Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электр энергиясын тарату режимі
Жеке өндірістермен, қалалармен ауыл тұтынушыларымен электр энергиясын тұтыну тәулік және жыл ішінде бір қалыпты емес, себебі өндірістер бірдей емес жуктелумен бір, екі және үш сменада жұмыс істейді, сменалар арасында үзілістер болады, жазғы уақытта жұмыс режимі өзгереді, мерекелік күндер, сондай-ақ сыртқы факторлар: тәуліктің жарық бөлігінің ұзақтығы, ауа температурасы және т.б. Қысқы уақытта, таңғы және кешкі сағаттарда өсетін, күндіз және түнде, жазғы уақытта төмендейтін шамдар жүктемесі едәуір бірқалыпсыздық енгізеді. Электр энергиясын тұтыну режимі жүктеме графигімен көрсетілуі мүмкін – активті, реактивті немесе толық қуаттың уақыттан тәуелділігі. Аптаның әртүрлі күндері үшін және жылдың әртүрлі кезеңдері үшін тәуліктік графигі болады (қыс, жаз, көктем, күз), сондай-ақ жылдық графиктер. Мысал ретінде қосалқы станцияның 1 суретте тәуліктік графигі келтірілген: көбнесе жарықтандыру жүктемесі бар (1., а сурет); екі сменада істейтін жеңіл өнеркәсіп өндірісі (1., б сурет); үш сменада жұмыс істейтін мұнай өндіру зауыты (1., в сурет). Тәуліктік графиктерге тән шамалар болып: Рmax максимум, Рmin минимум, Рcp орташаа сондай-ақ жүктеменің бірдей емес коэффициенті Kнр = Рmin/Рmах. 1 Сурет. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік графигі: а - көбнесе жарықтандыру жүктемесі бар; б - екі сменада істейтін жеңіл өнеркәсіп өндірісі; в - үш сменада жұмыс істейтін мұнай өндіру зауыты
Қысқы, көктем-күз және жаз күндері үшін жылдық графиктерді (1 сурет) тәуліктік графиктер сипаты бойынша құрады. Осы кезде ордината бойынша ұуатты, абсцисса өсі бойынша 0 ден 8760 сағ. дейін олардың мәні бойынша орналастырады. Графиктердің осындай құрылуы кезінде Р1 ординатасына сәйкес келетін t1 абсциссасы, жүктеме бірге тең немесе Р1 асатын мерзімді, уақытты сағатта көрсетеді. Мұндай графиктерді ұзақтығы бойынша құралған графиктер деп атиалады. Жылдық график ауданы жыл ішінде тұтынылған W электр энергиясы масштабына сәйкес келеді. W/Рmах=Тmах қатынасын максимум жүктемені қолдану ұзақтығы деп атайды, сағ/жыл. Әртүрлі өндіріс салаларының, қалалардың, ауылдың электр жүктемесінің графигі болатын масимум жүктемені, электр энергиясын тұтынудың режимі мен өлшемін болжауды мүмкін етеді және жүйе дамуын жобалауды негіздеуді мүмкін етеді. Тұтынушылардың жүктеме графигі бірқалыпты болған сайын, электр энергиясының да жүктеме графигі бірқалыпты болады, сонымен электр станциясының үнемді жұмыс істеуін қамтамасыздандыру жеңіл.
Date: 2015-05-23; view: 1675; Нарушение авторских прав |