Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гельмгольц-Перрен теориясы
Бұл теория бойынша қос қабат бір жағы қатты дене бетінде екінші жағы қарама-қарсы зарядталған сұйықтықта болатын жазық конденсатор есебіне қарастырылады. əрине, ол екі жақтың арасын өте жақын деп есептейді. Бұндай қос қабаттың потенциалы жазық конденсатордың потенциалына тең, осы екі жақтың арасында өте күрт өзгеретін болады да, ал беттік зарядтың мəні (q) физикадан белгілі мына формуламен анықталады:
q = 4 πδE ⋅ ϕ 0 Мұндағы Е – ортаның диэлектрлік тұрақтылығы ϕ 0 - дисперстік фаза мен
дисперциалық ортаның потенциалдарының айырмасы δ - конденсатордың екі жағының ара қашықтығы.
Гельмгольц- Перрен жасаған теория бойынша қос электрлік қабаттың қалыңдығы өте аз, молекуланың шамасындай ғана. Ал гидродинамикалық зерттеулердің нəтижесінде қос электрлік қабаттың қалыңдығы одан да көп болатыны белгілі болды. Егер Гельмгольц-Перрен теориясы дұрыс болса, онда электркинетикалық құбылыстар болмау керек еді, ал олардың болатыны бізге мəлім. Егер, бұрынғыдай қозғалу жазықтығы қос электрлік қабаттағы екі жақтың арасында болады деп есептесек те Гельмгольц-Перрен теориясының дұрыс емес екенін көруге болады. Шындығындада егер электроосмос, электрофорез құбылыстарындағы электркинетикалық потенциалдың мəнін алып қарастырса, егер жоғарғы теория дұрыс болатын болса электркинетикалық потенциалдың мəні, потенциал анықтағыш ион мен жалпы қарсы ионның арасындағы потенциалдар айырмасына тең болуы керек. Ал көптеген тəжірибелер электркинетикалық потенциалдың жалпы потенциалдан кем екенін жəне оның көптеген факторларға байланысты екенін көрсетті. Мысалы жалпы потенциал индифференттіку электролитке тəуелсіз болса (əрине олардың иондарының кристалдық торға ену қабілеті болмаған жағдайда), электркинетикалық потенциал олардың əсерінен күшті өзгереді екен. Міне осы айтылғандар, жалпы потенциал мен электркинетикалық потенциал екі түрлі шама, ал Гельмгольц-Перрен теориясы электркинетикалық құбылыстарды түсіндіре алмайтындығын көрсетеді.
Date: 2016-02-19; view: 1580; Нарушение авторских прав |