Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Цитология және гистология» пәні бойынша





Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар. Пластидтер – классификациясы, құрылысы, химиялық құрамы. Фотосинтездегі пластидтердің рөлі. Митохондрия мен пластидтердің шығу тегі.

Эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.

Тері эпителийі. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы. Шаш пен жабындағы пигментация механизмдері. Шаштың құрылысы. Тері эпителийінің регенерациясы. Негізгі типтері. Без эпителийі, экзокринді және эндокринді бездер. Олардың онто- және филогенезде пайда болуы, классификациясы, жалпы жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Безді клеткалардың ультрақұрылысы. Секреторлы цикл туралы түсінік. Безді эпителийдің эволюциялық динамикасы және биологиялық маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский и др.; - М.: Медицина, 2001.

2. Ченцов Ю.С. Общая цитология. Оқулық. М.,МГУ, 1995. 384 с.

3. Заварзин А.А., Харазова А.Д., Молитвин М.Н. Биология клетки. С- Петербург, ЛГУ, 1992. 314 б.

4. Ченцов Ю.С. Основы цитологии. Оқулық. М., МГУ, 1984. 344 с.

5. Гистология (под ред. В.Г. Елисеева и др.). М., Медицина, 1989.

6. Заварзин А.А. Основы сравнительной гистологии. Оқу құралы. Л., Изд-во ЛГУ, 1985.

7. Шубникова Е.А. Функциональная морфология тканей. оқу құралы. М., Изд-во МГУ, 1981.

8. Хэм А., Кормак Д. Гистология (5 томдық). М., “Мир”, 1983.

9. Сапаров К.А. – Цитология және гистология, Алматы, 2009

10. Нұртазин С.Т. Жалпы гистология. Эверо. Алмапты, 2011.

11. Сабыр Нұртазин. Жалпы гистология. Алматы, 2010. Уч.пособие

12. Базарбаева Ж.М. - Цитология және гистология. Алматы, 2011

«Цитология және гистология» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары:

1. Эпителийлі шекаралық ұлпалар жүйесі. Шығу тегі, морфологиясы мен қызметіне сипаттама.

2. Эпителийдің морфофункциональдық және онтофилогенетикалық жіктелуі.

3. Безді эпителийге жалпы сипаттамасы. Грандулоциттердің ультрақұрылымдық ерекшеліктері, оның секреторлы циклі мен секреция типі.

4. Қан. Клеткалық және химиялық құрамы мен қызметі.

5. Гемопоэз. ҚБК (қанның бағана клеткалары) туралы түсінік.

6. Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары, оның ультрақұрылымы мен қызметі.

7. Шеміршек ұлпасы. Жіктелуі, құрылысы, биохимиясы, хондрогенез.

8. Жүрек бұлшық ет ұлпасы. Жиырылғыш кардиомиоциттердің құрылысының ерекшелігі, қалыптасуы. Жүрек бұлшық ет ұлпасының регенерациясы.

9. Мейоз кезеңдері, ұзақтығы және сипаттамасы.

10. Клетка және ұлпаларды зерттеу әдістері.

11. Цитоплазманың химиялық құрамы, құрылысы және қызметі.

12. Плазматикалық мембрананың клеткааралық байланыстары және маманданған құрылымы.

13. Эндоплазматикалық тор (гранулярлы және агранулярлы) және оның клетка тіршілігінде маңызы.

14. Митохондрия құрылысы және қызметі.

15. Клеткалық: белокты, көміртекті, майлы және пигментті кірінділер.

 







Date: 2015-04-23; view: 2397; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию