Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ГЛОССАРИЙ. Актив– бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Акционерлік капитал және эмиссиялық табыс акционерлік қоғамда шығарылған акцияның атаулы құнына және атаулы құнынан артық сомаларды қамтиды. Ақша бұл кассадағы және банктегі шоттарда бар нақты ақша. Ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілген дейінгі салымдар жатады. Ақша қаражаттарының эквиваленті деп – ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі (ликвидиттілігі) жоғары салымдарды айтады. Ақша легі деп – ақша мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады. Ақшаға және өтімді (ликвидиттілігі) активтерге жасалынатын қатаң бақылау жүйесі ақпарат тұтынушылар экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланылатын қаржылық қорытынды есепке бейнелеген мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, бұл - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі. Бухгалтерлік есеп шоттары біртекті шаруашылық операцияларын топтастыру және ағымдағы есебін жүргізу үшін арналған. Шаруашылық қаражаттарының және олардың құралу көздерінің әрбір түріне және жеке шот ашылады. Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады. Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек. Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды. Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Есептік цикл - қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Еңбек ақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады. Енгізілген капитал акционерлердің бастапқы инвестициясын қамтиды. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруаіылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Материалдық емес активтер; амортизация кезеңі, әдісі және есеп беру кезеңіндегі есептен шығарылуы көрсетіле отырып; гудвим, патенттер, тауар белгілері және т.б. Меншікті капитал: жарғылық капитал, қосымша төлеген капитал, қосымша төленбеген капитал (нег. құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары), резервтік капитал, бөлінбеген табыс (зиян). Міндеттемелер – бұл өткен кезеңдегі операциялардан туындайтын кәсіпорынның басқа бір тұлғаның пайдасына құндық өлшемі бар белгілі бір іс әрекеттен бас тарта тұруы. Яғни бұл кәсіпорынның игілігі болып табылмайтын, бірақ оның қарамағында уақытша болатын кәсіпорынның меншікті капиталымен теңдей құқықта пайдаланылатын қаражаттар. Негізгі құралдар, яғни жер, ғимараттар мен құрылыс жайлары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері; жинақталған тозуы, аяқтамлмаған күрделі құрылыс; Шоттар жүйесі және қосарлы жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі. Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімі дебиторлық қарыз: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер, негізгі шаруашылық секіртестік пен оның еншілес серіктестіктері арасындағы ішкі топтық операцилар нәтидесінде пайда болған дебиторлық қарыздар; акционерлік қоғамның қызметкерлерінің дебиторлық қары; басқа да дебиторлық қарыздар; Ұзақ мерзімі міндеттемелер: қамтамасыз етілген несиелер, қамтамасыз етілмеген несиелер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің бір-біріне беретін несиелері, кейінге қалдылырған салықтар. Қосарлы жазу – бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі. Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады. Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету. Қысқа мерзімді міндеттемелер: қысқа мерзімді несие және овердрафт; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, кредиторлық қарыз (төленуге тиіс шоттар және вексельдер, алынған аванстар, салықтар бойынша қарыздар, төленуге тиісті дивиденттер басқа да кредиторлық қарыздар), төленуге тиіс есептелінген шығындар, алдағы кезеңдердің табыстары және басқалады. Date: 2016-02-19; view: 945; Нарушение авторских прав |