Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 107. Торакостомия
а-қабырғаны резекциялау; б-қабырғаның жұмсақ кабын тіліп, плевра қуысына кіріп іріңді аспирациялау; в-қабырғаның жұмсақ қабын тері жарасының шетіне тігіп, торакостоманы қалыптастыру. 1,2-қабырғалардың сыртқы ұштары сүйек қабығы және жұмсақ тіндермен жабылған, барлық тіндер арқылы өтетін шешілетін тігіс салынған. Іріңді перикардит (pericarditis purilenta) Іріңді перикардит (pericarditis purilenta) – жүрек қабының іріңді қабынуы. Этиологиясы - стафилококтар, энтеробактериялар, гонококк, туберкулез таяқшасы т.б. патогенді микрофлора. Патогенезі – көбінесе перикардит іріңді хирургиялық инфекциялардың асқынуы ретінде пайда болады. Іріңді медиастенит, бауыр абсцесі, іріңді плеврит, перитонит, тілме, остеомиелит, флегмоналардың көптеген локализацияларында инфекция көбінесе лимфа жолдарымен, кейде қан арқылы перикардты зақымдайды. Жүректің ашық жарақаттарында біріншілік перикардит дамиды. Қабыну қызарудан, ісінуден басталып, перикардта түзілген серозды экссудат іріңдейді. Жүрек қабында 500 – 1500 мл. экссудат түзілуі мүмкін. Инфекция миокардқа таралса, екіншілік миокардит дамиды. Эпикард пен перикард беттерінде фибрин түзілсе, олар бір-бріне жабысып, перикард қуысы бітеледі. Клиникалық көріністері – жүрек қабына экссудаттың түзілуіне байланысты, жүрек жұмысының әлсіреуі және іріңді интоксикациямен сипатталады. Перикард қуысында экссудат көбейген сайын, науқастың жағдайы нашарлай түседі, жүрегі қағып, қысып ауырады, тынысы тарылады. Стенокардия ұстамасы сияқты аурсыну сезімі сол жақ қолға тарайды. Тамыр соғысы әлсірейді, ырғағы бұзылады. Науқас ентігіп, беті көгереді, мойынның көктамырлары ісініп, айқындала түседі. Ауа жетпегендіктен науқас басын көтеріп отырып, иығынан дем алады, денесі суи бастайды. Перикардтағы сұйықтық трахея мен өңешті артқа қарай ығыстырса, жөтел пайда болып, жұтыну қиындайды. Перкуссия кезінде жүректің тұйықтық шекарасы кеңейіп, үшбұрыштана түседі. Перикардиттің бастапқы кезеңінде жүрек аускультациясы перикардтың үйкелу шуын анықтаса, экссудат жиналғаннан кейін жүрек үні бәсеңдеп, жүрек түрткісі де анықталмайды. Іріңді перикардитте айтылып өткен белгілерден басқа іріңді интоксикация белгілері қатар дамиды: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қан анализдерінде лейкоцитоз, нейтрофилез. Рентгендік зерттеуде жүрек көлеңкесінің үшбұрышты кеңеюі – экссудативті перикардиттің белгісі. Диагнозды анықтауда электрокардиография, эхокардиография, ультрадыбыстық зерттеулер қолданады. Перикардтағы экссудаттың түрін, мөлшерін анықтауда және бактериологиялық зерттеу жасау үшін ең нәтижелі тәсіл – перикард пункциясы. Шалқайыңқырап отырған науқасқа, жергілікті жансыздандырудан кейін пункция жасалады. Пункциялау нүктелері 108-суретте көрсетілген.
Date: 2015-12-12; view: 477; Нарушение авторских прав |