Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. ЕКІ ЖАҚТЫЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ БАЛАНСТЫҚ ТЕҢДЕУ





Дәрістің мақсаты - бухгалтерлік баланстың құрылымын және маңызын, шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын өзгерістерді қарастыру.

Негізгі ұғымдар – бухгалтерлік баланса, балансқа әсер ететін өзгерістер, баланстың ерекшелігі, баланстың құрылымы.

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік баланстың анықтамасы

2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы

 

1. Кәсіпорынды басқару шаруашылыө құралдарының тиімділігін және сақтығын бақылау мақсатында бөлігі бір мерзімге құрамы және шамасы жөнінде ақпараттар қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік баланс көмегімен алады.

Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалпй өлшемде топтастыруды білдіреді.

«Баланс» термині латын сөздерінен bis – екі рет және lans – таразы табағы дегенді білдіреді, яғни теге-теңдік мағынасын (ұғымын) білдіреді.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен олардың көздерін жалпылау кесте көмегімен жүзеге асырылады, ол да баланс деп аталады. Сонымен қатар бұл әдіс бухгалтерлік қорытынды есеп жүйесіндегі негізгі форма. Шаруашылық операцияларын толық жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорындар белгілі бір көлем мен дәрежеде қорлар етеді. Құралдар мен құралдардың қорлану көздерінің жалпы көлемі ақшалай өлшеммен жинақталып, белгілі бір мерзімі қарай топтастырылып қортындыланады.

Баланс есі бөліктен тұрады: активтен және пассивтен. Сол жағы актив деп, оң жағы пассив деп аталады. Активте шаруашылық құралдарының құрамы және орналасуы көрсетіледі, ал пассивте бұл құралдардың пайда болу көздері көрсетіледі. Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең

құралдар = капитал + міндеттемелер.

Мұндай теңдісті баластық теңдеу деп атпйды. Бұл теңдік кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты көрсетпейді, бірақ та балансты құруда қателіктер жіберілмесе әрқашанда, сақталады.

Актив пен пассив жекелеген баптардан құралады. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде орналасқан баптар активті, он пассивінде орналасқандары, пассивті деп аталады.

Баланс активті мен пассивінің жиыны баланс валютасы деп аталады. Төменде бухгалтерлік баланстық шартты формасы көрсетілген.

 

Актив Пассив

Шаруашылық құралдарының құрамы Сомасы, теңге Құралдардың қалыптасуының қайнар көздері Сомасы, теңге
Қысқа мерзімді активтер Ұзақ мерзімді активтер     Қысқа мерзімді мендеттемелер Ұзақ мерзімді міндеттемелер Меншікті капитал  

 

Баптарды, бөлімдерге таптастыру экономикалық белгі бойынша жур-і.

Баланс бабы бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Баланстың біртектес баптары топтарға біріктіріледі, он топтар – бөлімдерге. Баланс баптарын топтау негізінеү Бухгалтерлік есеп 2 (Стандартына) “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулары” 13 қараша 1996 ж. №3 ҚР-сы бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген стандартқа сәйкес келесіндей принциптер енгізілген.

- баланстың актив баптары үшін-активтердің әрекет ету мерзімі;

- баланстың пассив баптары үшін-пассивтердің қалыптастыру және оларды жоюдың мерзімдері принципі.

Шаруашылық субъектінің балансы келесіндей бөлемдермен көрсетілген актив:

- ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс;

- Материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар белгілері және т.б.

- ұзақ мерзімі инвестициялар: еншілес серіктестіктерге инвестициялар; тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; басқа ивнестициялар егер олардың (бастапқы құны) баланстық құнынан өзгеше болса, ағымдағы құны көрсетіле отырып.

- ұзақ мерзімі дебиторлық қарыз: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да дебиторлық қарыздар;

- алдағы кезең шығындары.

Ағымдағы активтер. Ашылуға тиіс мына баптарды қамтиды: өңдеу өткізу мерзіміне тәуелсіз түрде тауарлық - материалдық қардлар; бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін алдағы кезең шығындары; ақша қаражаттары; қысқа мерзімді қаржылыө инвестициялар: бір жыл ішінде алынатын дебиторлық қарыз; а,ымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер; алынуға тиісті жаттар; алынған вексельдер; негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес секіртестіктері арасындағы ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық қарыз, басқа да дебиторлық қарыз.

Пассив:

- меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал (нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян).

- ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар.

- ағымдағы міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады.

Осы көрсетілген бухгалтерлік баланстың активі мен пассивін орналастыру тәртібі (кәсіп) барлық меншік формалары кәсіпорындары және экономиканың салалары үшін қолданылады сақталады. Айырмашылықтар баланстың жалпы валютасында баптардың үлес салмақтарында байқалуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістік балансы активінде үлкен үлес салмақты «Негізгі құралдар» және «Шикізат пен материалдар» алады; ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – «Жер», «Аяқ-талмаған өндіріс», сауда ұйымдарында «Тауарлар» бабы алады.

Бухгалтерлік баланс өзінің экономикалық мазмұны бойынша кәсіпорынның шаруашылық құралдарының және олардың қалыптасу қайнар көздерінің жағдайы туралы белгілі бір күнге есеп берушілік міндетті формаларының бірі болып табылады. Ол бір айдың, бір кварталдың, жартыжылдың, бір жылдың жиындық мәліметтерін бейнелейді.

 

2. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен оларды көздерінің өзгерісін тудырады.

Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялар деп аталады.

Шаруашылық операцияларының әсерінен мүлік өзгереді, ал он бухгалтерлік баланста көрсетілетін болғандықтан, оның әсерін баланс та өзгереді.

Мысалы, ай ішінде келесіден шаруашылық операциялары жүзеге асқан.

1. Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін кассаға е.а. шотынан ақша түсті – 145 000 теңге.

2. Банк несиесі есебінен мердігерлер шоты төленді – 180 000 теңге.

3. Алынған материалдар үшін жабдықтаушы шоты төлемге қабылданды – 80 000 теңге.

4. Кассадан еңбек ақы берілді – 140 000 теңге.

Сөйтіп, шаруашылық операциядардың нәтижесінде баланаста келесіндей өзгерістер болады:

1. Активті А + және А –   А = П Активтігі бір бол көбей еді, ал екіншісі сол сомаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
2. Пассивті П + және П –   А = П Пассивтің 1 бабы кқбейеді де, екіншісі сол сонаға азаяды. Баланс валютасы өзгермейді.
3. Көбею жағына А + және П +   А = П Бірдей санаға активтегі де, пассивтегі де баптар көбейді. Баланс валютасы да сол сонаға көбейеді.
4. Азаю жағына А - және П - А = П Активтегі және пассивтегі баптар бірдей сонаға азаяды. Баланс валютасы сол сомаға азаяды.

 

Кез келген шар о-яның нәтижесінде баланс А–і мен П-ң теге-теңдігі әрқашан сақталады.

Бухгалтерлік баланстың бірнеше түрлері көрсетуге болады.

Баланс – брутто – реттеуші баптарджы қамтитын баланс, сомалары құралдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтауда б. ж-қ байланысы бар басқа баптар сомаларынан алынып тастады шегеріледі. реттеуші баптарға негізгі қаржылардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизация сын т.б. жатқызуға болады.

Date: 2016-02-19; view: 1556; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию