Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абайтану» курсы. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы





Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында 10-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.

Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10, 11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.

Курсты оқытудың мақсаты: ақын шығармаларын оқыту арқылы халқымыздың әдебиетін жоғарғы құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғам деңгейі жоғары, алған білімін, білігін, дағдыларын өмірде қолдана білетін, өркениетті қоғамда өмір сүруге бейім, терең білімді, тұлға қалыптастыру.

Курсты оқытудың міндеттері:

- ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;

- ақынның қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

- Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

- ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани, мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру және ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу;

- Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;

- ақын шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық идеологияны сіңіру.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

 

Date: 2015-12-13; view: 1344; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию