Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін «Қазақ әдебиеті» пәні





Әдеби дамуды зерделеуде, көркем туындылардың тақырыптық, мазмұндық сипаттарын танытуда жаңа көзқарастар басшылыққа алынуы тиіс. Көркем әдебиеттің табиғатына тән басты сипаттарды негізге ала отырып, берілетін білім мазмұнын салмағын арттыру және мәдени құндылықтарды ұғындыру, ұлттық тіл байлығы мен ұлттық дүниетанымды терең меңгеруіне жол ашып, бағыт беру, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру – әдебиет пәнін оқытудағы басты ұстаным болып табылады.

Әдебиет – сөз өнерi, халықтың сана-сезiмiн, көркемдiк ойлау қабiлетiн байытатын рухани дүние, халықтың айшықты сөзбен кестелеп, асыл ойлармен зерлеген баға жетпес бай қазынасы, тарихы. Оқу бағдарламасында ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, іс-әрекеттілік, пәнаралық байланыс, сабақтастық сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері ескерілген.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптардың білім мазмұнында қамтылған ақын-жазушылар шығармашылығы хронологиялық сипатта ұсынылған. Соған сәйкес ХІХ-ХХ ғасырдағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы және тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілерін оқыту көзделеді. Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастырылуы тиіс.

Әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдебиеттанудың салалары, әдеби ағымдар мен бағыттар, көркем шығарманы талдау әдістері, әдеби шығарманың болмыс-бітімі, ұлттық мәдениет, әдебиет және көркемдік шындық, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi проблемалық мәселелер, оқырман мәдениеті, сөз өнерi және шығармашылық үдеріс, қаламгер стилі өзек етiлiп, көркем шығармашылық туралы жүйелі ұғым қалыптастырылады.

Ал жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ әдебиетi бағдарламасы қоғамдық-гуманитарлық бағыттың бiлiм мазмұнын толық қамтиды. Тек бөлінген сағат санының аздығына байланысты ақын-жазушылардың өмiрi мен шығармашылығына тоқталу шолу түрiнде болады.

Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» туындысы 11-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасына енгізілді. «Тәуелсіздік толғауы» арқылы халқымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы күнді оқушыларға жете түсіндіру біздің басты парызымыз. Азаттық үшін қаншама қан төгілгенін, оның өтеуінің қайтуы бүгінгі ұрпағымыз ұлықтайтын, ұмытпайтын ұлы күнді әр жастың жүрегіне жеткізу зор міндет. Ата – бабаларымыздың жүріп өткен жолын зерделеп, өз тағдырымызды жете саралап, болашағымызды айқындай білу – біздің басты парызымыз. Қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық тарихын терең ұғынып отырған жағдайда ғана, бүгінгі егемендіктің қадіріне бас иіп, оны сақтауға қашанда атсалысу керек екенін, әр жастың жан – дүниесімен сезінуге пән мұғалімдері әрқашан да бағыттау керек. Осы орайда, «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» тарауына Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» енгізілуі оқушыларға Тәуел­сіздіктің қанша­лықты құнды, қаншалықты қымбат еке­нін түсіндіруге, қазақ елінің мемлекеттігін, тілін, рухани құндылықтарын, өткен ата тарихын жазып, жеткізу жолында еңбек еткен арыстарымыздың еңбектерімен таныстыруға мүмкіндік бере отырып, қоғамымыздың жалпы құндылықтары ̶ бейбітшілікті, келісім мен бірлікті бағалауға және нығайтуға деген сенімдерін артады. «Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармасын оқытудың әдістемелік нұсқаулығы» әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

«Қазақ әдебиетi» пәнінің оқыту мақсаты – қазақ халқының сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, көркем шығармада бейнеленетін қоғамдық-әлеуметтік құбылысты көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларын меңгерген, әдебиетті өмірмен байланыстыра қабылдай алатын, интеллектуалдық әлеуеті жоғары тұлға тәрбиелеу.

Оқыту міндеттері:

- көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз құдiретiн, эстетикалық, танымдық тәрбиенi сiңiру;

- оқушылардың көркем шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік туғызу;

- ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру деп белгілеген.

Оқу бағдарламасын мұғалімнің шығармашылықпен жетілдіруіне шек қойылмайды. Бағдарламада сыныптық оқуға, сондай-ақ қосымша және сыныптан тыс оқуға ұсынылған көркем туындылар тізімі берілген. Оқушылардың өзіндік атқаратын жұмыстарының түрлері де белгіленген. Әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттердің көркем шығарманы өз беттерімен оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету пән мұғалімінің жүйелі жүргізетін іс-әрекеті болып табылады.

Оқыту үдерісінде «Қазақ әдебиеті» пәні қазақ тілі, Қазақстан тарихы, география, музыка, бейнелеу өнері оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.

Оқу үдерісінде оқушылардың ой-өрiсiн өсiрiп, оларға әдебиеттің ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, дүниетанымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін педагогикалық технологиялармен қатар ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді. Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес пәннің оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.

жаратылыстану-математика бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.

 

Date: 2015-12-13; view: 940; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию