Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел тілі





Жалпы орта білім беру деңгейі тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейлеріне қатысты:

10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»).

Шетел тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шартқа отырады.

«Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың міндеттері:

- оқушылардың шетел тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-тұрмыстық және оқу-кәсіптік саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту;

- жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсіндіру, қолдана білу;

- пікірталастық қарым-қатынаста ағылшынтілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениет, өмір сүру салты мен стилін шетел тілінде әдеп негізіне оқыту;

- шетел тілінің вариативтілігі мен оның ағылшынтілді және әлемнің басқа елдеріндегі қызметіндегі ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы оқушылардың филологиялық білімдерін тереңдету;

- оқушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгейінде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және тілдік өз білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту;

- оқушыларды ағылшын тілін шетел тілі ретінде білу деңгейінің халықаралық талаптарымен таныстыру.

Орта мектепте ағылшын тілінде білім берудің аяқталу кезеңінің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарының қысқарту мен болашақ оқушының мамандыққа бағытталған түпнұсқалық оқу материалының кіріспесіне, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы тиіс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта мансаптық өсуде кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шетел тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану- жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.

Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқытуға әкеліп соғуы тиіс.

Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шетел тілдерін В1 деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлесімдерді түсіну және ой қорыту.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;

жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.

 

Date: 2015-12-13; view: 964; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию