Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырыбы : “Кабель желілері, түрлері, маркалары. Желі қимасының стандарттық реті
Кабельдерді жалғау” А) Кабель желілері туралы жалпы мәліметтер. Кабель желілері әуе сым желілеріне қарағанда күрделі жолмен жасалынады, түсті металдары көп болады, сонымен қатар олардың жөндеу жұмыстары көп уақыт бөлуді және квалификациясы жоғары жұмыскерлер болуды талап етеді. Сондықтан да кабель желілерін әуе желілерін қолануға болмайтын жағдайларда, мысалы: қалаларда, кәсіпорындар аймағында, ауқымы үлкен су қоймасф арқылы және де (жасырын) көрінбейтін етіп жүргізуді қажет ететін жерлерде қолданады. Кабель желілерінің артықшылықтары: а) атмосфералық әсерлерге ұшырамайтындығы, мысалы: жел, мұз қату, найзағай түсу арқылы зақымдау, т.б.; б) кабель трассасының бейтаныс адамдарға көрінбей және қол тигізбестей болып орналасуы. Кабель желілерінің кемшіліктері: а) әуе сым желілерімен салыстырғанда кабель тораптарын салу көп уақытты қажет етпейді; б) кабель торабын жүргізу және монтаждау – бұл күрделі жұмыс, сондықтан оған квалификациясы жоғары жұмыскерлер қажет; в) зақымданған жерін анықтауға және оны түзетуге көп уақыт кетеді. Кез келген кабель желісі тізбектері келесі басты элементтерден тұрады: - электр энергиясын таратушы кабель; - бір тізбекте орналасқан жекелеген кабельдерді бір-бірімен жалғайтын жалғаушы муфталар; - кабель ұштарында орналасқан муфталар (заделкалар); - бекітушу муфталар (стопорные муфты), олар кабель тізбегінің тік орналасқан учаскесінде, кабель майы ағып кетпес үшін қолданылады; - май толтырылған кабельдерден құрылған электр тізбегі үшін қажетті қоректендіруші аппараттар және майдың қысымын қадағалап хабар беруші жүйе; - кабельдер орналасатын ғимараттар (кабельдік коллекторлар, туннельдер, каналдар, шахталар, құдықтар, қоректендіруші орындар).
Б) – Кабельдер. Түрлері және маркалары Кабельдер бір, екі, үш және төрт талшықты болып бөлінеді. Тоқ өткізетін талшықты кабельдер мыс пен алюминийден жасалады. Талшықтар қима формасы бойынша жұмыс жасайды. Күштік кабельдердің стандартты қималары: 1,5; 2,5; 4; 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 120; 150; 185; 240; 300; 400; 500 және 600мм2 болады. Кабелдердің маркалары тоқ өткізетін талшықтарының материалына, оқшаулатқыш және қорғаныс қабықшаларының материалдарына байланысты болады. Мысалы: АСБГ 3х95 кабелін талдап көрейік: бірінші “А” әріпі тоқ өткізгіш талшықтың алюминийден жасалғандығын көрсетеді, ал “С” - әріпі қорғаныс қабықшаның қорғасын (свинец) екендігін білдіреді, “Б” - әріпі брондалған (болат сауыты бар деген) сөз, ал “Г” - әріпі кабельдің жалаңаш (голый), демек сыртында смола сіңдірілген жгутпен қапталмағандығын білдіреді, 3 – цифрлы кабельдің үш талшықты, ал 95- олардың қимасының 95 мм2 екендігін көрсетеді. Егерде бұл кабель талшықтары мыс сымдардан жасалынған болса, оның маркасы СБГ 3х95 болып өзгереді. АСБГ, АСБ, СБГ СБ маркалы кабельдері 10кв-қа дейінгі кернеуге арнап жасалынады. Егерде механикалық бүліну қауіпі болмаса, онда болат сауыты жоқ арзан кабельдерді қолдануға болады (СГ және АСГ маркалары – қорғасын қабықшалы мыс және алюминий талшықтары, сыртқы қаптамасы жоқ, яғни жалаңаш). 20 және 35кв кернеуге арналған кабельдерді жеке қорғасындалған талшықтардан жасайды (маркалары ОСБГ және ОСБ немесе АОСБ). Кернеуі 110кВ-тан жоғары қондырғыларда май толтырылған және газ толтырылған кабельдер қолданылады. Соңғысы 10 және 35кВ кернеуге де арналып жасалынады. Әуе кеңістігінде және жерде төселетін кабельдердің маркалары
Кабель желілерінің құрылысы. Үш желілі кернеуі 10кв дейінгі кабельдер сыртында қағаз оқшауламасы бар секторлы желілерден тұрады. Қағаз оқшауламаға қою, арнайы сұйық сіңдіріледі, ал кабельдің сыртқы бөлігі қорғасын немесе алюминий қабықшамен (оболочкамен) қапталады. Әрбір мыстан немесе алюминийден жасалынған сектор формалы желілерге бірнеше қабат етіп оқшаулама орайды. Оқшаулама ретінде арнайы сұйық сіңдірілген кабельдік қағаздан жасалынған ленталар қолданылады. Осылай оқшауламаланған желілерді бір-бірімен орайды, ал желілер арасындағы бос кеңістікті сульфат қағазынан жасаған жгуттармен (арқаншалармен) толтырады. Сонан соң желілердің сыртына жалпы белдеулік оқшаулама орайды. Желілер арасында орналасқан арқанша (жгут) кабель сұйығының оның ұзындығы бойымен қозғалуына кедергі жасайды, осыған байланысты кабельдің қызмет ету мерзімін ұзартады, сонымен қатар кабель изоляцияның электрлік беріктігін күшейтеді.
10-1 сурет. Кернеуі 35 кВ қою арнайы сұйық сіңдірілген кабель.
Кернеулігі 20-35кВ үш желілі кабельдер жеке қорғасындалған желілерден тұрады (10-1 сурет). Кабельдің желілері - 1 қағаз оқшауламамен- 2 қапталған. Оқшауламаның сыртында жерге жалғанған қорғасыннан жасалынған қабықша -3(экран) орналасқан. Осы экранның арқасында электр өрісі бірқалыпты болып тұрады, ал кабельдің оқшауламасы тиімді пайдаланылады. Қорғасындалған желілердің арасындағы қуыстар арнайы сұйық сіңдірілген кабельдік өрмемен - 4 толтырылады, үш желілер бір-бірімен өріліп оралады, оларды тұтастырып тұру үшін матадан жасалынған лентамен немесе кабельдік өрмемен - 5 қаптайды және оның сыртынан бронь - 6 оралады. Бронь коррозияға қарсы сыртқы жағынан ерітілген сағыз сіңдірілген кабельдік өрмемен - 7 қорғалады. Кернеуі 110 және 220 кВ айнымалы тоқ желілері үшін қолданылатын кабельдер газбен немесе маймен толтырылады. Көбінесе төменгі, орташа және жоғары қысымды май толтырылған кабельдер қолданылады. Кернеуі 110кВ төмен қысымды кабель 10-2 суретте бейнеленген. Кабельдегі тоқ өткізгіш желі екі қабаттан тұрады, ал ортасында май жүріп тұратын канал орналасқан.
10-2 сурет. Кернеуі 110кВ май толтырылған жоғары қысымды кабель желісі.
Жасалынған оқшауламасының қалыңдығы 12мм. Коррозия мен механикалық зақымдалулардан қорғау үшін кабельдің сырты ерекше қабықшамен (мысалы, полиэтиленмен) қапталады. Орташа қысымды май толтырылған кабельдің төмен қысымды кабельден айырмашылығы, оның қорғасын қабықшасының сыртынан мыс лента оралады. Орташа қысымды май толтырылған кабельдерден ұзындығы 4км дейінгі кабель тораптарын құрастыруға болады, бұл кезде аталған кабель торабын осы аралықта маймен қосымша қоректендіру қажет емес, бұл орташа қысымды кабельдің басты артықшылығы болып табылады. Жоғары қысымды кабельдің құрылысы 10-3 суретте көрсетілген. 1 2 3 4 5 6
103 сурет. Қорғасыннан жасалған жалғау муфтасы: 1-жіп орама; 2-кабельдің оқшауланған желілері; 3-қорғағыш қабықша; 4-ылғал шығатын саңылау; 5-қағаз лентадан жасалынған бандаж; 6-қорғасыннан жасалынған муфта.
Мұнда үш бір- фазалы кабельдер қысыммен май толтырылған болат құбырдың ішінде орналасады. Тоқ өткізгіш желі дөңгелек пішінді мыс сымдардан тұрады, олардың жалпы қимасы 270-550мм2 аралығында болады. Оқшауламаның қалыңдығы 110кв кабельдерде 12мм, ал 220кв кабельдерде 18мм тең. Оқшауламаның және жартылай тоқ өткізгіш қағаз лентаның сыртына тығыздалған мыс лента оралады, оқшаулама мен экранды механикалық жарақаттанудан қорғау үшін олардың сырты мыстан жасалынған екі жартылай шеңбер тәріздес сымдармен өріледі. Құбырдағы майдың қысымының жоғары болуы (15ати) кабельдің жақсы электрлік беріктіктігін қамтамасыз етіп отырады, ал құбырдың диаметрінің үлкен болуы бір ғана орталықтан маймен қоректендірілетін ұзындығы 5-10км дейінгі электр желілері торабын құруға мүмкіндік туғызады.
Date: 2015-05-23; view: 10775; Нарушение авторских прав |