Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалған аллергиялар





Аллергендердің табиғаты және аллергиялық реакциялардың I, II, III, IV типтеріндегі сенсибилизация механизмдері. Аллергиялық реакциялардың кезеңдері және олардың патогенезі. Аллергиялық реакциялардың әртүрлі типтеріндегі иммундық реакциялар, патохимиялық өзгерістер және клиникалық көріністер кезеңдерінің ерекшеліктері.

Аллергиялық серпілістердің даму механизмдері үш сатыдан тұрады: 1. иммундық серпілістер сатысы, 2. патохимиялық өзгерістер сатысы және 3. патофизиологиялық бұзылыстар сатысы. Иммундық серпілістер сатысында организмде белгілі антигенге (аллергенге) арнайылыланған антиденелер немесе сезімталдығы көтерілген лимфоциттер түзіледі. Бұл сатыны сенсибилизация (лат. sensibilis-сезімтал) деп атайды.

Сенсибилизация деп организмге аллерген түскеннен кейін сезімталдықтың біртіндеп жоғарылауын атайды. Сенсибилизация белсенді немесе енжар болуы мүмкін. Белсенді сенсибилизация антиген түскеннен кейін қған жауап ретінде организмнің өзінің иммундық жүйесінің қатысуымен болады. Ол үшін аллергеннің аз мөлшері жеткілікті. Мәселен, теңіз тышқандарында сенсибилизация жағдайын алу үшін оларға бөтен қан сары суының 10-9/л жіберу жеткілікті. Сенсибилизация жағдайы аллерген организмге түскеннен кейін 10-14 күннен соң пайда болады. Бұл кезең аллергенді тану, оған антидене және сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіру үшін және антиденелердің организмде таралуы, тіндерге кіріп, жасушаларда бекуі үшін қажет. Бұл антиденелер негізінен мес жасушаларға (лаброциттерге), қан базофилдеріне, тегіс ет тініне (бронхиолалар, ішектер, жатыр ж. б.) және эпителий жасушаларына жабысады.

Енжар сенсибилизация сау жануарларға белсенді сенсибилизацияланған жануарлардың қан сары суын немесе сезімталдығы көтерілген лимфоциттерін жібергенде дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың жоғарлауы

18-24 сағаттан кейін байқалады. Бұл уақыт қан сары суымен түскен антиденелердің немесе сезімталдығы көтерілген лимфоциттердің жасушаларда бекуіне қажет. Аллергиялық серпіліс тек организмнің сенсибилизациясын шақырған антигенге ғана дамиды.

Патохимиялық өзгерістер сатысында аллерген мен арнайы антидене немесе аллерген мен сенсибилизацияланған лимфоциттер байланысулары нәтижелерінде аллергтяның бірінші дәнекерлері (медиаторлары) босап шығады. Олар аллергиялық реакциялардың түрлеріне қарай әртүрлі болады (төменде келтіріледі). Артынан қабынудың бейспецификалық екінші дәнекерлері: лизосомалардың ферменттері, комплемент жүйесінің бөлшектері (компоненттері), белсенділігі көтерілген Хагеман факторы, калликреин –кинин жүйесі, простагландиндер ж. б. қосылады.

Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы осы көрсетілген аллергияның бірінші және екінші дәнекерлерінің нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осының нәтижесінде қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылайды, тіндерде микроциркуляция өзгереді, эпителий жасушаларының секрециялық қызметтері көтеріледі, тегіс ет жасушаларының жиырылуы болады. Сонымен бірге нысана жасушалардың ыдырауы немесе олардың фагоциттелінуі байқалады.

Жалған аллергиялар.

Кейде аллергиялық серпілістерге адамда кездесетін кейбір серпілістер ұқсас болып келеді. Оларды жалған аллергиялар деп атайды. Бұларды гистаминді босататын дәрі-дәрмектер, бактериялардың эндотоксиндері, комплементтің белсенділігін көтеретін кейбір нәруыздар ж. б. шақырады. Сол себептен аллергиялық серпілістерден жалған аллергияларды ажырату қажет. Жалған аллергияларда аллергиялық серпілістер сияқты гистамин, серотонин, лейкотриендер, комплемент бөлшектерінің т. с. с. медиаторлардың қатысуымен болады. Бірақ бұл медиаторлардың босауы аллергиялық серпілістер кездерінде иммундық үрдістермен байланысты болса, жалған аллергиялар кездерінде олармен байланысты емес. Сол себептен соңғыларында аллергияның бірінші иммундық серпілістер кезеңі болмайды.







Date: 2015-12-12; view: 1108; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию