Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Газды гангрена)
Анаэробты гангренаны госпиталды гангрена деп бірінші болып 1562 жылы сипаттама берген Амбруаз Паре 1839 ж. Вельпо газды гангренаның клиникалық көріністерін жазып, патологияны анаэробты инфекциямен және жарақатанумен байланыстырған. Анаэробты гангренаны соғыс кездерінде мұқият зерттеп, себептерін анықтап, алдын алу, емдеу шараларын ретке келтірген Ресейдің атақты оташысы, ғалымы Н. И. Пироговтың еңбегі өте зор. Газды гангрена көбінесе соғыс кезіндегі жаралардың аса қауіпті асқынуы ретінде кездеседі. Бейбітшілік уақытта да жыртылған, өліеттенген, қанталаған көлемді жараларда дамуы ықтимал. Ұлы Отан соғысы жылдарында газды гангрена жараланған жауынгерлердің 1,5 – 2%-дамыған және жараланудан кейін көз жұмғандардың 10%-өліміне себеп болған. Газды гангренаның этиологиясы. Қоздырғыштары ауа жоқ ортада, спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтар: Clotridium perfringens, Cl. Oedematiens, Cl. Septicum, Cl. Histolyticum. Ұлы Отан соғысы кезінде газды гангренаның 80%-аталған микробтардың бірнеше түрлерімен шақырылған немесе стафилококк, стрептококпен бірігіп ауру тудырған. Clotridium perfringens басқа қоздырғыштарға қарағанда жиі кездеседі, ерекшелігі тіндерде газ түзіліп, ауыр интоксикация орын алады. Газды гангренаның қоздырғышы ретінде екінші орында Cl. Oedematiens, ерекшелігі - тіндердің қатты ісінуі, ауыр интоксикацияға әкелуі. Cl. Septicum қоздырғыш ретінде сирек кездеседі, тіндерде қанды сарысу түзіліп, ісініп, науқастың ағзасында ауыр токсикоз орын алады. Cl. Histolyticum жеке түрі газды гангренаны өте сирек тудырады, басқа түрлерімен біріккенде тіндерді тез арада ыдыратып, науқасты өте ауыр интоксикацияға ұшыратады. Анаэробты инфекциялардың ерекшеліктері: Жергілікті қабыну белгілері - қызару, жергілікті температураның көтерілуі болмайды, анаэробтар қорытып шығаратын эндо-, экзотоксиндердің әсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді, ісінеді, тіндерде газдың түзілуі орын алады және науқаста ауыр интоксикация дамиды (112-сурет).
Date: 2015-12-12; view: 734; Нарушение авторских прав |