Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ ЭКВИВАЛЕНТТЕРІНІҢ ЕСЕБІ
Дәрістің мақсаты - ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебін қарастыру Негізгі ұғымдар - касса, есеп айырысу шоты, валюталық шот, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері. Дәріс сұрақтары: 1. Актив – кәсіпорынның мүлкі. 2. Кассағы ақша қаражаттырының есебі 3. Банктегі ақша қаражаттарының есебі
1. Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізгі сәйкес активтер жатады, бұлар – мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Актив - деп кәсіпорынның ақшаға бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін айтады. Олар ұйымның өткен уақыттарындағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттағы табыс табуы үшін пайдалынады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбейуі кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы табатын кірістер: - өнім өндіру нәтижесінде; - қызмет көрсету нәтижесінде; - басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде; - міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану нәтижесінде; - ұйымның меншік иелері арасында бөліске түсу нәтижесінде және тағы да басқа операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару, сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа бөлінеді: - ағымдағы акктивтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын); - ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын). Қысқа мерзімді (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі – бір жылдан кем. Бұлар: - қайта өңдеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлы-материалдық қорлар; - жыл ішінде есептен шығаруылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны; - ақшалай қаражат; - егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар; - есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы шот ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдардың дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек). Ұзақ мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады: - негізгі құралдар (лицензиялық келісімдер, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер); - ұзақ мерзімді инвестициялар (еншілестерге, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар); - ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (алуға арналған шоттар, алынған вексельдер және т.б.) 2. Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі –беретін қондырғылар ронатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленегн ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күннің соңында кассаның тиісті жерлеріне мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділіне жұмысқа деген не құрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықтан немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметтердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін кызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасындағы жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010-“Кассадағы ақша қаражаты» шотында жүргізіледі. Кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша ақша қаражаттарының есебінен ұқсас жүргізіледі. 1010 шотында жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша осы журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.
3. Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады: 1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу. 2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау. 3. Есеп айырысу,төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу. Аударылған жолдағы ақщалай қаржылар есебі Аударылған, бірақ әлі кәсіпорының шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1020-“Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар”- деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақщалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. 1020-“Жолдағы ақшалай қаражаттар” шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс: 1. Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылданғанын дәлелдейтін құжат. 2. Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы. 3. Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылары, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді. Шаруашылық субъектілері 1060-“Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар” – деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді.негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Date: 2016-02-19; view: 1188; Нарушение авторских прав |