дәрігер қабылдауына 36 жастағы әйел адам келді.

Ø Науқастан анамнез жинаңыз және қарап тексеріңіз.

Ø Лабораторлы- аспаптық зерттеулер қорытындыларына интерпретация жүргізіңіз.

Ø Диагнозды құрастырыңыз.

Ø Науқасты жүргізу және емдеу принциптерін құрастырыңыз.

Бейімделген актердің сценарийдегі мәтіні және ролінің сипаттамасы:

Науқас жүрегінің жиі қағуына, соңғы бір-екі ай көлемінде 8 кг дейін салмақ тастағанына, аздаған физикалық жүктемеден кейін ентігуіне, қол басының дірілдеуіне, тершеңдікке, көңіл күйінің жиі бұзылуына, жиі ашуланшақтыққа, мойын аймағының ұлғаюына, көзіне құм түскендей ауырсынуына, етеккір циклының бұзылысына, әлсіздікке шағымданады.

Сұрақтың мәні Актерге қойылатын сұрақтың құрастырылуы Жауап
Шағымдары қанша уақыттан бері мазалайтынын анықтау Айтылған шағымдарыңыз қанша уақыттан бері мазалайды? Айтқан шағымдарым соңғы 1-2 ай көлемінде мазалайды.
Жұмысының денсаулығына әсері бар жоқтығын анықтау Мамандығыңыз кім? Қайда, кім болып жұмыс жасайсыз? Мамандығым кәсіпкер, жеке кәсіппен айналысам.
Қанша салмақ тастағанын анықтау Қанша салмақ тастадыңыз? Бір-екі ай көлемінде 8 кг аса салмақ тастадым.
Көңіл күйінің бұзылысының немен байланысты екенін анықтау Көңіл күйіңіздің бұзылуын немен байланыстырасыз? Көңіл күйім жиі бұзылып тұрады, ештемемен байланыстыра алмаймын, өздігімнен қобалжып үнемі жылағым келіп тұрады және тез ашуланам, сөз көтере алмаймын.
Етеккір цикылының бұзылысын анықтау Етеккір цикылыңыз қалай бұзылды? Соңғы екі айда етеккірім уақтылы келмейді және аз мөлшерде келетін болған.
Қалқанша безінің қашаннан бері ұлғайғанын анықтау Мойын аймағыңыздың ұлғайғанын (қалқанша безінің) қашан байқадыңыз? Мойын аймағындағы (қалқанша безінің) ұлғайғанын бастапқы кезде яғыни 2 ай бұрын аздап қана білінетін, соңғы 1 ай көлемінде айқын ұлғайғанын байқадым.
ГА дамуына тұқым қуалаушылықтың маңызын анықтау Жанұяңызда қалқанша без ауыруларымен ешкім ауырмайдыма? Жоқ, ешкім ауырмаған.
ГА дамуына ықпал ететін зиянды әдеттерінің бар жоғын анықтау Зиянды әдеттеріңіз (ішімдікпен шылымға әуестігіңіз) жоқпа? Ішімдікті анда-санда қабылдаймын, күніне 8-10 тал шылым шегем.
ГА дамуына стресстік жағдайлардың бар жоқтығын анықтау Жанұяңызда немесе жұмысыңызда жайсыз жағдайлар болмадыма? Иа болды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатынмын, компаниям дағдарысқа ұшырап үлкен шығынға ұшырадым.

 

Anamnesis morbi: Науқас өзін соңғы 1-2 айдан бері аурумын деп санайды. Айтылған шағымдары (4-5 ай бұрын) жұмысында болған келеңсіздіктерге байланысты туындаған стрестік жағдайлардан кейін байқала бастаған, алғашында көп терлеп, жүрек соғуы жиіленген, тез ашуланатын болған, әлсіздік, шаршағыштық мазалайды, 1-2 ай көлемінде 8 кг дейін слмақ жоғалтқан. Тұрғылықты мекен жайы бойынша эндокринолог дәрігердің қабылдауына алғаш рет келуі.

Anamnesis vitae: Балалық шағында қалыпты дамыған. Жыныс белгілері уақытында дамыған. Тұқым қуалайтын аурулар жоқ, ата анасында, туған туыстарында қалқанша без аурулары жоқ. Тері венерологиялық сырқаттармен, туберкулезбен, вирусты гепатитпен ауырмаған. Зиянды әдеттері анда-санда алкогольдік ішімдік қабылдайды, күніне 8-10 тал шылым шегеді. Үйленген, 2 баласы бар. Жұмысында стресстік фактор болып тұрады.

STATUS PRAESENS (Эндокринолог дәрігер қабылдауына келген кездегі жағдайы):

Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, берілген сұрақтарға толық жауап алынды. Қалпы белсенді. Дене бітімі нормостеникалық. Салмағы 58 кг. Бойы-170 см. Дене температурасы t-37,0 С тең.

Тері жамылғысы таза, бархыт тәрізді, ылғалды, ыстық. Көзге көрінетін шырышты қабаттары табиғи түрін сақтаған. Тері асты май қабаты төмендеген, тырнақтары сынғыш, шашы аздап түседі. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бұлшық ет күші төмендеген.

Тыныс алу жүесі: Тыныстау мұрын арқылы, еркін. Тыныс алу жиілігі - 20 рет минутына. Өкпе аускультациясында алдыңғы, артқы және бүйір бөліктерінен ашық везикулярлы тыныс естіледі. Салыстырмалы перкуссияда өкпенің алдыңғы, артқы және бүйір бөліктерінің симметриялық аймақтарында бірдей өкпелік перкуторлы дыбыс.

Жүрек қан-тамыр жүйесі: Жүрек аймағын қарап пальпациялау барысында жүрек ұшының түрткісі серпімділігі жоғары. Жүрек аускультациясы: жүрек дыбысының (тоны) күшейген, ырғақты, минутына 118 рет. Жүрек ұшында систоликалық шуыл естіледі, өкпе артериясында акцент байқалады. АҚ 130/60 мм сб тең.

Ас қорыту жүйесі: Тағамға тәбеті жоғары, жиі тамақтанады. Тілі қалыпты көлемде, ылғалды. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр Курлов әдісімен: оң жақ бұғана орта сызығы бойынша 9 см, алдыңғы орта сызық бойынша - 8 см, сол жақ қабырға доғасы бойынша -7 см. Пальпацияда: жиегі тегіс, серпімді, ауырсынусыз. Науқас айтуы бойынша үлкен дәрет тәулігіне 2-3 рет, қоймалжың.

Зәр шығару жүйесі: Науқас айтуы бойынша зәр шығаруы қалыпты. Пальпация кезінде бүйректері ауырсынусыз. Ұрғылау симптомы теріс.

Нервтік-психикалық жүйесі: Есі анық, ашушаңдың, тез жылауы байқалады. Сөйлеуі жылдам, қимылдары тез, шапшаң. Ұйқысы бұзылған. Науқастың барлық денесінде, қолдарын созғанда діріл анықталады.

Эндокриндік жүйесі: Қалқанша без пальпациясында көлемі үлкейген, біркелкі, консистенциясы жұмсақ,ауырсынусыз 11 дәрежелі ұлғайған. Көз алмасы шығыңқы экзовтальм бар, көз айналысы гиперпигментация, кірпік дірілі айқын байқалады, көз симптомдары оң (Грефе, Кохер, Мебиус симптомдары).

 

 

Date: 2015-12-13; view: 446; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию