Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық тұжырымдамалары





ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда әлеуметтік ғылыми ойдың дамуына Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов негіз салды. Сол кездегі қазақ қауымының басынан кешіріп отырған патриархалдық феодалдық құрылысты талдап, қазақ қоғамының табиғи, эволюциялық жолмен дамып келе жатқанын атап көрсетті. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы оны өркендеудің биік сатысына көтереді деп түйді. Оның әлеуметтік-экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді.

Қазақ қоғамының сол кездегі таптық-әлеуметтік құрылымын зерттеп, онда ақ сүйек және қара сүйек аталатын сословиялардың сақталып отырғанын, олардың өз іштерінде әлеуметтік топтардың бар екенін де аңғарады. Ол қазақ қоғамында құлдық дәуір болған жоқ дей отырып төленгіттерді еуропалықтарға құл деп түсіндірді. Шындығында, төленгіттің әлеуметтік күйі құлдардан әлдеқайда артық болды. Ол ешкімге сатылмайтын, қожасының алып кел, шауып кел сияқты қызметінің статусы әлдеқайда жоғары еді. Сонымен қатар, феодалдық қоғамға тән таптық-әлеуметтік құрылымдағы қазақ байлары мен кедей шаруаларының қалыптасу үрдісіне де тоқталады.

Шоқан өзінің зерттеулерінде қазақ қоғамының дәулетті тобының мүддесі мен әлеуметтік сатының төменгі баспалдағында тұрған «сахара пролетариатының» мүддесінің қарама-қарсы екенін түсіне білді.

Ол қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің сырын аша білгендігін, соған байланысты адамдар статусының анықталатынын және әлеуметтік соқтығыстардың да механизмін түсінгенін көреміз. Сондықтан «бүкіл ұлттың мүддесі, қатал әділеттілікке жүгінгенде, жеке қауымның пайдасынан жоғары болу керек», - деп түйді.

Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруы, қазақ қоғамында әлеуметтік әділеттілік орнату, оған демократиялық өзгерістер енгізу, реформаның сипаты туралы, халықтың материалдық әл-ауақатын жақсарту, білімге, прогреске жеткізу туралы ойлары Батыс әлеуметтанушыларының көзқарастарымен ұштас, үндес болды. Сондықтан да, Шоқанның өз тұсындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарға көзқарасы адамзат жасаған қоғамдық ойдың асыл бөлігі болып табылады.

 







Date: 2016-02-19; view: 1893; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию