Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Автоматтық блоктау кезіндегі поездардың қозғалысы





1.1. Қосбағытты қозғалысқа арналған автоблоктаумен жабдықталған
дара жолды телімдердегі қозғалыс қос бағытта жүзеге асырылады.

Әрбір жол бойынша бір жақты, сондай-ақ екі жақты автоблоктауы бар қос жолды аралықтарда жұп поездарының қозғалысы бір ғана басты жолмен, тақ поездарының қозғалысы - екінші басты жол бойынша жүзеге асырылады, аталмыш жолдардың әрқайсысы осы бағыттағы поездар үшіндұрыс болып табылады.

Екі жақты автоблоктауы бар қос жолды аралықтарда егер жолдың әрқайсысы көбінесе бір бағыттағы поездарды өткізуге арнап жабдықталмаған болса, әрбір жол арқылы қос бағыттағы қозғалыс Дара жолды қозғалыс ере-желері бойынша жүзеге асырылады.

Осындай және көп жолды аралықтардағы әрбір басты жол арқылы қозғалу тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

1.2. ТПЕ-нің 16.27-тармағына сәйкес автоблоктау кезінде:

а) поездың блок-телімде тұруына рұқсат ретінде шығу және кіру
бағдаршамының рұқсат ету шамы қызмет етеді;

Б) айрықшалық ретінде, созылмалы көтерілулерде орналасқан өту бағдаршамдарында (кіру бағдаршамдарының алдында орналасқандарынан басқа) әрбір жеке жағдайда «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен шартты-рұқсат етуші сигнал - Т әрпі түріндегі шағылыстырғыш белгісі бар қалқанды орнатуга жол беріле- ді. Аталмыш сигналдың болуы жүк поезы үшін бағдаршамның қызыл шамына тоқтаусыз өтіп кетуге рұқсат болып табылады. Бұл ретте ма- шинист поезды бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрған кезде аса абайлықпен сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен өтіп және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса поезды шұгыл тоқтатуға даяр болатындай түрде қозғалуы тиіс.

В) поезд қызыл шамы жанган өту бағдаршамының, сондай- ақ шамы түсініксіз немесе сөніп қалған бағдаршамның алдында тоқтағаннан кейін, егер машинист алдағы блок-телімді поездың ба- сып тұрғанын көрген не білген жағдайда блок-телім босағанша оған қозғалуды жалғастыруға тыйым салынады. Егер машинист алдағы блок-телімде поездың бар-жоғын білмесе, тоқтаганнан кейін автоте- жегіштерді тежелу жағдайынан шығаруы тиіс, және, егер осы уақыт ішінде бағдаршамның рұқсат етуші шамы жанбаса, поезды келесі бағдаршамға қарай сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен аса абайлықпен және бұдан арғы қозғалысына кедергі кездесе қалса по- езды нгұғыл тоқтатуға даяр болатындай қозғалуы тиіс.

Date: 2015-05-19; view: 793; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию