Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Делген иілгіш өткізгіштер
РУ 35 кВ-та және жоғарыда қатты шиналар мен қатар иілгіш көпсымды болат пен алюминийден тұратын өткізгіштер, сондай-ақ араларында аралық төсеніштері бар екі, үш және төрт сымнан тұратын бумалар қолданылады. Өткізгіштің мұндай құрылғысы жұмысшы токтың өсуіне және коронирленуді болдырмауға мүмкіндік береді. РУ 50 кВ-да және одан жоғарысында ПА 500 және ПА 640 маркалы іші қуыс алюминий өткізгіштерді (11 сурет) және осындай сымдардан құралған бумаларды қолданады. Бұл иілгіш өткізгіштер диаметрі 45 және 59 мм болатын және сәйкесінше 1340 және 1680 А болатын рұқсат етілген әлеуеті (нагрузкасы) бар фасонды қимадан тұратын сымдардан тоқылған. Өткізгіштердің қимасы мен олардың фазадағы санын коронирленуді болдырмау үшін келіп қосылатын жұмысшы токқа және нақтылы көрсетілген кернеуге сәйкес таңдап алады. Рұқсат етілген токтық әлеуетті көбейту үшін фазадағы өткізгіштердің жалпы қимасын үлкейтсе болғаны. Коронирленуді өткізгіштердің санын немесе олардың диаметрін өсіру арқылы жоғалтуға болады. ПО-дан 1150 кВ-қа дейінгі нақтылы көрсетілген кернеуі бар РУ үшін коронирленуді болдырмайтын жалғызданған өткізгіштер мен бумадағы өткізгіштердің ең кіші қималары, сондай-ақ рұқсат етілген жұмысшы токтар төменде көрсетілген: Таблица 2
Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, АС маркалы жалғызданған өткізгіштер қоса санағанда 220 кВ кернеу мен 1050 А-ге дейінгі жұмысшы ток жүрген кезде қолданылуы мүмкін. Үлкен нақтылы көрсетілген кернеу мен үлкен жұмысшы ток жүрген кезде бірнеше сымдардан тұратын бумалар керек. 500 кВ-тық кернеу кезінде АС маркалы 2440 А рұқсат етілген тогі бар екі өткізгіш немесе ПА 640 маркалы 1680А рұқсат етілген тогі бар бір өткізгіш қолдануға болады. Үлкен жұмысшы ток жүрген кезде рұқсат етілген токты 3360А-ге дейін өсіруге мүмкіндік беретін ПА 640 маркалы екі өткізгіш алып қолданған жөн. Осы кезде бумадағы сымдардың саны ең аз болып шығады, алюминий шығыны мен айырғыштардың тізбектерінің саны азаяды, құрастырып орнату жұмыстары жеңілдейді. Date: 2015-05-23; view: 1734; Нарушение авторских прав |