Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция №1





Тақырыбы:

1. Қазақстан энергетикасы, тарихы мен дамуы

2. Энергожүйе. Электр станциаларының түрлері және олардың ерекшеліктері.

 

№ 1.

Революцияға дейінгі Қазақстанның барлық электр станцияларының жылдық электр өнімі (1,3 млн.кВт) механикаландырған бір совхоздың тұтынатын электр энергетикасынан 2-3 есе аз болды. Бұл, негізінде Ертіс өзенімен Қазақстан республикасының тау-кен рудалы кәсіпорындарына қызмет ететін кішігірім электр станциялары болатын.

Қазақстанның энегетикасының дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

 

Ші кезеңге 1920 жылдар кіреді. Бұл кезеңде Орталық Қазақстанда Қарсақпай және Шығыс Қазақстандағы Глубоков электр станциялары салынған болатын, олар мыс балқыту зауыттарын электр мен қамтамсыз ету мақсатында жұмыс істеген болатын. 1928 ж. Риддер жанындағы қуаты 3 мВт Жоғарғы Хариуз су электр станциясы іске қосылды. Бұл станция Қазақстан су энергиясы құрылысының бастамасы болды. Бірінші кезеңнің аяғына таман республиканың электр станцияларының қуаты - 9 мВт, ал электр комбинатының жылу электр орталығы (1935ж), Алға қаласындағы Ақтөбе химия комбинатының ЖЭО (1935ж), Қаратау ЖЭО (1935ж) іске қосылды. 1937 ж. Балқаш қаласында Қазақстандағы ең ірі ЖЭО іске қосылды. Осы жылы Шығыс Қазақстан облысында қуаты 27,6 мВт Ұлба су электр станциясы пайдалануға берілді. Екінші кезеңнің аяғында бірқатар ірі энергетикалық обьектілер, Ертіс ГЭС-і, Қарағанды ГРЭС-і салынга бастады. Екінші кезең - негізінен республиканың энергетикалық базасының қалыптасу кезеңі.

1940ж. Қазақстан барлық электр станцияларының қуаты 224 мВт- қа жетіп, электр станциялардың өнімі – 0,63 млрд.кВт-сағ. болды.

3-ші кезең – Қазақстан энергетикасының дамуындағы елеулі кезең. Оған сұрапыл соғыс жылдары кіреді. 1942 ж. 1- Қарағанды ГРЭС-і іске қосылды. Оның іске қосылуы елімізде тапшы болып отырған көмір өндіруді тездетуге мүмкіндік туғызды. Дал сол 1942 жылы Ақтөбе ЖЭО – ғы пайдалануға берілді. 1943 ж. 1- Петропавл ЖЭО (ТЭЦ), 1944ж. 1- Текелі ЖЭО-ғы және Шымкент май комбинатының ЖЭО-ғы салынды. 1944 ж. Алматы су электр станциясының алғашқы екеуі, келесі жылы тағы да 2 су электр станциялары іске қосылды. Олардың нәтижесінде соғыс жылдарында электр станцияларының қуаты 1,8 есе өсіп, 382,5 мВт-қа жетті.

Қазақстан энергетикасының дамуының келесі кезең і – соғыстан кейінгі энергетикалық базаның қарқынды даму кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде электр станцияларының қуаты 6,5 есе өсіп, 1960 ж. Басында электр энергия өнімі 2,53 млн.кВт-сағатқа жетті. Қуат өндірудің жылдық орташа мөлшері соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7,5 есе артты.

1952 ж. Өскемен су элетр станциясы іске қосылды. 1960ж. Бұқтырма су электр станциясының 1-ші кезегі берілді. 1952 д. 1-ші Озерная СуЭС, ал 1959ж. 2- ГЭС іске қосылды. 1942 ж. Өскемен ЖЭО іске қосылды. 1952 ж. Жезқазған және Жамбыл ЖЭО, 1956ж. Лениногор ТЭЦ-і, ал 1956ж. Қарағанды металургия зауытының ТэЦ-і және 2- Текелі ЖЭО іске қосылды. Оның үстіне мына электр станциялары кеңейтілді: 1-Қарағанды ГРЕС-і, Балқаш ТЕЦ-і, Кентау және Алматы ЖЭО, т.б.

 

Қазақстан энергетикасының соңғы кезеңі 1960 жылдардан бері басталады. Мысалы, 1958-1968 жылдар аралығында электр станциялардың қуаты3,3 есе артты. Осы уақыт ішінде 2- Петропавл ЖЭО(1961ж.), Алматы ГРЕС-і (1962ж.), 4- Жамбыл ТЕЦ-і (1963ж.), 1- Павлодар ТЕЦ-і (1964ж.), ж.б. салынып, пайдалануға берілді. 1985 ж. 1- Екібастұз ГРЕС-і, (1993ж.) 2-ші Екібастұз ГРЕС-і іске қосылды.

 

 







Date: 2015-05-23; view: 1665; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию