Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аллергия медиаторлары; олардың шығу тегі және биологиялық эффектілері





Ары қарай БДЖС үшінші патофизиологиялық өзгерістер сатысы дамиды. Бұл кезде жендет Т-лимфоциттер аллерген орналасқан ағзаның жасушаларын шабуылдап, оларға жабы-сады. Олар жабысқан жерлерінде өздерінің нәзік жалған аяқта-рын енгізіп, жасушаға бүліндіруші әсер ететін әртүрлі лимфо-киндерді шығарады. Осыдан жасуша өзінің қозгалысын жоғалтады, бөлінуін тоқтатады, онда қабыну үрдістері дамиды, жасуша ыдырайды. Сонымен олар жасушаға патогендік немесе уытты әсер етеді. Медиаторлардың негізгі қызметтерінің бірі болып, антигенді (микробтарды немесе бөтен жасушаларды) ыдырататын үрдіске макрофагтарды жүмылдыруы есептеледі. Макрофагтарда лизосомалардың саны үлғаяды, олардың фаго-циттік және бактерицидтік әсерлері күшейеді. Осыдан ауысты-рылып отырғызылған қондырым ыдырап, организмнен аластанады.

 

Медиаторлар Биологиялық әсері.
1. лимфоциттерге әсер ететін медиаторлар: ауыстыру факторы (АФ)     -лимфоциттердің трансформациялық факторлары; митогендік фактор: (МФ) бластогендік фактор -итерлейкин I (ИЛ-1) (макрофактармен өндіріледі)     -итерлейкин 2 (ИЛ-2) (макрофактармен өндіріледі)   2. Фагоцитозға әсер ететін медиаторлар: макрофактардың миграциясын тежейтін фактор (ХФ) -макрофактарды белсендіретін фактор (МБФ) -хемотакксис факторы (ХФ)     3. Нысана жасушаларға әсер ететін медиаторлар -лимфотоксин -итерферон-а   -итерферон-у   -пролиферацияны тежейтін фактор -топталуды тежейтін фактор БДЖС –ты басқа организмге қатысады, Цитоксиндік әсерді күшейтеді, лимфоциттердің блатық жас түрлеріне көбейтеді. Лимфоциттердің аллргиялық серпілістеріне қатысуын, олардың митоздық жолмен бөлінуін, бластық жас түрге ауысуын анықтайды. Тимфоциттер мен Т-лимфоциттереінің антигенге жауабын күшейтеді, В-лимфоциттердің белсенділігін көтереді. Митогендер мен антигндердің әсерлерін Т-лимфоциттерінің антигенге жауабын күшейтеді, В-лимфоциттердің белсенділігін көтереді. Макроактардың аллергиялық бүлініс ошағына жиналуына ықпал етеді.     Макрофактарды (монофициттерді) белсендітүріне айгналдырады. Макрофактар мен нитрофилдердің хемотаксисін шақырады.     Жасушаларға уытты әсер етеді вирустарға қарсы етеді, лимфоциттердің цитоксиндік әсерін күшейтеді, макрофактар мен табиғи жендет жасушалардың белсенділігін артырады. Вирустарға қарсы әсер етеді, иммундық серпілістерді түрткілейді (антиденелердің өндірілуін, лимфоциттердің жасушаларға улы серін, макрофактрадың фагоцитоздық қасиетін күшеитеді.) жасушалардың бөлінуін тежейді жасанд жағдайда жасушалардың топталып өсуін тежейді.

Бұл кезде жасуша ыдырауының механизмі әлі толық анықталмаған. Тік-жасушалары нысана-жасушаларда бекіген арнайы ІдС мен Ғс-рецепторлары арқылы байланысады. Осыдан жасу-шаның еруін шақыратын заттар бөлініп шығады деген болжам бар. Кейде Тжендет жасушалары өзінің жасушаны ыдырататын қызметін антидене мен комплементтің қатысуынсыз-ақ атқаруы мүмкін. Бірақ бүл кезде макрофагоциттің қатысуы міндетті түрде қажет. Сонымен лимфоциттердің нысана-жасушаларды ыдыратуының белсенді көмекшілері болып макрофагоциттер есептелінеді. Сайып келгенде, Т-жасушаларының әсер ету механизмі екі түрлі болуы мүмкін:

1. макрофагтардың кемегімен;

2. антиденемен (ІдС) байланысу арқылы нысана-жасуша-ларды ыдыратуға деген ықтималдығымен.

Аллергияны алдын-ала ескерту мен емдеу әдістерінің қағидалары.

Десенсибилизация құбылысын 1907 жылы А. М. Безредка ашты. Анафилаксиялық шоктан тірі қалған жануарларға шокты шақырған антигенді бірнеше күннен кейін қайта жібергенде, олардың жоғары сезімталдығы жоғалады, анафилаксиялық шок қайтадан дамымайды. Клиникаларда емдік сіреспеге, күлге (дифтерияға) қарсы сары суларды адамға жіберерде десенсиби-лизациялық енгізулер кеңінен қолданылады. Антигеннің негізгі бөлшегін енгізуден 1—2 сағат бүрын науқастың тері астына (қанға жіберуге болмайды!) 0,0005—0,001 л осы сары суды енгізу қажет. Бүл жағдайда, егер ауру адамға жылқы сары суы әртүрлі себептермен бүрын жіберілген болса, онда десенсибилиза-циялық енгізудің нәтижесінде жіберілген антигенге науқаста белгілі өзгерістер байқалмайды.


Аллергиялық аурулары бар науқастарда аллергенге жоғары сезімталдықтың толық жоғалуы болмайды, оның темендеуі мүмкін. Бұндай жағдайды гипосенсибилизация дейді.

Гипосенсибилизация деп сенсибилизацияның иммундық механизмдерін тежеу немесе дамуын алдын-ала ескерту жолдарына бағытталған организмнің аллергенге сезімталдығын төмендететін профилактикалық шаралардың жиынтығын айтады. Ол спецификалық және бейспецификалық болады. Спецификалық гипосенсибилизация аллергиялық ауруы бар науқасқа сенсибилизация туындатқан аллергеннің өте аз мөлшерін жіберу арқылы организмге парентералдық жолмен аллергенді енгізгенде, онда тежеуші (қорғаныстық) антиденелер (ІдС, ІдМ) өндіріледі. Бұл антиденелер арнайы аллергенмен тез байланысып, аллергия туындататын ІдЕ-нің әсерін әлсіретеді.

Бейспецификалық гипосенсибилизация аллергенге организмнің сезімталдығын кейбір дәрілермен, физиотерапиялық және курорттық емдеу шараларымен төмендету. Бұл шараларда организмнің сенсибилизациясының иммундық механизмдерін тежеуге немесе оның дамуын ескертуге бағыт-талған. Осы мақсатта магниттік өрістер, глюкокортикоидтық гормондар, кейде иммундық депрессанттар (циклофосфан, 6-меркаптопурин, имуран ж. б.), иондағыш сәулелер, цитоста-тикалық (нәруыз түзілуін тежейтін) антибиотиктер қолданылады. Сонымен бірге қан плазмасы, кальций препараттары, натрийдің гипосулфиті ж. б. организмнің аллергенге сезімтал-дығын төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі әлі толық анықталмаған.

Назар аударатын бір жай, ол аллергиялық серпілістерша медиаторлары бөлінуі жасуша ішіндегі циклдік АМФ деңгейіне байланысты. Оның деңгейін аденилаттузілуіне ферментінің белсенділігін арттыру (просталандиндер ЕІ, Е2 адреналин, норадреналин) немесе фосфодиэстераза ферментін тежеу (теофиллин ж.б.) арқылы көтеру аллергиялық медиаторлардың босауын әлсіретеді де, белгілі мөлшерде аллергиялық аурулар кездерінде емдік әсер етеді. Сонымен бірге аллергиялық ауруларды емдеуде аллергияның медиаторларына (гистамин, серотонин, брадикинин ж.б.) қарсы дәрі-дәрмектер клиникада кеңінен қолданылады.

· Иллюстрациялық материалдар:

Кестелер:







Date: 2015-12-12; view: 1117; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию