Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Бухгалтерлік есептіҢ концепциялары, стандарттары жӘне принциптері





 

Дәрістің мақсаты - Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихын, негізгі объектілерін, ақпарат жүйесін, бухгалтерлік есеп пәнін, әдісін және міндеттерін оқыту.

Негізгі ұғымдар - бухгалтерлік есеп, есеп объктілері, Халықаралық қаржылық есепберу стандарттары, есеп саясаты, есепті кезең, бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер.

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.

2. Бухгалтерлік есептің объектілері.

3. Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі.

4. Бухгалтерлік есептің концепциялары

5. Бухгалтерлік есептің қағидалары

 

1. Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгілік! Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.

Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.

Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы» деген алғашқы кітап шықты.

Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.

 

2. Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің финанстық қорытындысын шығаруға, экономикалық талдау жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.


 

 

3. Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.

Шаруашылық операция – жеке шаруашылық істі сипаттайды. Ол, мүлік құрамындағы өзгерісті, таратуды және құрылу қайнар көздердегі өзгерістерді білдіруі мүмкін. Шаруашылық операциялар кәсіпорын мүмкін (баланс активі) немесе оның құрылу қайнар көздерін (баланс пассиві) және бір мезгілде екеуін де бейнелеуі мүмкін. Шарушылық опреациялар негізгі қорларды, материалдық бағалықтарды, өнім өндірісінің шығындарын анықтау сияқты сипаттарда болады. Шаруашылық операция – мүлік пен оның құрамына өзгеріс әкелетін процесс.

Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.

 

4. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.

Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.


Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.

Екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.

Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады. Қосарлы жазу – бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.

Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады.

Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.

Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.

Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.

Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік

 

5. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр, Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.


Үздіксіздік.. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.

Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.

Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.

Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.

Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.

Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.

Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.

Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.

Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.

Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.

Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.

Уақыттылық. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.







Date: 2016-02-19; view: 1518; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию