Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абатқа жылутасығышты айдау техникасы





Ыстық жылутасығыштарды қабатқа айдауға дайындау бетте немесе айдаушы ұңғының түбінде жүру мүмкін.

Батырмалы типті қыздырушылар бар. Олардың ішіндегі газбен ауаның қоспасы тікелей судың ішінде жанады. Қыздырушы АҰҚ (айдаушы ұңғы қазаны) алдында орнатылады. Осы қазанда ортадан тепкіш сораппен берілетін теңіз суының түйісу қыздырылуы жүреді. Қыздырушыда периодты түрде пайда болатын шламды қазанды үрлеп тазарту арқылы алып тастайды. Ерітілмейтін газтәрізді жану заттары арнайы сепрататорда айырылады және атмосфераға жіберіледі немесе суық суды алдын-ала қыздыру үшін қолданылады. Батырмалы қыздырушылардың п.ә.к.-і 0,92-0,95-ке дейін жетеді. Қыздырушыда сораппен берілетін төмен қысым ұстап тұрылады, бұл суды тасымалдау және оның қайнап кетпеуі үшін жасалынады. Ауа және газ жандырғыштарға (горелки) керекті пропорцияларда және мөлшерлерде беріледі, бұл мөлшерлер судың шығынына және жұмыс істеудің тұрақталған режиміне тәуелді.

Сорап, қыздырушы және сепаратор сәйкес автоматикамен жабдықталған, бұл автоматика қондырғының бөлек тораптарының жұмыс істеу параметрлерін реттейді және температура, қысым, су шығыны, газ және ауа арасындағы керекті қатынастарды қамтамасыз етеді.

Ыстық суды айдаған кезде, әсіресе жоғары сағалық температуралар болған кезде, айдау жүретін құбырлар және оның ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі жоғары температуралық деформацияларға ұшырайды, сондықтан міндетті түрде жүйені қолданған кезде тоқтатулар және суытулар болу керек. Бұл жағдайларда аппаратура құрылудың керекті беріктігін (20 МПа дейін қысым және 200°С дейін температура) және СКҚ-ның сағалық сальниктегі салыстырмалы қозғалуын қамтамасыз ету керек. Арматураның сужүргішпен (водовод) қосылуы шарнирлі етіп жасалынады.

Қабатқа жылутасығышыты, әсіресе буды, айдаған кезде СКҚ башмағы, ұңғының құбыраралық кеңістігіне айдалатын бу немесе судың түсуін болдырмау үшін, арнайы термотұрақты пакермен саңылаусыздандырылады. Бұл ұңғы оқпанындағы жылу шығындарын азайтады.

Қабатқы буды айдау қабатқа суды айдаудан қарағанда көбірек қолданылады. Айдау екі түрі болады: үздіксіз және циклді. Үздіксіз және циклдік айдау айдаушы ұңғылар жүйесі арқылы іске асады, осыдан кейін түп алдындағы аймақ қыздырылып ұңғы сұйықты алу режиміне көшеді. Буды айдау үшін қозғалмалы және стационарлы бугенераторлары дәне қазан қондырғылары қолданылады.

Әрбір қондырғыда ауаны және отынды (газ, мұнай) беру және дайындау жүйелері, және де қажетті автоматика және автоматты және жартылайавтоматты түрде будың дайындауын реттеу үшін арналған бақылаушы-өлшеуші аппаратура ойластырылған. Бугенератор қондырғысындағы буды дайындау процессінің міндетті элементтеріне мыналар жатады:

1. Қоректендіруші судан механикалық қоспаларды алып тастау үшін жарықтандырушы фильтр арқылы алдын-ала фильтрация.

2. Қоректендіруші суды жұмсарту үшін, яғни құрамынан қаттылық тұздарды алып тастау үшін, натрий-катионды фильтрлар арқылы фильтрлеу. Катионниттердің жұмсарту қасиеттері төмендеген кезде осы қасиеттерді катиониттер арқылы аспаздық суды айдау арқылы қалпына келтіреді.

3. Судан агрессивті газдар және оттегіні алып тастау үшін деаэрация. Деаэрация суық және ыстық, жоғары және төмен қысымды болу мүмкін. Қалдық оттегіні байланыстыру үшін суға химиялық реагенттерді енгізеді (гидрозингидрат немесе гидрозинсульфат).

4. Дайындалған суды жоғары қысымды сораппен керекті температуралы және қысымды, әдетте құрғақтылығы 80% болатын буды генерациялау үшін тураағысты бу қазанына беру. Бұл суды жұмсарту процесіне талаптарды төмендетуге мүмкіндік береді, өйткені қалған ерітілген тұздар қазан суының тамшы ылғалында ұсталынып бумен бірге алынып кетеді.

ППГУ-1/120, ППГУ-4/120М, “Такума”, KSK қозғалмалы буқыздырушы қондырғылар қолданылады. Олар жұмыстары толығымен автоматтандырылған екі бөліктен тұрады: бугенераторлы және судайындаушы.

Жылутасығышты (суды) үздіксіз айдау кезінде қабат баяу қызады. Бір жылдың ішінде қыздырылған аймақ бірнеше ондық метр құрайды, сонымен бірге жылудың негізгі мөлшері ығыстыру аймағының алдында емес артында болады. Буды үздіксіз айдаған кезде қыздырылған аймақ көбірек болады, бірақ оның генерациясына судың қыздыруына қарағанда жұмсалатын отын мөлшері көбірек болады.

Сонымен жылутасығыштарды айдау қабаттар терең жатпаған кезде және айдаушымен өндіруші ұңғылар арасындағы арақашықтық қысқа болған жағдайда тиімді бола алады.

Нег.: 1.(76-86)

Бақылау сұрақтары:

1.Қабатқа жылулық әсер етудің негізгі әдістері?

2.Ыстық суды айдаған кезде қабатта қанша аймақ құрылады?

3.Буды айдаған кезде қабатта қандай аймақтар құрылады?

 

Date: 2016-02-19; view: 1010; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию