Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқшаулағыштар
Айырғыштарды мынадай түрлерге бөледі: тірек болатын, өткелдік және аспалы. Айырғыштар олардың орнатылған ауданындағы тағайындалуына және нақтылы көрсетілген кернеуіне, сондай-ақ ауаның ластануына сәйкес, олардың электрлік және механикалық сипаттамаларын анықтайтын бірқатар талаптарға жауап беруге тиісті. Электрлік сипаттамаларға мыналар жатады: нақтылы көрсетілген кернеу, тесіп өтетін кернеу, өнеркәсіптік жиіліктің құрғақ күйдегі және жауын астындағы ажыратылатын және ұзақ уақыт тұратын кернеулер, екі жағының да полюстері бар импульстық 50%-дық ажыратылатын кернеулер. Айырғыштың басына білікке перпендикуляр бағытта қосылған ең төменгі қиратушы әлеует Н, сондай-ақ айырғыш басына білікке перпендикуляр бағытта қосылған күштің бастың тігінен ауытқуына деген қатынасы немесе қаттылығы Н/мм негізгі механикалық сипаттама болып табылады. Тіреуіш айырғыштардың қаттылығы олардың құрылысы мен нақтылы көрсетілген кернеуіне байланысты. Қоса алғанда 35 кВ-қа дейінгі кернеуге арналған айырғыштардың биіктігі салыстырмалы түрде аз болғандықтан қаттылығы өте жоғары болады. Анағұрлым жоғары кернеулерге арналған айырғыштардың биіктіктері үлкен және қаттылықтары аз болады. Ол оның құрылысына байланысты ПО кВ 150-200 Н/мм және 220 кВ айырғыштары үшін 300-ден 2000 Н/мм-ге дейінгі көрсеткішті құрайды. Бұл КЗ кезінде айырғыштардың бастары электромагниттік күштердің өткізгіштерге тигізген әсерінен өзінің қалыпты тәртібінен айтарлықтай ауытқиды деген сөз. Алайда айырғыштар олардың басына түсірілген әлеуеті төменгі қиратушы әлеуеттен аспайтын болса бұзылмайды. Тіреуіш оқшаулағыштар жерге жалғанған металл немесе бетон құрылғылардағы шиналарды немесе аппараттардың ток өткізгіш бөліктерін айыру және бекіту үшін, сондай-ақ бағаналардағы әуе сымдарының өткізгіштерін бекіту үшін арналған. Оларды өзекті (стерженьді) және қазықтық деп бөлуге болады. ИО серияларын ішкі орнату үшін қажетті өзекті тіреуіш айырғыштарын 6-дан 35 кВ-қа дейінгі нақтылы көрсетілген кернеу үшін жасап дайындайды. Олардың бір шағын қабырғасы бар фарфордан жасалған конус түріндегі тұрпаты бар. Төменгі және жоғарғы жағынан айырғышты негізгі тұғырға және өткізгішті айырғышқа бекіту үшін қажет металл бөлшектер (армировка) қарастырылған. Фарфор дененің биіктігі нақтылы көрсетілген кернеумен анықталады. Дененің диаметрі мен металл бөлшектердің түрі ең төменгі қиратушы әлеуетпен анықталады: соңғысы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым негізгі тұғырдағы айырғыш мықты етіліп орнатылуға тиісті. Айтарлықтай механикалық әлеуетке есептелген айырғыштардың төменгі жағында болттарға арналған тесіктері бар төртбұрыш фланецтері бар, ал жоғарғы жағында – шинаны ұстап тұрушы мен өткізгішті бекіту үшін қажет ойылған тесіктері бар металл қалпақтары бар. Арматураның бөлшектері айырғыштың денесін қапсыра орап тұрады және фарформен цемент қоспасы арқылы жалғанған.
12 сурет. Төртбұрыш фланеці мен 13 сурет. ИОС 110 кВ сериясын қалпағы бар ИО 10 к В с сериясын сыртқа орнатуға арналған тіреуіш ішке орнатуға арналған тіреуіш өзекті айырғыштары
ИО сериялы айырғыштарды 3,75-тен 30 кН-ға дейінгі ең төменгі қиратушы әлеуетпен жасап дайындайды. ИОС сериясын (13 сурет) сыртқа орнатуға арналған тіреуіш өзекті айырғыштары жоғарыда суреттелген конструкциядағы айырғыштардан жауын астындағы ажырату кернеуін өсіруге мүмкіндік беретін анағұрлым дамыған қабырғаларымен ерекшеленеді. Оларды 10-нан 210 кВ-қа дейінгі нақтылы көрсетілген кернеулер үшін дайындап жасайды. Ең төменгі қиратушы әлеует 3-тен 20 кН-ға дейінгі аралықта болады.
14 сурет. 245 кВ көпэлементті 15 сурет. ОНШ 35 кВ сериясын тіреуіш айырғышы (мультикон) сыртқа орнатуға арналған тіреуіш қазықты айырғыш 16 сурет. 10 кВ, 250-630 А-ны ішке орнатуға арналған өтпелі оқшаулағыштар Өтпелі оқшаулағыштар өткізгішті трансформаторлар мен аппараттардың жерге жалғанған қаптамалары, ғимараттардың қабырғалары мен жабындылары арқылы өткізгішті жүргізу үшін арналған.
17 Сурет. Іште орналастыру үшін өтпелі оқшаулағыш 20 кВ, 8000-12500 А Негізгі әдебиеттер: 1 [29-48] Қосымша әдибиеттер: 1 [391-435] Бақылау сұрақтары:
Date: 2015-05-23; view: 4335; Нарушение авторских прав |