Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абат қысымын ұстауға арналған жабдықтар





Суды мұнай қабаттарына айдау үшін блокты шоғырлама сорапты станциялар қоладанады (БШСС), олар ортадан тепкіш ЦНС-180 және ЦНС-50 сорапты агрегаттардың негізінде жабдықталған. Орнатылған сорапты блоктардың санына қарай БШСС берілісі 180нен 720 м3/тәу дейін болады. ЦНС-180 сораптың құрылысы бір тұрқы базасында айдау қысымы 9,5-тен 19 МПа-ға дейінгі төрт модификациялардың жасалуын ескереді.

Сорап ЦНС-180 – ортадан тепкіш, көлденең, секционды, жұмысшы дөңгелектері бір жақты орналасқан біртұрқылы, берілісі 280 м3/тәу.

Сорап ЦНС-500 – ортадан тепкіш, көлденең, біртұрқылы, сегіз сатылы, берілісі 400-700 м3/тәу.

Станция құрамына келесі технологиялық кешендер кіреді: сорапты блок, дренажды сораптардың блогі, төменвольтті аппаратураның және басқарудың блогі, арынды гребенкалардың блоктары, реттеуші құрылғылар, трансформаторлы подстанция, бұралқы судың резервуары.

Блокті шоғырлама сорапты станциялар қозғалтқышының вентиляциясы тұйық және ашық циклді болады. Тұйық цикл теңіз суын немесе тазартылған мұнайкәсіптік бұралқы суын айдау үшін арналған, ал ашық цикл активті қоспалары жоқ беттік және жер асты суларын айдау үшін арналған. Әрбір вариант сорапты блоктардың және арынды гребенкалардың санымен ерекшеленеді.

БШСС ғимараттарының жылынуы және жарықтандыруы электрлік болады. Түйіскен сорапты блоктардан және дренажды сораптардың блоктарынан құралған машина залы электроқозғалтқыштармен бөлінетін жылу арқылы жылытылады.

Сорапты блок келесі технологиялық жабдықтардан тұрады: ортадан тепкіш ЦНС сорабы, синхронды немесе асинхронды электроқозғалтқыштар, құбырлар, суыту жүйесі, агрегаттарды басқарудың жергілікті посты, майқондырғылары, манометрлік тізбек, агрегаттарды апатты түрде тоқтату жүйесі.

Дренажды сораптардың блогі резервуардан бұралқы суларын сораптың сорушы құбырына айдау үшін және дренажды блоктан технологиялық суды бұралқы сулар резервуарына айдау үшін керек.

Арынды гребенка блогі айдаушы ұңғыларға берілетін технологиялық судың қысымын және шығының өлшеу және реттеу үшін арналған.

Төменвольтті аппаратураның және басқарудың блогі БШСС жұмысын автоматты түрде басқару үшін арналған.

Date: 2016-02-19; view: 1051; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию