Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Озғалысының тәртібі





1.31. ТПЕ-нің 16.25-тармағына сәйкес, жекелеген телімдерде сигнал беру
мен байланыстың өзінше құралы ретінде автоматтық локомотивтік сигнал
беру қолданылуы мүмкін.

Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру мен байланыстың өзінше құралы ретіндегі автоматтық локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған темір жолдың телімдерінде поездардың локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша екі жақты қозғалысы қамтамасыз етіледі (сонымен қатар қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша).

Аралықтағы блок-телімдердің шекаралары ретінде жарық шағылыстырғыштары мен блок-телімдердің нөмірлері көрсетілген сандық литерлік кестелері бар. «Блок-телімнің шекарасы» деген сигналдық белгілер

табылады.

Аталмыш телімдердегі қозғалысты ұйымдастыру принципы автоматтық блоктау кезіндегі қозғалысқа ұқсас.

1.32.Поездың алғашқы блок-телімді басып тұруына рұқсат ретінде ло-

комотивтік бағдаршамның тиісті көрсетуі кезінде шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі, ал одан кейінгі блок-телімдерді басып тұруына рұқсат ретінде - локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуді көрсетуі қызмет етеді.

1.33.Поезды аралық арқылы жүргізу тәртібі осы Нұсқаулықтың 1.5-
тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас болады.

Оттары өшіп тұрған ескерту (кіру алдындағы) бағдаршамнан локомо-тивтік бағдаршамның көрсетулерін басшылыққа алумен жүріп өтуге рұқсат етіледі.

1.34. Поездарды станциялар бойынша қабылдау, жөнелту және өткізу
ісі осы бөлімде баяндалған тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте
осы тармақта ескерілеген төмендегі қосымша шарттар орындалуы тиіс:



а) дара жолды аралық пен қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша
қозғалыс бағытын негізгі режимде өзгерту ісін поезд диспетчерінің ауызша
нұсқауы бойынша, ал қосалқы режимде - поезд диспетчерінің тіркелетін
бұйрығы бойынша екі станцияның кезекшілері жүргізеді;

б) маршруттық нұсқағыштар немесе топтық шығу бағдаршамдарының
қайталғыштары ақауланған жағдайда немесе поездың басы қайталағыш
бағдаршамның артында болса, топтық шығу бағдаршамы ашық тұрған кез-
дегі поезды жөнелтуге рұқсат радиобайланыс арқылы локомотив машини-
сіне төмендегі тіркелетін бұйрық арқылы беріледі:

... бұйрық. Уақыты ... (сағ. минут)

« № ... поездың машинисі... жолда ... топтық сигналы Сіз үшін ашық. Локомотивтіксигнал беру жарамды болған жағдайда жөнелуге рұқсат етемін. ДСП...».

в) поезды шығу бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жөнелту
үшін поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне радиобайланыс
арқылы төмендегі тіркелетін бұйрық арқылы беріледі:

... бұйрық. Уақыты ... (сағ. минут)

«№... поезға... жолынан... басты жол арқылы шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жөнелтуге және аралыққа шыққанша сағатына 20 км-ден аспайтынжүріп, ал арықарай локомотивтік бағдаршамның сигналдарын басшылыққаалуға рұқсат етемін. ДСП...».

1.35. Автоматтық локомотивтік сигнал берудің қызметін тоқтату қажет
болатын ақаулықтарға төмендегілер жатады:

а) қатарынан үш және одан да көп блок-телімдердің жалған түрде бос
болмауы;

б) қозғалыс бағытын қосалқы режимдегі қолтұтқалардың
(батырмалардың) көмегімен дара жолды аралықта және егер де қозғалыс
багыты теріс жол бойынша белгіленген болса қос жолды аралықта өзгертудің
мүмкін еместігі;

в) аралықта іс-жүзінде поезд тұрған кезде блок-телімнің бостығы

жөніндегі бақылаудың (локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсетуінің) болуы.



Жоғарыда аталған жағдайларда, сонымен қатар поезды станция-дан немесе поезды кодталмаған жолдан жөнелту алдында локомотивтік бағдаршамның кез келген ақаулылығын анықтаған кезде автоматтық локо-мотивтік сигнал берудің жұмысы жабылады және поездардың телефондық байланыс құралдары бойынша қозғалысы белгіленеді.

1.36.Телефондық байл аныс құралдарына ауысу мен автоматтық локомотивтік сигнал берудің қызметін қалпына келтіру тәртібі осы Нұсқаулықтың 1.25-1.30-тармақтарында баяндалған.

Бұл ретте диспетчерлік бұйрықтар мен поездық телефонограммалардың мәтініндегі «автоблоктау» сөзі «автоматтық локо-мотивтік сигнал беру» деп өзгертіледі.

1.37. Поездар осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қозғалған кездегі
сигнал беру мен байланыстың өзінше құралы ретіндегі автоматтық локомо-
тивтіксигнал беру құрылғыларымен жабдықталған телімдердегі қозғалысты
ұйымдастырудың нақты тәртібі «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы бекітетін жер-
гілікті нұсқаулықтарында белгіленеді және станциялардың техникалық-
жарлық актілерінде көрсетіледі.







Date: 2015-05-19; view: 384; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию