Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың әлеуметтанымдық ойлары





 

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) «Қазақ» (1913) газетінің бетінде қазақ қоғамындағы келелі-келелі саяси-әлеуметтік қатынас мәселелерін көтеріп, оған ғылыми талдау жасады, түбегейлі әлеуметтік, саяси өзгерістер жасаудың қажеттігін дәлелдеп отырды. Қоғамды реформалар арқылы жетілдіру жолдарын. «Маса» жинағында ашық көрсетті. Онда ол қазақтарды ұйқыдан оятуға, өзінің әлеуметтік күйін жақсартуға шақырды. Ол үшін оқып білім алу, адамзаттық рухани байлықтарын игеріп, дүниежүзілік өркениет деңгейіне көтеруді уағыздады. Оған жету үшін отаршылдықтың бұғауын бұзып, ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күреске шақырды. Қазақтың ұлттық-демократиялық партиясы «Алашты» құруға белсене қатысты.

А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарас-танымдарын оның мемлекет құрылысына қатынасынан көруге болады. Мәселен, оның қазақтың автономиялық мемлекетін құруды қалай түсінгенін 17 мамырда (1920 ж.) В.И.Ленинге жазған хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, Қазақ өлкесін басқаруға халықтың күйін жақсы білетін, сыналған, халық сенетін адал коммунист қазақтардан қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын аймақтарды басқару органдарында езілген ұлт-өкілдері кемінде үштен екісін құрау керек деп жазады; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық-экономикалық мекемелерін басқару орталықтандырылуына немесе орталықтандырылмауына қарамай ешбір бөліске түспей немесе басқа губерниялар мен облыстарға бағындырылмай, қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ коммунистері мен интеллигенциясының барлық саяси-мәдени жұмысы советтік социалистік шаруашылық саясатына негізделіп жүргізілу керек; бесіншіден, Қазақстанды оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери округ құру; алтыншыдан, қалалардағы әскери горнизондар міндетті түрде қазақтардан болу керек (Егеменді Қазақстан, 1991, 26 қараша). Ахмет шын мәніндегі автономия осылай болу керек деп түйген еді. Оның бұл ұсыныстары іске асырылмады. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті сынағаны үшін Ахмет Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937 жылы атылып кетті.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ірі тұлға Әлихан Бөкейханов (1870-1937). Ол Санкт-Петербургтың орман шаруашылығы институтының экономика факультетінің студенті кезінде-ақ студенттер қозғалысына қатысты, марксизмді де оқыды. Ол орыстың демократиялық әдебиетімен танысты, оны қазақ тіліне аударды. Маман экономист ретінде ол патша өкіметінің кеңес аудару саясатын, оның әлеуметтік сипатын зерттеді. Соның нәтижесінде Әлихан қазақтардың атамекен құнарлы жерлерінен ығыстырылып, шөл, шөлейт жерлерге қуылып жатқанын байқады.

Қазақ қоғамын терең зерттей келе Әлихан қазақтардың саяси және экономикалық құқықсыздыққа душар болып отырғанын, олардың езгіге, дәрменсіздікке ұшырап, өзін-өзі қорғау мүмкіншілігінен айырылып қалғанын айқындады. Ол табанды демократ ретінде өзінің Октябрь төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің, оның әділетсіз отаршыл саясатымен күресу, Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділеттілік негізде құру үшін күресті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейханов 1906 жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасында қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік дамуы үшін өмірлік мәні бар міндеттерді іске асыру белгіленді.


Бөкейханов құрып, басқарған қазақ кадеттерінің бағдарламалық міндеттерінің көптеген мәселелер бойынша орыс кадеттерінен принципті айырмашылықтары болды. Сондықтан Әлихан кадет партиясынан шығып жаңа ұлттық саяси ұйым құруды жоспарлады. Біріншіден, Бөкейханов пен оның жақтастары қоғамдық қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті; екіншіден, ұлттық мәселелерді шешуде олар әлдеқайда терең ойлап, ілгері кетті. Ұлттық автономияны талап етті. Әлихан патша өкіметінің отарлық саясатының мәнін әшкерелейді, ол саясат іс жүзінде қазақ қоғамын дамытпай отырғаны былай тұрсын, қайта қазақтардың рухани, әрі әлеуметтік қатынастарының азғындауына әкеліп соғып отырғанын көрсетті. Әлихан жерді жеке меншікке беруге қарсы болды.

 

Әдебиеттер:

1. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

2. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

3. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

4. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

5. Әбсатаров Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

6. Абай. Қара сөздері. А., 2002







Date: 2016-02-19; view: 2023; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию